Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Преддиплом. практика каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Сәулет және құрылыс институты

«Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамалар технологиясы» кафедрасы

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ

«ҚМБжҚТ» каф. меңгерушісі Институт директоры «АиС»

______________Е.Т. Бесимбаев ____________И.Дюсембаев «___»______________2012 г. «___»______________2012 г.

050730 − «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандықтарына арналған дипломдық практика бойынша

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

және

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Алматы 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Сәулет және құрылыс институты

«Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамалар технологиясы» кафедрасы

050730 − «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандықтарына арналған дипломдық практика бойынша

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

және

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Алматы 2012

УДК 378.147.88:691 (075)

Жұмыс бағдарламасы және әдістемелік нұсқау т.ғ.д., профессор Ақмалаев Кенжебек Ақмалайұлы мен Колесникова Инна Владимирқызының Қазақстан Республикасының білім және ғылым министерлігінің 23.12.2005 ж бұйрықпен бекітілген 050730 − «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандықтарына арналған және 2010 ж бекітілген жұмыс оқу жоспарына сай 3.08.356-2006 ҚР МБСБ және типтік бағдарлама негізінде жасалған.

Бағдарлама «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамалар технологиясы» кафедрасы мәжілісінде қаралды

«___»________2012 ж. Хаттама №_____

Кафедра меңгерушісі ___________________ Е.Т. Бесимбаев

Бағдарлама сәулет және құрылыс институтының оқу-әдістемелік кеңесінде ұсынылған

«_____»________2012 ж. Хаттама №_____

Төраға __________________ Дюсембаев И.Н.

Аннатация

Диплом алдындағы практикаға арналған әдістемелік нұсқау 050730 − «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандықтарына арналған. Бағдарламада практиканың мақсаты және онда қарастырылатын тапсырмалар айқындалған. Ұйымдастырылған сұрақтар бойынша әдістемелік нұсқау және белгіленген уақытқа сай практиканы жүргізу келтірілген. Практика бойынша оны орындаудың және қоғаудың әдістемелік нұсқауы берілген. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Офис: «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамалар технологиясы» кафедрасы

Адрес: Алматы, ул. Сатпаева 22, СжҚИ

Тел. 292-78-37(78-37)

1. Практиканың мақсаттары мен тапсырмалары

Практиканың тапсырмаларына мыналар кіреді:

- өндіріс мекемесінің басқару құрылымымен және оның бөлімшелерімен алдыңғы қатарлы ақпараттарды өңдеуге арналған құралдар мен техниканы пайдаланумен танысу;

- өндіріс процестерінің ерекшеліктерін оқып білу; сол өндірісте технология бойынша пайдаланатын жаңа техникалық шешімі бар қондырғылар және материалдармен танысу. Сол өндірістегі технологиялық процестегі қысқа жерлерін және оны ұйымдастырудағы кемшіліктерге талдау жасау;

- дипломдық жобаны орындау және өндісті бақылау үшін, дипломдық жобаға керек технологиялық шешімдерді және тиімді материалдар жөнінде мағұлматтар жинау;

- дипломдық жұмысты орындауға және дипломдық жобаның ғылыми зерттеу бөліміне қажетті зертханалық және өндірістік зерттеулерді жүргізу;

- қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тәсілдерді және шараларды оқып білу.

2. Практиканы ұйымдастыру және жүргізу

Практика бетон және темірбетон, құрғақ құрылыс қоспалары және қабырға керамикалық материалдар өнеркәсіптерінде, сонымен қатар құрылыс материалдарын жобалау, технологиялық және зерттеу институттарында жүргізіледі. Практиканың ұзақтылығы – 2 апта.

Уақытты кезең бойынша бөлу:

Бірінші кезең – өнеркәсіптермен және оның басқару құрылымымен танысу, басқада өнеркәсіп салаларымен және алдағы уақыттағы өнеркәсіптерді дамыту жоспарларымен.

Екінші кезең – өнеркәсіптегі технологиялық процестерді оқып білу, дипломдық жобаға керек материалдар жинау.

Үшінші кезең – өндірісті бақылау және зерттеу жұмыстары бойынша тапсырманы орындау.

Келтірілген уақыт бойынша кезеңдерге бөлу мысал ретінде. Кезеңдер бойынша уақытқа бөлу және материалдармен жұмыс жасау тәртібі дипломдық жобаның (жұмыстың) ерекшелігіне және практиканың жағдайына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Дипломдық жұмысты орындауда үшінші кезең ұлғаюы мүмкін.