Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

15. Кәсіпорын құрылымына қойылатын талаптар

Кәсіпорынның басқару құрылымының түсінік және оның мәні туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның басқару құрылымының негізі – құрылымының графикалық бейнесінің немесе көрсетілімінің детализациясының дәрежесі. Олар бөлінеді: басқару жүйесінің макроқұрылымы звенолары болып басқару органдары табылады (басқару субъектілері, заңды тұлға болып табылады); мезоқұрылымы, бұны құрылымдық бөлімшелер құрайды; микроқұрылым, звеноларыболып жұмыскерлер табылады (жұмыс орындары) және басқару құралдары. Мысалы, макроқұрылым масштабындағы басқару жүйесінің звенолары қонақ үй,  мейрамханалар,  ойын-сауықханалар орталығының – ҚР Сауда министрлігі, мезоқұрылым масштабында – сызықтық функционалдық құрылымдық бөлімшелері (директор және оның орынбасары, бөлімдер: өндірістік, жоспарлы-экономикалық, кадрлік және т.б.).

Құрылымдық бөлімшелер – мезо және микроқұрылым масштабында басқару жүйесінің звеносы, мысалы, функционалдық бөлімдер болып табылады. Звено – бұл басқару жүйесінің иерархия құрайтын элементі, подсисбема. Басқару жүйесінің құрылымының масштабына сәйкес оның звенолары: басқару органдары, құрылымдық бөлімшелер, жұмыскерлер немесе басқару жүйесінің техникалық құралдары бола алады.

Басқаратын жүйе бөлімінің звенолары басқару субъектілері болып табылады, ал басқарылатын ол басқару объектісі болып табылады.

Басқару звеносы ретінде жүйенің элементі болуға қажетті және жеткілікті шарт болып оның басқару функцияларының біреуін орындағаны болып табылады.

Звенолар арасындағы байланыс 2 түрлі болуы мүмкін: тігінен (басшылар және бағынушылар) және көлденеңінен (теңқұқылық элементтер кооперациясы). Тігінен байланыс бөлінеді:

—         сызықтық (басқарушылардың барлық сұраныстары бойынша міндетті бағыну);

—         функционалдық (кейбір мәселелер ғана бойынша бағыну).

Көлденең байланысты сипаттама беру үшін жұмыскердің жалпы санының көрсеткіші қолданылады, олармен басқару процессі кезінде байланыс орнатылады.

Кешенді құрылған жүйеде минимум ретінде басқарудың 2 деңгейі бар, ал жалпы саны басқарудың төменгі деңгейінің басқару объектісінің байланысының қиындығымен айқындалады.

1. Елдегі отын энергетикасы ресурстарының қазба көлемдерін көрсетіңіз

Мұнай және мұнай өнімдеріне жағдаят өзгерістерінің әсерін төмендету мақсатында аса ірі мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылда мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебінен экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда. Осымен бір мезгілде дамыған елдер экономикасынан табыс алу максатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргізілуде.

Қазақстанда жылдан жылға көбейіп келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады.

Болашақта қайрандағы кен орындарынан мұнай өндіру жылына 150-200 млн тоннаға жетіп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкін.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі тұзды кен орындары мұнайда сұйылған газдық кұрамы жоғары, шамамен 60% көлемінде болуымен сипатталады. Қашаған кен орнының мұнайынан алынатын газдың қоры Қарашығанақ кен орнының қорымен ғана теңесуі мүмкін деп күтілуде.

Жалпы алғанда Қазақстанның орта және ұзақ мерзімді болашағында отын-энергетикалык кешеннің дамуы Каспий теңізінің қазақстандық секторының дамуымен айқындалатын болады.

Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын өндіруді дамытуға инвесторлар 80 млрд АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет білдіруде. Бұл қаражат іске косылатын кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік, инфрақұрылымдык және әлеуметтік нысандар салуға жұм-салатын болады.

Қосылған құн тізбегін (ҚҚТ) дамыту бөлігінде шикізатты ұқсатуды кеңейте түсудің жаксы перспективалары бар.

Қазақстанда түсті, асыл және сирек кездесетін металдардың үлкен көлемін күрделі және қоры аз рудалардан, руда үйінділерінен, металлургиялык шлактар мен қайта өңдеу қалдықтарынан алу жөніндегі ғылыми-инновациялық әзірлемелерді түсті металлургия кәсіпорындарында енгізудің ғылыми әлеуеті мен тәжірибесі зор.

Қазақстанға ірі инвестицияның ағылуы түсті металлургия, химия және жиһаз өнеркәсібінің өнімдеріне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрін мұнай-газды және металдарды өңдеуді ұлғайту есебінен Қазақстанда шығаруға болады әрі болашақта бұл өнім әлемдік нарықта өз орнын табады.

Қалдықтарды игеру. Ел өңірлеріндегі табиғи ресурстар аса тиімсіз пайдаланылуда.

Өндірістің және тұтынудың қалдықтары, оның ішіңде қауіпті және радиоктивті қалдықтарды игерудің жүйесі жасалмаған, тұрмыстағы қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу жүйесінің жетілмеуі табиғи ортаның ластануына әкеледі.

Осыған байланысты қалдықтар өндірісі мен оларды пайдалану мониторингін жүзеге асырып, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды көмудің әсерін бағалау қажет.

Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсенді түрде енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану жөніндегі қызметті ынталандыру қажет.

Өнімді пайдалану кезеңін экологиялық сертификаттау және төлемдерді жетілдіру бағдарламаларын түзу мен іске асыру қажет.

Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланудың тұйык технологиялық циклін жасау бәсекеге қабілетті өнімді өндіруге, бағалы құрамдас бөліктерді кәдеге жаратуға әрі онымен бір мезгілде қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы деп өңдеу саласындағы өнеркәсіптің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін кәсіпорындарының жиынтығын айтамыз.

Шикізат аймағының көлемі және құрамы өндіруші кәсіпорынның қуатына, шикізаттың түріне, оның тасымалдау мүмкіндігіне, шаруашылықтың мамандығына, шығаратын өніміне және т.б. факторларға байланысты.

Шикізат аймағының көрсеткіші көбінесе сатып алу жиілігіне, шаруашылықтардың санына, бір шаруашылықтың сатып алу көлеміне, шикізатты жеткізу кашықтығына, мамандандырудың деңгейіне, ыкшамдылығына және т.б. байланысты болады.

Дайын өнімінің өзіндік құнында шикізаттың үлесі 60-80% болатын өңдеу кәсіпорындарында шикізатқа деген талап төмендегідей болады:

- өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін және құрал-жабдықтың толық қуатын пайдалануды қамтамасыз ететін шикізаттың болуы;

- шикізат сапасының өте жоғары болуы, себебі өнімнің шығымы мен сапасы соған байланысты.

Шикізаттың сапасын экономикалық бағалаудың мыңызды көрсеткіші ондағы пайдалы заттардың шамасы болып саналады. Мал өнімінен алынатын шикізатта адам өмірі үшін зор мыңызы бар В тобындағы витаминдер, минералды заттар (калий, фосфор, темір), белок және т.б. болады. Өсімдік шикізатына: астықтағы - белок, қант қызылшасындағы - қант, май дақылдарының дәніндегі - май, картоптағы - крахмал және т.б. жатады. Осы факторлармен өнімнің сатылған көлемі, баға деңгейі, өңделетін өнімнің материал сыйымдылығы, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, өндіріс қуатын және негізгі қорларды пайдалану, сонымен қатар өндірістің тиімділігін көрсететін басқа да көрсеткіштер байланысты болады.

Өз кезегінде, пайдалы заттың көлеміне, соның ішінде өсімдік шикізатына оның сорттық құрамы, климаттық жағдайы, өсіруді қамтамасыз ететін агрономиялық техно-логиясы әсер етеді. Осыдан барып пайдалы заттың көлемі айтарлықтай өзгеруі мүмкін, сондықтан шикізаттың бірлігінен шығатын өнім көлемі, өнімнің өзіндік құны және т.б. көрсеткіштері осыған байланысты болады.

Шикізаттың сапасы жоғары болған жағдайда өнімнің бірлігіне кететін шикізат азайып, сапасы жоғарылайды, өнімнің еңбек сыйымдылығы, энергетикалык ресурстардың шығыны, тасымалдауға кететін қаражаттар да азаяды.