Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

6. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау, энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасын атаңыз

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жетілген техника, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың үздіксіз артуы себепті әр түрлі энергияны тұтыну көлемі, еңбектің энергия сыйымдылығы артып отыр.

Энергетикалық қызметтің сапалы жұмысы кәсіпорын экономикасына үлкен әсер етеді. Бұл энергия шығындарының өнімнің өзіндік құнында біршама артуымен анықталады, әсіресе металлургия, химия өнеркәсіп салаларында. Энергиямен қамсыздандырудың қысқа мерзімдік үзілулері өндіріс жүрісінің бұзылуына, шығындарға әкеліп соқтырады.

Энергетикалық шаруашылық міндетіне- уақытылы және толық түрде барлық бөлімшелердің әр түрлі энергиямен бекітілген параметрлерде қамтамасыз етілуі; энерго жабдығын жөндеу бойынша жұмыстарды орындау; үнемді энергияны тұтынуды қамтамасыз ету; оның шығындарын төмендету кіреді.

Энергиямен қамсыздандыру кәсіпорынның қызметі қалалық энергетикалық және жылу жүйелерін, газбен қамсыздандыру жүйесінен орталықтандырылып та және жеке өзінің энергияны өндіруі, яғни жылу орталықтарда, компрессорлық станцияларда т б мүмкін. Анағұрлым тиімді деп орталықтандырылған энергиямен қамсыздандыру есептеледі, мұнда энергиямен қамтамасыз етудің үнемділігі мен сенімділігі артады.

Ірі кәсіпорында энергиялық шаруашылық:

Электрлік күштік жабдықтардан, трансформаторлық қондырғылардан, компрессорлық, мұздатқыш, вентиляциялық жылу жабдығынан тұрады.

Телефондық, теледидарлық және радиобайланыстар құралдарынан тұрады.

Энергия жабдығын жөндеу бойынша цехтардан тұрады.

Электрлік, бу, ауа, газ жүйелері.

Ірі кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылықты бас энергетик бөлімі жүзеге асырады, ал кіші кәсіпорында бұл функцияларды бас механик бөлімі жүзеге асырады. Олар энергия шығындарын нормалайды, оның тұтынуына есеп пен бақылау жүргізеді, энергиямен қамсыздандыру балансын өңдейді, энергияны үнемдеу шараларын және энергия жабдығын жөндеуді ұйымдастырады.

Энергия жабдығын жөндеу энергетика жөндеу цехінің күшімен жоспарлық-ескерту жөндеуі жүйесі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын тұтынатын энергия номенклатурасы өнім түріне, техника мен өндіріс технологиясы сипатына және бірқатар ерекшеліктеріне байланысты болады. Кәсіпорындағы тұтынылатын энергия мақсаттық тағайындалуы бойынша бөлінеді: қондырғылық, технологиялық (термиялық, химиялық және басқа процестер үшін), жылыту, жарықтандыру, санитарлық-винтиляциялық.

7 . Өндіріс өнімін өңдеудің шығындарын құрудың ерекшеліктері

Өнімнің өзіндік құны экономикалық негізгі қасиеті бар және оның жалпы деңгейіне әр түрлі әсер ететін көптеген шығындар түрінен құрылады.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар құрамына іріленген түрінде мына төмендегілерді қосуға болады:

- өнімнің жаңа түрлерін дайындау және игеру үшін қажетті шығындар;

- өнімнің жоспарланған көлемін өндіру мен сату үшін қажетті шығындар;

- кадрларды дайындау және қайта дайындау үшін шығындар;

- өнімнің сапасын және бәсекелестігін жоғарылату үшін қажетті шығындар;

- техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін қаражаттар.

Өзіндік құн құрамында аталған шығындардан ең көп үлес алатыны, сөзсіз, жоспарланған өнім келемін өндіру және сату үшін қажетті ағымдық шығындар.

Салалар бойынша өзіндік құнды құрайтын шығындардың құрамы бірдей емес. Мысалы, кен өндіру өнеркәсібінде өнімнің өзіндік құнында шикізат сияқты шығын түрі жоқ. Ал өңдеу өнеркәсібінде шикізат шығындардың мыңызды түрі болып табылады.

Өндірілетін өнімнің заттык негізін құрайтын шикізаттардан бөлек, өнеркәсіп көптеген басқа да өнімнің құрамына енгөнімен, бірақ оның негізі болмайтын материалдарды пайдаланады.

Шикізатпен бірге өнімнің заттай мазмұнын кұрайтын мұндай материалдар негізгі материалдар деп аталады.

Тек технологиялық үдерісті орындауға ғана әсер ететін материалдар көмекші материалдар деп аталады.

Жоспарлау және есепке алу тәжірибесінде технологиялық мақсаттарға пайдаланатын отын және энергия жеке-дара көрсетіледі, себебі олар өнеркәсіп өнімінің өзіндік құнының елеулі көлемін құрайды және сонымен қатар оның деңгейіне елеулі әсер етуі мүмкін.

Шикізат, негізгі және көмекші материалдар, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның барлығы материалдық шығындар болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнында оны өндіру және сату үдерісінде пайдаланатын негізгі қорлардың құны да бейнеленеді. Негізгі қорлардың құны өзіндік құнға олардың тозуына сәйкес келетін мөлшерде амортизациялық аударымдар ретінде қосылады.

Материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдардан басқа өнімнің толық езіндік құнының кұрамына кэ-сіпорындағы жұмыскерлердің барлық санатының еңбекақысын қамтитын еңбекақы қоры түріндегі еңбек шығындары кіреді.

Еңбекакымен қатар өнімнің өзіндік құнына әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер (әлеуметтік салык және әлеуметтік сақтандыру қоры) кіреді, бұлар еңбекакы қорынан заң бойынша бекітілген пайызбен анықталады.

Аталғандардан басқа мазмұны жағынан материалдық та, еңбек шығындарына да жатпайтын өзге де акшалай шығындар тобы бар. Бұларға жататындар: кеңселік, пошталық, телеграфтық шығындар, телефонға төлемдер, іссапар шығындары, кеңестерге төлем, банкте есеп айырысу жұмысын жүргізу ақысы, ақпараттық қызмет, несие пайыздары, салықтың кейбір түрлері.

Әр түрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты әр түрлі экономикалық мыңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалык жағынан әр түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік кұн бірдей емес.

Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:

- материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп тастағанда);

- еңбекақыға кеткен шығындар;

- әлеуметтік салыктарға аударымдар;

- негізгі қорлардың амортизациясы;

- басқа да шығындар.

Экономикалық элементтері бойынша шығындарды саралау өндіріске қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданылады, он-ың ішінде өндірістіңтехникалықдеңгейі, еңбексыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді.

Калькуляцияның баптары бойынша шығындарды саралау өзінің ерекшеліктеріне байланысты әрбір өндіріс саласында бір-бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонда да болса қазіргі кезде төменгі баптар бойынша жіктеледі:

- шикізат пен материалдар;

- қайтарылатын қалдықтар (шегеріліп тасталады);

- сатып алынған бұйымдар, жартылай өңделген өнімдер және сыртқы мекемелердің өндірістік сипаттағы қызметтері;

- технологиялық максатта қолданатын отын мен энергия;

- өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысы;

- әлеуметтік салыққа аударымдар;

- үстеме шығындар;

- жалпы және әкімшілік шығындар;

- тауарлыматериалдық қорларды өткізу жөніндегі шығындар;

- пайыздарды төлеу жөніндегі шығындар.

Шығындарды баптар бойынша саралау пайда болған

орны және әрбір өнім түрлеріне жұмсалған шығындарды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, анықталған калькуляциялык бірлікпен шығын мелшерінің қатынасын анықтауға болады.