- •050730 − «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандықтарына арналған дипломдық практика бойынша
- •050730 − «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандықтарына арналған дипломдық практика бойынша
- •Аннатация
- •1. Практиканың мақсаттары мен тапсырмалары
- •2. Практиканы ұйымдастыру және жүргізу
- •3. Практиканың мазмұны
- •4. Жеке тапсырма
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •2. Пратиканың мазмұны …………………………………………………………….4
- •050730− «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандықтарына арналған дипломдық практика бойынша жұмыс бағдарламасы
- •Әдістемелік нұсқауы
3. Практиканың мазмұны
Диплом алдындағы практиканы өтеу кезіндегі студенттің міндеті:
- Бірінші кезеңде:
Өнеркәсіптің құрамын оқып білу, шығарылатын өнімнің аттары мен көлемін, өнімді шығару көлемін арттырудың алдағы кездегі жоспары, құрылыс және жаңарту жұмыстары, жаңа қондырғылармен жаңарту, басқарудың құрылымын білу. Өндірістің жағдайын және алдыңғы уақыттардағы даму жоспарларын, шикізатпен материалдармен қамтамасыз етілуін, шығарған өнімді жөнелтуді оқып білу керек. Өндірістің басқару құрылымымен танысу, ақпараттардың желісімен және оны басқару мақсатында игерумен танысу қажет.
Өндіріс пен цехтардың басқару құрылымын білу және олардың атқаратын міндеттері мен құқымен танысу керек. Өндірісті және цехтардың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау қажет.
Жаңа өнім түрін енгізудің тәсілі мен тәртібімен және сапасын бақылаудың тәсілімен танысу қажет.
Өндіріске алдыңғы қатардағы тәжірибені енгізудің жағдайы мен үлгісін оқып білу және ғылыми зерттеу және конструкция-технологиялық институттардың өндірісті ұйымдастыру және басқару саласындағы жетістіктерін оқып білу қажет.
Екінші кезеңде:
Цехтің негізгі құрамын білу (негізгі және қосымша бөлімшілердің, қоймалардың, завод ішіндегі қозғалыс заттарымен, кіретін және шығатын жолдарымен, санитарлық және өртке қарсы құралдарымен және оларды жоспар бойынша және іс жүзінде қалай орналасқанымен). Өндірістің жұмыс жасау тәртібін анықтау және басқа цехтармен байланысын, олардың өндіріс қуаттылығымен, өндірісте жұмыс жасайтын адамдардың тізімімен және еңбек ақы төлеудің жүйесімен, қызыметкерлердің еңбек ақысымен, шикізатты, материалдарды, отынды, электрэнергияны, суды, қамтамасыз ету тәсілімен шикізат базасының сипатымен және т.б. білу.
Жетекшінің берген тапсырмасына сай жұмысты жобалауды орындау үшін технологиялық және басқа да қажетті материалдарды жинау керек:
Шығарылатын өнімнің түрі мен көлемі, олардың сипаттамалары.
Шикізаттар мен материалдардың сипаттамаларымен түрлері және олардың нормаға сай шығыны. Шығарылатын өнімнің түрлері.
Өндірістің технологиялық процесінің түсіндемесі. Тізбектегі қондырғыға сай негізі цехтардың технологиялық тізбегі.
Өнімді дайындаудың технологиялық картасы.
Барлық технологиялық операцияларды орындаудағы жұмыс тәртібі: жылумен өңдеу тәртібі, қысым, температура, алдан-ала ұстау тәртібі.
Негізгі сипаттамалары, барлық двигателдерінің қуаттылығы көрсетілген негізгі және қосымша қондырғылардың тізбегі. Типсіз және шет ел қондырғыларына көңіл бөлу керек.
Жарық беретін, желдеткіш, жылу және сантехникалық қондырғыларының саны және қуаттылығы, олардың жұмыс жасау ұзақтылығы мен құны.
Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша бойынша қондырғылар және олардың жұмыс жасау ұзақтылығы мен құны, қоршаған ортаны қорғау шаралары.
Әр түрлі операциялардағы өнімді шығару нормасы.
Трансформатор станциясының, кептіру қондырғыларының, насос және компрессор қондырғыларының қуаттылығы және оларды пайдалану дәрежесі.
Өндірістің сыртқы коммуникациясы. Темір жол станциясына, шикізаттар мен материалдарды алу базасына дейінгі ара-қашықтық. Өндірістің қажеттілігіне керек көлік саны.
Өндірістің ішіндегі көліктер, олардың қуаттылығы, сапасы және құны. Отын шығыны және көлікке кететін энергия.
Қойма шаруашылығы, олардың сыйымдылығы, әр түрлі материалдар алатын ауданы, олардың қорының мөлшері, қоймалардың түрі, оны ұйымдастыру және материалдар мен өнімдерді сақтау тәсілдері, қойма операцияларын механизациялау тәсілдері, түсіру, салу және т.б.
Өндірісті (цехті) жасаудағы негіз болатын әр түрлі нормативті құжаттар.
Экономикалық бөлімге қажетті материалдар кафедра экономикасы жасаған әдістемелік нұсқау арқылы жиналады.
Үшінші кезеңде:
Дипломдық жұмысқа (жобаға) қажетті зерттеуді және өндіріс бақылауын дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісімен келісе отыра орындау керек.
Практикаға шығар алдында студент жетекшіден практика бойынша дневникті және дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмасын алу керек. Тапсырмада жұмыстың (жобаның) бөлімдерінің құрамы, олардың мазмұны және бөлімдерінің тереңдетіліп көрсетілген мазмұны.
Практиканы өтер алдында студент сол кәсіпорынның техника қауіпсіздік саласы бойынша жетекшісінен жалпы инструктаж өту міндетті, ол практика бойынша дневникте белгіленуі керек. Әр цехқа барар алдында сол цехтің бастығына ескерту керек, оданда еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөнінде қосымша мағұлмат алу қажет. Практикада еңбек қорғау жөнінде инструктаж өтпесе рұқсат етілмейді.
Практикант жобаның экономикалық бөліміне материал жинағанда экономика кафедрасынан ұсынған, өзінің темасына сай әдістемелік нұсқауды алуы керек, яғни жаңа жоба салу немесе ескі зауытты қайтадан жөндеу жөнінде және т.б.
Бұл бағдарламадан басқа студент практиканы өтеу кезінде дипломды жобалау бойынша әдістемелік нұсқауды оқып білу керек, сонымен қатар бетон және темірбетон, керамикалық қабырға материалдары бойынша әдебиеттермен танысу керек.
Практиканы өтеу кезінде мекеменің бұйрығы бойынша жетекші тағайындайды, ол материалдарды жинауда, өндірістік тәжірибе жүргізуде көмек көрсетеді және практиканттың жұмысына бақылау жүргізеді.
Практикантқа бақылау жасау және консультация беру үшін, институттың атынан диплом жобасының жетекшісі барады.
Студент өндірісте практикада болу кезінде сол кәсіпорынның ішкі тәртібіне бағынуы керек.
Практикант мүмкіншілігінше өндірістің жиналысына қатысуы және де кәсіпорынның өндірістік процестерін жетілдіруге қатысты шараларға белсенді қатысып тұру қажет.
