Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать
  1. Салық салу принциптері және салық түрлерін атап өтіңіз

Салықтар – салық туралы заңға сәйкес заңды және жеке тұлғалардан мемлекет шоғырландыратын міндетті төлемдер. Салықтар реттеуші, ынталандырушы, бөлу, фискалдық қызметтерді атқарады. Салық жүйесі белгілі заңға негізделеді, ол салық салудың нақты әдістерін анықтайды.

Салықтың элементтеріне төмендегілер кіреді:

- салық субьектілері – заң бойынша салық төлеуге міндетті тұлға;

- салық обьектілері – салық салынатын табыс немесе мүлік;

- салық ставкасы – салық обьектісінің бірлігіне салық есептеулерінің мөлшері;

- салық көзі – жалақы, табыс, кіріс, дивиденттер;

- салық мөлшері- шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік (салық мөлшері);

- салықтық жеңілдіктер- салық мөлшерінің азаюы немесе салықтан толық босату.

Салықтың атқаратын қызметтері:

- фискалдық- мемлекет табысын жасау;

- реттеу – экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе тежеу;

- қайта бөлу – жинақталған салықтық түсімдерді қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар пайдасына сәйкес қайта бөлу;

- ынталандырушы – бұл қызмет негізінен салықтық жеңілдіктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше принципті қолданады:

- жалпылай, табыс табатын барлық тұлғаларды қамту;

- тұрақтылық, салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;

- тең күштеу, салық салу барлық салық төлеуші үшін бірдеу болуы керек;

- міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі;

- әлеуметтік әділдік, яғни салық мөлшері мен салық жеңілдігін құру.

Салықтар прогрессивті, пропорционалды, регрессивті болып бөлінеді:

Прогрессивті салық – жоғарғы табыстан жоғарғы процент алынатындығын көрсетеді, яғни салық мөлшері табыстың өсу деңгейіне байланысты.

Пропорционалды салық – табыс мөлшеріне тәуелсіз табыстан алынатын белгілі бір процент ретінде алынады.

Регрессивті салық - аз табыстан жоғарғы процент алынады, ал жоғарғы табыстардың проценті төмен болатын салық, яғни табыстың өсу деңгейіне қарай орташа мөлшері кемиді.

Қалыптасу механизмі бойынша салықтар тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей салық табыс алушыларға, мүлік иелеріне тікелей салынады. Оларға халықтың табысына салық, капитал өсіміне салық, мүлік салығы, мұрагерлік пен сыйға тартуға салынатын салықтар жатады. Жанама салық тауарды тұтыну немесе сату кезінде салынады. Оған қосылған құн салығы, акциздер, кеден салығы жатады.

Қазақстанда салық республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалық салықтар – бұл міндетті салықтар, төлем сомасы республикалық бюджетке түседі. Жергілікті салықтың мөлшері жергілікті өкіметтің шешімімен анықталады.

Қазақстан Республикасында мынадай салықтың түрлері белгіленген:

  1. 1). корпоративті табыс салығы;

  2. 2). жеке табыс салығы;

3). қосымша құн салығы;

4). акциздер;

5). жер қойнауын пайдаланушылар салығы мен арнайы төлемдері;

6). әлеуметтік салық;

7). жер салығы;

8). көлік салығы;

9). мүлік салығы.

  1. Инвестицияның мәні мен түрлері. Бизнес жоспардың құру негіздерін атаңыз

Инвестиция - салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылып келді.

Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс-әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.

Сонымен қатар, инвестициялардың өзіне тән ортак сипаттарын айтып өтуге болады: олар, әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие (бұл - нақты инвестицияларға қатысты; қысқа мерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялык іс-әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.

Инвестициялық үдеріс тетігі нарықтық қатынастардың жүйесінің негізі болып, ол белгілі бір құрылым түріне айналды. Сан алуан экономикалық қатынастар ішінен іс-әрекеті жеке өзара байланысқан бірыңғай секторларға (нарықтарға) бөліп көрсетуге болады. Осы нарықтарда әр түрлі субъектілер экономикалық қатынаска түсіп, іс-әрекеті бірдей топтарды құрайды.

Әдетте, белгілі бір түрде бір-бірімен қарым-қатынаста болатын және нарықтық экономика жүйесін құрайтын төрт нарықтық және төрт экономикалық субъектілер тобын ажыратып көрсетуге болады:

- тауар нарығы, мұнда халық шаруашылығында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер айналымға түседі;

- еңбек нарығы - еңбектің өндіріс факторын қамтиды;

- акша нарығына - ақша қаржыларына үхыныс пен сұраныс мәселелері кіреді;

- қаржы нарығы, мұнда құнды қағаздар нарықта айналыста болады.

Бірқатар мәселелерді зерттеу және тереңінен окып білу нарық шаруашылығының құрылымын неғұрлым толық түрде талқылауды талап етеді. Ол үшін бұл құрылымдарды одан әрі бөлшектеу керек, соның әсерінен талқыланып отырған элементтер саны көбейе түседі. Мысалы, мемекеттік кұнды қағаздар және акциялар нарығы тұтыну және инвестициялық тауарлар нарығынан бөлек қаралады. байқалғанда инвестициялық салымға қаражат қажеттілігі сезілген жағдайда өтімділік болжамы жақсы нәтижелер беруі мүмкін. Кәсіпкер өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық саясат жүргізген жағдайда инвестициялық жобаларды іштен қаржыландыру мүмкіндігі туғанда, кәсіпкердің өтімділік ахуалы инвестициялар мөлшерін белгілейтін шешуші факторға айналады. Өндірістік циклдің құлдырау кезеңіне байланысты сұраныс төмендеп, күтілетін пайда мөлшері төмендеген жағдайда өтімділік болжамы өз мәнін жоғалтады. Экономикалық циклдің бұл кезеңінде инвестиция-ны қаржыландыратын меншікті қаражат жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды кеңейтуге жеткіліксіз болады. Жалпы өтімділік болжамына сүйеніп, конъюнктуралық өзгерістердің әр түрлі кезеңін камтитын ұзақ мерзімді инвестициялық іс-әрекет динамикасы жайлы тұжырым жасау мүмкін емес. Бұл болжам жеке сектордың қаржылык ахуалына қарай инвестицияға бейімділігін анықтайтын басқа да кең аумақты теорияларға косымша фактор түрінде қолданылуы мүмкін. Жеке сектордың өтімді қаржысының мөшерінің жалпылама көрсеткіші түрінде барлық салықтық төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпкердің колында қалған таза пайда қаралады. Инвестциялық қызметтің қарапайым үлгісі бойынша бұл байланыс төмендегі сызықтық тәуелділікпен беріледі: