Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

1 деңгей

1. Халық шаруашылық жүйесіндегі энергетиканың мәнін сипаттап жазыңыз:

Халық шаруашылығы жүйесі - белгілі бір елдің қоғамдык еңбек бөлісінің, ғылыми-техникалык дамудың халықаралық қатынастың, қалыптасқан және өзара байланысқан саланың (экономикалық іс-әрекеттің түрлерінің) бірыңғай кешені.

Құрылым тұрғыдан ұлттық экономиканы құқықтық , салалық және кеңістік ұйым деп қарауға болады.Ұлттық экономиканың өріске бөлінуі жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың қалыптасуына қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, өріске бөлу экономикалық іс-әрекеттің біртұтас тізбегін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты барлық ұлттық экономика материалдық өндірісі және өндіріс емес өрісі деп екіге бөлінеді.

Әлемдік тәжірибеде материалдық өндірістің өрісі үш элементке бөлінеді:

- алғашқы (шикізат шығару, өсімдік және мал шаруашылығына байланысты экономиканың бөлігі);

- өндірістік (материалдар, жинақтаушы, машина және құрал-жабдықтар түріндегі толығымен дайындалмаған өнімге қатысты экономика бөлігі);

- акырғы (негізгі) өнім (тұтыну заттарына байланысты экономика бөлігі).

Өндірістік емес өріс тұрғындарға қызмет көрсететін іс-әрекеттің келесі түрлері мен салаларын біріктіреді:

- білім;

- денсаулык және әлеуметтік жәрдемдер;

- коммуналдық, әлеуметтік және жеке адамдарға көрсетілетін қызметтер.

Экономикалық үдерістерді жалпы сипаттау үшін ұлттық экономика секторларға бөлінген.

Ұлттық экономиканың секторы деп өндірістін шығындарын қаржыландыру әдісі мен бағыты, экономикалық үдерісте атқаратын қызметі мен мақсаты тұрғысынан біркелкі институттық бөлік жиынтығын айтады.

Меншік түріне байланысты экономика секторын мемлекеттік және жеке меншікті деп бөлуге болады.

Ұлттық шот жүйесі бойынша отандық экономикада келесі секторлар түрінде қалыптаскан:

- қаржылық емес кәсіпорындар;

- қаржылық мекемелер;

- мемлекет мекемелері;

- үй шаруашылығы;

- үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.

Пайда табу үшін өнімді өндіру мен қызмет көрсетуді атқаратын және нарықтық емес өндіріспен айналысатын шаруашылық бөлігінің жиынтығын қаржылык емес кәсіпорындар секторы деп атайды.

Сонымен, бақылау нысаны бойынша үш ішкі секторға бөлінеді:

- мемлекеттік;

- ұлттық жеке меншік;

- шетел.

Жалпы ішкі өнімді өндіруге қаржылық емес кәсіпорындарының секторы ең үлкен үлес қосады, бірақ олар ақырғы тұтынуға қатыспайды.

Қаржылық мекемелер секторы деп қаржылық делдалдармен, сақтандырумен, қаржылық делдалдық және сақтандыру аясында көмекші қызметтермен айналысатын іс-әрекеті оның негізгі түрі болатын коммерциялық емес ұйымдарды бақылайтын органдар жиынтығын айтамыз.

Экономикалық іс-әрекет түрлері туралы Қазақстандық топтастырғыш (классификатор) бойынша салалар тізімі келесідей болады:

1. Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы.

2. Балық аулау кәсібі, балық өсіру шаруашылығы.

3. Пайдалы қазбаны шығару.

4. Өңдеуші өндіріс.

5. Электроэнергияны, газды және суды өндіру мен бөлу.

6. Құрылыс.

7. Көтерме және бөлшек сату, автокөлікті жөндеу.

8. Қонақ үйлері мен мейманханалар.

9. Көлік пен байланыс.

10. Қаржылық қызмет.

11. Жылжымайтын мүлікпен, жалмен қызмет көрсету операциялары.

12. Мемлекеттік реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

13. Білім беру.

14. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету.

15. Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жекеленген қызметтерді көрсету.

16. Үй шаруашылығын жүргізу үшін қызметтер көрсету.

17. Аумақтан тыс ұйымдардың іс-әрекеті.

Халық шаруашылығы жүйесінің құрылымы өрістің, секторлардың, салалардың сандық арақатынасымен сипатталады.

Осындай үдеріс қазақстандық ұлттық экономикасында да көрінеді.

Ұлттық экономика құрылымының өзгеру қажеттілігі көбінесе шаруашылықтың нарықтық әдісіне көшу және даму басымдылықтарының өзгеруіне байланысты болып отырады.

Ұлттық экономика, оның өрісі, секторлары, салаларының өзгеруі екі жолмен жүреді:

1) нарық тетігінің әсерімен;

2) мемлекеттік құрылымдық саясаттың әсерімен.

Нарықтық тетікті пайдалану капиталдың табыстылығы жоғары болатын салаға ауысуын, бәсекесі төмен ашық нарықтың болуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар нарықтық тетік ұлттық экономика салаларында инновациялық, инвестициялық, материалды техникалык, кадрлық әлеуеттерінің жүйесі болғанын қалайды.

Бұл жағдай мемлекет меншігін жекешелендіргенде, сыртқы экономикалық саясатты және валюталық бақылауды ырықтандырғанда белгілі болды. Қазіргі кезде ықпалы инвестициялық, инновациялық және құрылымдык саясаттың жаңа жүйесін қолдану керек екені анық болып отыр. ҚР Үкіметі 2003-2015 жылдарға индустриялық-инвестициялық бағдарламаны қабылдап, оны жүзеге асыруға ат салысып жатыр.

Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды және көрсетілген қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.

Бәсекеге түсу қабілеті дегеніміз Қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.

Экономиканың шикізаттық секторын дамыту Үкіметтің салалық және секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асыралады.

Стратегияның міндеті:

- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде үш есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын екі есе төмендету;

- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;

- жеке секторды бәсекелестік басымдылық жасау мен жетілдіруге және қосылған құны барынша жоғары элементтерін көбейте отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеруге ынталандыратын кәсіпкерлік ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын қалыптастыру;

- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялык экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;

- елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай әртараптандыру;

- сапаның әлемдік стандарттарына көшу;

- дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық үдерістерге қосылу арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.

Осы міндеттерді шешкенде, экономика құрылымы түбегейлі сапалық өзгерістерге ұшырағанда, ол әртараптандырылған кезде ғана Қазақстандағы тұрақты экономикалық дамуы туралы айтуға болады.

Стратегия мынадай қағидаға негізделеді:

- жеке сектормен серіктестік;

- инвестициялық және инновациялык ұсыныстардың өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталуы;

- өнеркәсіпті жаңғыртуға, оларға колдау көрсету жөніндегі рәсімдердің жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды іске асыруға мемлекеттік қаржылық және өзге де қолдау көрсету;

- қосылған құн тізбегінің дамуын қамтамасыз ететін салаларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты;

- теңдес бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;

- қандай да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас тарту;

- индустриялық саясаттың бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.

Аталған қағидалар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлі сапалық өзгерістер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға койылған мақсаттар мен міндеттерді шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

--Көмір,газ және мұнай өндірісі бар қорларды атаңыз: