- •1. Халық шаруашылық жүйесіндегі энергетиканың мәнін сипаттап жазыңыз:
- •2.Көмір, газ және мұнай өндірісі бар қорлар.
- •3. Өндіріс айналымындағы активтер құрылымы-өндірістегі қорлар.
- •4. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржыға түсініктеме беріңіз.
- •Энергетикадағы еңбек өнімділігі көрсеткішінің ерекшелігі атап өтіңіз
- •6 Пайдаланылатын және жөндеуде істейтін қызметкерлердің түрлерін атаңыз
- •7 Жөндеудің тапсырмалары мен мәні, ағымды және күрделі жөндеу формаларына мысал келтіріңіз
- •8 Жөндеу түрлері, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формаларын түсіндіріңіз
- •9 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы
- •10 Кәсіпорынның энергияны үнемдеу жүйесіне мысал келтіріңіз
- •Энергетикада басқарудың мақсаты және функцияларын атаңыз
- •Салық салу принциптері және салық түрлерін атап өтіңіз
- •Инвестицияның мәні мен түрлері. Бизнес жоспардың құру негіздерін атаңыз
- •14. Өндірісті жетілдіру және оған әсер ету факторларына тоқталып өтіңіз
- •15. Кәсіпорын құрылымына қойылатын талаптар
- •1. Елдегі отын энергетикасы ресурстарының қазба көлемдерін көрсетіңіз
- •2 Елдегі электрлендіру және материалдық техникалық базасын құрыңыз
- •3.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастырудың қағидаларына тоқталып өтіңіз
- •4. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі және жібергендегі шығындарды құраушыларға сипаттама беріңіз.
- •5 Баға белгілеудің теориялық және практикалық негіздерін атаңыз
- •6. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау, энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасын атаңыз
- •7 . Өндіріс өнімін өңдеудің шығындарын құрудың ерекшеліктері
- •8 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындрына тоқталып өтіңіз
- •9. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығын басқарудың ерекшеліктері
- •11. Өнеркәсіпке қаржы жұмсалымдардың (капитал) масштабы мен тағайындалуы, экономикалық мазмұны
- •2. Ұйымдық әкімшілік әдістер
- •13 Нарықта энергетикаға сұраныс оны үнемдеу негіздеріне мысал келтіріңіз.
- •14. Кәсіпорын салықтарын талдаңыз және мемлекеттік бюджет жүйесіне мысал келтіріңіз
- •15. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылықтың жұмыс істеуіндегі жалпы шығындарын атап өтіңіз
- •1. Негізгі активтердің құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері.
- •3. Еңбекақы төлеу формаларын атаңыз
- •4. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру жүйесіне тоқталыңыз.
- •5.Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдармен істейтін қызметкерлердің негізгі функцияларын атап өтіңіз
- •6 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тәсілін таңдаудың әдістерін түсіндіріңіз
- •7.Кәсіпорынның өнім шығару жоспарының әдістерін анықтаңыз
- •8. Кәсіпорында энергияны тұтынды жоспарлау әдістері
- •9. Басқарудың классификациялық әдістері: Ұйымшылдық-реттеушілік, әкімшілді-құқықтық, экономикалық, моралды тәрбиелік басқаруларға мысал келтіріңіз.
- •10. Энергетикалық құрылыстың орташа бағасы және оны төмендетудің жолдарын көрсетіңіз
- •11. Жобаны өткізудегі алынатын табыс кестесін құрыңыз
- •12. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу формаларына кесте құрып көрсетіңіз.
- •13. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •14 Кәсіпорынның энергетикалық байлансының формаларының кестесін құрыңыз
- •15.Энергетикалық шаруашылықта негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерді кесте жүзінде көрсетіңіз
2 Елдегі электрлендіру және материалдық техникалық базасын құрыңыз
Бір кәсіпорында әртүрлі сапаларда өңделетін өнімдерді өндірістік біріктіруді айтамыз. Құрамдастырудың еңбек заттарын өңдеудің жеке кезеңдерінің бірігу сипаты бойынша үш негізгі формаға бөлеміз:
шикізаттың кезектегі өңделуіне негізделген форма;
өндіріс қалдықтарын пайдалануға негізделген форма;
шикізатты кешенді өндеуге негізделген форма.
Бірінші жағдайда, соңғы өнім бір реттік өңдеу нәтижесіне құралмай, бірнеше өндіріс кезеңдерінен кезек-кезек ретімен өңдеуден өту нәтижесінде алынады. Бұл құрамдастыру қара металлургия, химия өнеркәсіптеріне тән.
Екінші жағдайда, шикізаттың көптеген түрлерін өңдеу барысында әртүрлі қалдықтар мен жанама өнімдер алынады. Бұл құрамдастыру формасы тамақ, ағаш өңдеу, мұнай өнеркәсіптеріне тән.
Үшінші жағдайда, ғылым мен техниканың дамуымен шикізатты кешенді өңдеу мүмкіндігі ұлғаяды, нәтижесінде шикізаттың бір түрінен алынатын пайдалы өнімдер көлемі арта түседі. Шикізатты кешенді өңдеу құрамдастырылған кәсіпорындарда жүзеге асырылады. Құрамдастырылған кәсіпорындарда бір технологиялық процестен екіншісіне үздіксіз өтуі және бір өндірістің өнімдері басқа өндірістер үшін шикізат, жартылай фабрикаттар, отын ретінде қызмет етуі жүзеге асырылады. құрамдастыруды дамытудың маңызды жағдайы өндіріс мамандануы есептеледі.
Құрамдастыруды дамытудың маңызды шарты өндіріс мамандануы есептеледі. Мамандандырылған өндірістер мамандандырылмаған өндірістермен салыстырғанда бір бірімен жеңіл құрамдасады.
Өндірісті құрамдастыру процесіне әсер етуші өнеркәсіптің саласының техникалық-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты салаларды келесі топтарға бөлеміз:
өндіруші өнеркәсіп;
механикалық процестері басым өңдеуші;
химиялық процестері басым өңдеуші;
электро-энергетикалық өнеркәсіп.
Өндіруші өнеркәсіп салалары арасында құрамдастыру мүмкін емес. Бұл жерде еңбек заттарының реттік өңделуі жүргізілмейді, себебі пайдалы қазбаларды өндіру бір циклдік процесс болып есептеледі. Бұл топ салаларының өнімдері мен өндіріс қалдықтарын өңдеу мен пайдалану өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына жатады.
Өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс бірліктерін құрамдастыру көптеп кездеседі. Мысалы: мүндай өңдеуші зауыттары мен мұнай кен орындары мен құрамдастырылуы нәтижесінде еңбек заттарын реттік және кешенді өңдеу базасында бірлестіктер пайда болады.
Механикалық процестері басым өңдеуші өнеркәсіпте құрамдастыру еңбек заттарының формасын өзгертуге бағытталған өндірістерді қамтиды. Бұл топта еңбек заттарының реттік өңделуі негізінде құрамдастыру орын алады. Мұндай салаларға машина жасау саласы жатады.
Бірақ бұл саладағы құрамдастырудың даму мүмкіндіктері шектеулі, өйткені бұл саладаға негізгі шикізат – болат, ал ол кешенді өңдеуге жатпайды. Сондай-ақ механикалық процестері басым жеңіл өнеркәсіп салаларында да құрамдастыру мүмкіндіктері шектеулі. Себебі өндірісті шоғырландыру деңгейінің төмендігі және осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін тұтынушы халық болып есептелетіндіктен, бұл жерде өндірісті құрамдастыру мүмкін болмайды.
Сонымен, механикалық процестері басым өңдеуші салаларда өндірісті құрамдастыру бірқатар шектеліп келеді. Бұл салаларда өндірістік байланыстардың формалар ішінде өндірісті кооперациялау басымырақ болып келеді.
Химиялық процестері басым өңдеуші өнеркәсіптегі құрамдастыру кең тараған. Мұндай салаларға тек химия өнеркәсібі емес, сондай-ақ қара мен түсті металлургия, тамақ өнеркәсібі т.б. жатады. Бұл салалардың өндірістік процестері еңбек заттарының химиялық құрамын өзгертуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде шикізатты кешенді өңдеу негізінде құрамдастыруды дамыту үшін мүмкіндіктер құрады.
Қазіргі кезде барлық қоғамдық өндірісте электр энергия негізінен отынды пайдалана базасында (75-80%) алынады. Электр станцияларын отын өндірісімен құрамдастырудың қолайлы жағдайы ретінде аз тасымалданатын отынды пайдалану есептеледі. Осыған байланысты электр станцияларын көбіне электр энергиясын тұтыну аудандарында емес, ал отынды өндіру аудандарында құру экономикалық тиімді болып табылады және электр энергия өндірісін отын өндірісімен құрамдастыру тиімдірек болып табылады
