- •1. Халық шаруашылық жүйесіндегі энергетиканың мәнін сипаттап жазыңыз:
- •2.Көмір, газ және мұнай өндірісі бар қорлар.
- •3. Өндіріс айналымындағы активтер құрылымы-өндірістегі қорлар.
- •4. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржыға түсініктеме беріңіз.
- •Энергетикадағы еңбек өнімділігі көрсеткішінің ерекшелігі атап өтіңіз
- •6 Пайдаланылатын және жөндеуде істейтін қызметкерлердің түрлерін атаңыз
- •7 Жөндеудің тапсырмалары мен мәні, ағымды және күрделі жөндеу формаларына мысал келтіріңіз
- •8 Жөндеу түрлері, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формаларын түсіндіріңіз
- •9 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы
- •10 Кәсіпорынның энергияны үнемдеу жүйесіне мысал келтіріңіз
- •Энергетикада басқарудың мақсаты және функцияларын атаңыз
- •Салық салу принциптері және салық түрлерін атап өтіңіз
- •Инвестицияның мәні мен түрлері. Бизнес жоспардың құру негіздерін атаңыз
- •14. Өндірісті жетілдіру және оған әсер ету факторларына тоқталып өтіңіз
- •15. Кәсіпорын құрылымына қойылатын талаптар
- •1. Елдегі отын энергетикасы ресурстарының қазба көлемдерін көрсетіңіз
- •2 Елдегі электрлендіру және материалдық техникалық базасын құрыңыз
- •3.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастырудың қағидаларына тоқталып өтіңіз
- •4. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі және жібергендегі шығындарды құраушыларға сипаттама беріңіз.
- •5 Баға белгілеудің теориялық және практикалық негіздерін атаңыз
- •6. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау, энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасын атаңыз
- •7 . Өндіріс өнімін өңдеудің шығындарын құрудың ерекшеліктері
- •8 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындрына тоқталып өтіңіз
- •9. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығын басқарудың ерекшеліктері
- •11. Өнеркәсіпке қаржы жұмсалымдардың (капитал) масштабы мен тағайындалуы, экономикалық мазмұны
- •2. Ұйымдық әкімшілік әдістер
- •13 Нарықта энергетикаға сұраныс оны үнемдеу негіздеріне мысал келтіріңіз.
- •14. Кәсіпорын салықтарын талдаңыз және мемлекеттік бюджет жүйесіне мысал келтіріңіз
- •15. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылықтың жұмыс істеуіндегі жалпы шығындарын атап өтіңіз
- •1. Негізгі активтердің құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері.
- •3. Еңбекақы төлеу формаларын атаңыз
- •4. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру жүйесіне тоқталыңыз.
- •5.Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдармен істейтін қызметкерлердің негізгі функцияларын атап өтіңіз
- •6 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тәсілін таңдаудың әдістерін түсіндіріңіз
- •7.Кәсіпорынның өнім шығару жоспарының әдістерін анықтаңыз
- •8. Кәсіпорында энергияны тұтынды жоспарлау әдістері
- •9. Басқарудың классификациялық әдістері: Ұйымшылдық-реттеушілік, әкімшілді-құқықтық, экономикалық, моралды тәрбиелік басқаруларға мысал келтіріңіз.
- •10. Энергетикалық құрылыстың орташа бағасы және оны төмендетудің жолдарын көрсетіңіз
- •11. Жобаны өткізудегі алынатын табыс кестесін құрыңыз
- •12. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу формаларына кесте құрып көрсетіңіз.
- •13. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •14 Кәсіпорынның энергетикалық байлансының формаларының кестесін құрыңыз
- •15.Энергетикалық шаруашылықта негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерді кесте жүзінде көрсетіңіз
3.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастырудың қағидаларына тоқталып өтіңіз
Кәсіпорын жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштер деңгейі өндіріске техникалық және ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету қызметінің жұмыстарының сапасымен анықталады.
Кәсіпорындарды техникалық қайта құру мен қайта жарақтандыру қарқындарының арту жағдайында, кәсіпорындардың жоғарғы өнімді автоматтандырылған жабдықпен жарақтануы жағдайында өндіріс ырғақтылығы, еңбек өнімділігі, өнім сапасы мен өзіндік құны аталған қызметтердің жұмысының тиімділігіне байланысты болады.
Өндірісті ұйымдастыру мен техникалық қызмет көрсету қызметтерінің құрылымы өндіріс типі мен масштабына, дайындалатын өнім технологиясы мен құрылымдық ерекшеліктеріне, кәсіпорынның мамандану деңгейіне, оның басқа кәсіпорындармен кооперациялануына байланысты болады.
Көптеген кәсіпорындарда өндіріске қызмет көрсету шығындарының үлес салмағы жоғары. Бұл өндіріске қызмет көрсету жұмыстар көлемінің үлкендігімен сипатталады. Көмекші жұмыстарды механикаландыру мен автаматтандыру шығындарын қаржыландыру- бұл тиімді қаржы бөлу бағыттарының бірі болып есептеледі. Осы қызметтің жұмысының сапасы мен үнемділігін көтеру бағыттары бұл қызмет көрсету функцияларын оптимальді орталықтандыру мен шоғырландыру, анағұрлым тиімді технологиялық процестерді және қызмет ету жүйелерін пайдалану, қолдай еңбектің пайдаланылуын қысқарту, еңбек сыйымдылығы және ауыр еңбекті механикаландыру мен автоматтандыру болып табылады.
Бұл қызметтердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жоспарлауды, есепті, бақылауды және олардың жұмыстарын талдауды жетілдірудің, сондай-ақ еңбек ақының ынталандырушы жүйелерін пайдаланудың, жұмыскерлердің цехтар мен жұмыс орындарының тұрып қалуын болдырмауға материалдық қызығушылығын тудырудың үлкен маңызы бар.
4. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі және жібергендегі шығындарды құраушыларға сипаттама беріңіз.
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды еңгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорының жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (c+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Ол мынаған негізделеді: тауар бірлігінің құнын-өндіріс шығыны мен айналым шығыны құрайды. Айналым шығындарды өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын еңгізеді.
Тұрақты шығындар (TFC) – бұл сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер займ бойынша пайыз және т.б. жатады. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес.
Өзгермелі шығындар (TVC) – бұл ішкі ресурстарды қолдаумен байланысты шығындар. Олар шикізатты, материал мен жұмыс күшін және т.б. сатып алуға кеткен шығындардан тұрады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Егер өдіріс өссе, шекті шығындар алғашқыда кемиді, кейін ұлғаяды. Осы процесс фирманың максималды тиімділік нүктесі өнім шығарудың максималды және минималды деңгейінің арасында болған жағдайда ғана жүзеге асады. Егер шығарылған өнім ұлғайып, бірақ сол нүктеге жетпесе, әрбір қосымша өнім берілген (шекті шығындар) өндіру шығындары төмендетеді. Максималды тиімділік нүктесіне жеткеннен соң, табыстың төмендеу заңы күшіне енеді және шекті шығындар өседі.
Мысал келтірейік. Айталық, 300 мың долл. шығынданғанда 1 млн. долл. табыс табуға болады, ал басқа тауарға бағыт бұрғанда, сол 1 млн. долл. табысты табу үшін шығындар 200 мың. долл. өседі. Мұндай талдау ең дұрыс тиімді шешімді таңдау үшін қажет.
Қазіргі рыноктың экономикада өндіріс көлемін есептеу шекті табыс пен шекті шығынды салыстыруды қарастырады, себебі кезкелген өндіріс көлемін ұлғайту пайданың өсуіне алып келмейді. Демек, фирма одан барынша табыс табатындай өндіріс көлемін таңдауы қажет. Өндіріс көлемін оңтайландыруды анықтаудың екі әдісі бар:
бухгалтерлер – аналитикалық әдіс, бұл практикада жиі.
графикалық әдіс, теорияда қолданылады, практикада сирек кездеседі.
Еңбек шығындары нормалары келесі нормалармен мазмұндалады:
А) Уақыт нормасы- жұмыс бірлігін орындауға жұмсалатын жұмыс уақыт мөлшері;
Б) Өнімділік нормасы- белгілі бір уақыт бірлігінде жұмысшымен немесе жұмысшылар тобымен натуралдық бірлікте дайындалуы тиіс өнім көлемі;
В) Қызмет көрсету нормасы- бір жұмысшы немесе жұмысшылар тобы уақыт бірлігінде қызмет көрсетуі тиіс объектілер саны (жабдық, жұмыс орны, өндірістік аудан тағы басқа);
Г) Сандық адам нормасы- берілген жұмыс көлемін орындауға қажетті белгілі бір категорияның жұмыскерлері саны (жұмысшы, қызметші);
Д) Басқарылу нормасы- бір басшы басқаруы тиіс құрылымдық бөлімше немесе жұмыскерлердің шектеулі саны.
Жұмыс уақыт шығындар классификациясы. Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу, талдау мақсатында жұмыс уақыты классификацияланады.
Жұмыс уақыты- бұл жұмыскер берілген жұмысты орындауы тиіс жұмыс күн ұзақтығы. Ол жұмыс уақытынан және үзілістер уақытынан тұрады.
Жұмыс уақыты- бұл берілген жұмыс орындалуы тиіс жұмыс күн бөлігі. Ол өндірістік тапсырманы орындау уақытынан және кездейсоқ немесе өнімді емес жұмысты (ақауды жөндеу) орындау уақытынан тұрады.
Дайындау-аяқтау уақыты жұмыс орында кезектегі өндірілетін тапсырманы орындауға дайындау уақыты кіреді.
Оперативті уақыт өндірістік операцияны орындауға тікелей жұмсалып, әрбір өнім бірлігі үшін қайталанады. Ол негізгі (технологиялық) және көмекші уақыт деп бөлінеді.
Негізгі уақыт- бұл еңбек затының өзгерісі жүретін, яғни технологиялық процесс мақсаты орындалатын уақыт.
Көмекші уақыт- бұл негізгі жұмысты орындау үшін қажетті іс-әрекеттерге жұмсалатын уақыт (мысалы: жабдыққа бөлшекті бекіту, босатып алу, жабдықты басқару).
Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты- жұмыс сменасы бойы жұмыс орнын, жабдықты, аспаптарды күту уақыты. Бұл уақыт екіге бөлінеді: Ұйымдастырушының қызмет көрсету уақыты және техникалық қызмет көрсету уақыты.
Ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету уақыты- жұмыс сменасы бойы жұмыс орнын күту уақыты (мысалы: мена басында аспаптарды жайғау, смена соңында жұмыс орнын жинау).
Техникалық қызмет көрсету уақыты- нақты жұмыс бойы жұмыс орнын, жабдықты, аспаптарды күту уақыты (нашар аспапты ауыстыру, жабдықты реттеу. Кейбір өнеркәсіп салаларында (металл, химия) жұмыс орнын күту уақыты нормаланбайды, дайындау-аяқтау уақытына кіреді.
Қарастырылған уақыт шығындары жұмысшының қатысу деңгейіне байланысты бөлінеді: қолдай уақыт- машина мен механизмдер көмегінсіз орындалатын жұмыстар бөлігіне жұмсалады; машина-қолдай уақыт- жұмыс машина көмегімен жұмысшының қатысуымен орындалады; машиналық уақыт- бүкіл жұмыс көлемі жұмысшының қатысуынсыз орындалады.
Үзілістер уақыты- жұмысшы белгілі бір себептер бойынша қимылсыз болатын уақыты. Жұмыстағы үзілістер екіге бөлінеді: жұмысшыға байланысты және байланыссыз уақыт.
Жұмысшыға байланысты үзілістер:
жұмсалатын немесе қажеттілігіне жұмсалатын нормаланатын уақыт үзілісі;
еңбек тәртібін бұзуымен байланысты үзілістер.
Жұмысшыға байланыссыз үзілістерге: ұйымдастыру-техникалық себептерге байланысты үзілістер жатады (материалдың кешіктіріліп жеткізілуі, жабдық бұзылуы, бөлшектерді, өнімдерді тиеу-түсіру жұмыстары).
Өндірістік тапсырманы орындау барысындағы қажетті жұмыс уақыт шығындарының барлық түрлері уақыт нормасы құрамына кіреді. Ал жұмыстағы үзілістер мен өнімді емес жұмыс (еңбек тәртібін бұзуымен байланысты, ұйымдастыру техникалық бұзылыстарға байланысты болатын)- жұмыс уақытының жоғалған бөлігіне жатады да, уақыт нормасы құрамына кіреді.
Техникалық нормалау объектісі ретінде өндірістік операция саналады. Массалық өндірісті дайындау-аяқтау уақыты бір өңделуші өнім үшін 0-ге тең. Бұл жағдайда бірліктік уақыт нормасы анықталады: 2. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы
Шығындардың баптары бойынша өзіндік кұнды толық дэ-лелдеу шығындарды әр түрлі талдамалық топтастыру арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір сипаты бойынша барлық жиынтық шығындарға жүйелі шектеу қоятын жоғарыда көрсетілген саралаулардан бұның бір айырмашылығы - ондай мак-сатты алдына коймайды. Калькуляциялоіқ баптардың көмегімен барлық шығындар екіге бөлінеді, әрқайсысы топтасудың негізі болатын нышанға қатысы бар екенін көрсетеді.
Шығындарды талдамалық топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде негізгілері төмендегідей:
1. Шығындардың пайда болу орны бойынша өндірістік және кезең шығындары (коммерциялық) болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық шығындар деп аталады. Бұл кез келген кәсіпорнында міндетті түрде болатын айналыс шығындары. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар екіге бөлінеді: көліктік және өткізу шығындары. Дайын өнімді тасымалдау өндіріс үдерісінің жалғасы болып табылады және оның құрамына өнімді тиеуге, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау тарифтері кіреді. Өткізу шығындары буып түю және сорттау үшін, дайын өнімді сақтау үшін, қызметкерлердің еңбекақысына, іссапарына кеткен шығындарынан тұрады. Өндірістік және кезең шығындары өнімнің толық өзіндік құнын көрсетеді.
