
- •Глоссарий
- •Силлабус Иммунология
- •5В060700-Биология мамандығы үшін
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы — syllabus
- •Оқытушы жөнінде мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •Пререквизиттер:
- •Ожжсөж- дәріс материалдарын толықтыру, кеңейту, нақтылау, жүйелеу, және семинар сабағында ағымдық бақылау жұмысына счтуденттерді дайында болып табылады. (Схема 1)
- •1.6 Курстың тақырыптық жоспары
- •1.7 Сөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •1.8 Әдебиет тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •1.9 Білімді бағалау бойынша ақпарат Студент білімін бағалаудың (аралық және қорытынды) әдістемесі
- •1.10 Курс саясаты және процедурасы
- •Лимфа бездері
- •Туа пайда болған (түр немесе тұқым қуалайтын )иммунитет
- •Жүре пайда болған иммунитет
- •Антигендер
- •Антигенділік
- •Конъюктивті антиген
- •Микроб клеткасының антигендік структурасы
- •3. Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •4. Соөж тапсырмалары мен олардың орындалу графигі
- •5. Сөж тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6 Рубеждік бақылауға арналған тестілік сұрақтары
- •7. Пәннің емтихан сұрақтары
- •Мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен білім беру үдерісінің қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер
- •Мазмұны
1.10 Курс саясаты және процедурасы
«OEKT3306 Өнеркәсіптегі экологиялық қауіпсіздік технологиялары» пәннің оқуы базалық пәннің міндетті компоненті болып келеді.
Сабақта ұялы телефондар сөндірілуі тиісті, егер сабақ мезгілінде студент ұялы телефонымен сөйлесіп немесе басқа мақсатпен пайдаланса, студент сабақтан шығарылады және ол сабақта «жоқ» деп есептелінеді.
СОӨЖ студенттер коллоквиум түрінде тапсыру міндет, ол үшін олар сабақтан тыс мезгілде арнайы бөлінген дәптерде қысқаша конспект құрастырып келу керек. СОӨЖ қатаң график бойынша қабылдананды, болмаған жағдайда ол тақырыпты, тек себепті болмаған туралы құжатты көрсеткен жағдайда тапсыруға болады. Әрбір СОӨЖ 1 балмен бағаланады. Барлығы 1-ші және 2-ші аттестацияда студент 20 баллдан жинап алалады.
Практикалық сабағында студент тек сол сабақтың аяғында жұмысын тапсыру керек. Практикалық тапсырмалардың орындалуы 4 балмен бағаланады. Жалпы студент 40 балл жинақтай алады.
СӨЖ студент бірінші аттестация кезінде 6-шы аптада ғылыми мақала ретінде, ал екінші аттестация кезінде 14-ші аптада таптағы жеке презентация түрінде тапсыру керек. Реферат 25-40 беттен кем болмау керек. Презентация 5-6 минуттан аспайтын 10 презентациялық беттен кем болмау керек. Әрбір СӨЖ 20/25 баллмен бағаланады. Ғылыми мақаланы бағалағанда келесілер ескеріледі: рәсімдеу құрылымы, ғылымдылығы, ойдың төлісі, анализ бен және сарапттаудың сапасы, объектінің және нысанның елеулілігінің зеректігі, сараптың адалдығы (оған кіреді сөздік қор, жазылу дұрыстылығы, грамматика мен пунктуация). Презентация бағаланады: мазмұны, ғылыми зерттеудің сапалығы, ерекшелігі, бастапқы деректердің пайдаланылуы, презентацияның сапалығы, дауысты пайдалану, еркін коммуникация, қойылған мақсаттар және басымдылық стильдің жалпылама ойы.
Қорытынды емтиханды ауызша етмтихан түрінде тапсырылады. Онда студент емтиханда таңдалған тақырып бойынша сипаттау керек. Ол 40 балмен бағаланады.
Иммундық жүйе
Ағзалардың иммундық жүйесі
Ағзалардың иммундық жауабы лимфоидты жүйелер арқылы- иммунитет ақзасы арқылы іске асады,жүреді.Лимфоид жүйесі орталық және шеткі ағзалар болып жіктеледі.Антицелалардың өңделуі және сенсибилизацияланған лимфоциттердің жиналуы шеткі ағзаларда,ал дамуы және атқару қызметі орталық ағзаға байланысты.Иммундық реакцияларды іске асырушы клеткаларды иммуноциттер немесе иммунокомпонентті клеткалар деп атайды.
Т және В белгілерді иммунологиялық әдебиетке 1969 жылы И.Роит ендірген (T- thymus-dependent және B –bursa-dependent яғни тимус бурса тәуелді жүйе) деп атайды.
Иммундық жауап механизмі
Ағзадағы генетикалық бөгде субстанцияларға (антигендер ) жауап ретінде спецификалық молекула өңдеп (антителдер немесе сенсибилизацияланған лимфоциттер),иммундық жауап қайырады.Лимфоидты система көптеген ұлпалардан ,органдардан тұрады.Ол барлық денеге таралған.
Лимфоидты ағзалар былай бөлінеді:орталыық ағзалар,тимус ,жілік майы ,Фабрициус қалтасы (құстарда)және оның адамдағы аналогы,т.б Шеткі ағзалар – қара бауыр,лимфа түйіндері,қан т.б.
Дж.Миллер (1961ж),Ф.Бернет (1964) иммунитеттегі айыршық бездің ролін ашқан .Айыршық без бірінші (орталық) лимфоидты ағза болып саналады.Ол үлкен екі бөліктен тұрады,олар майда бөліктерге бөлінеді.Әр қабық және ми қыртысынан тұрады.Қатпар қабаты майда лимфоциттермен (тимоциттерден) тола ,олар жоғары митотикалық белсенділігі мен ерекшеленеді. Морфологиялық тұрғысынан кіші ,майда басқа ұлпалардың лимфоциттерден өзгешелігі жоқ.Ми қабатындағы тимоциттердің тығыздығы азырақ.Айыршық безінде ұймдасқан ұрық орталығы жоқ.Ми қабатының эпителиальды клеткаларының кейбір бөліктерінде тығыз оймақтар – айыршық бездер денешіктері болады.Ағзада эфферентті лимфа түтіктері болмайды.Қабықты қабатында тимоциттер белсенді көбейеді.Митоз жылдамдығы осы жерде ең жоғары ,клетка айналымы 3-6 сағат аралығында өтеді.Айыршық бездер қанға Т- лимфоциттерден басқа гармон тәріздес белсенді зат (гуморальды факторлар) бөледі.Оның қызметі Т-лимфоциттердің басқа гармон тәріздес белсенді зат (Гумморальды факторлар) бөледі.Оның қызметі Т-лимфоциттердің жетілуіне органикалық әсер етеді.Тимоциттер кішігірім бөлшектерден тұрады,өзгергіштік ара эпителиальды клеткалар арқылы бөлінеді.Бұларды Кларк пакеті (1964ж) әр пакетте міндетті пакеті деп атайды.Ф Бернет (1964)әр пакетте міндетті түрде 1-2 макрофагтар болады деп санаған .Тимоцит түрде 1-2 макрофагтар болады деп санаған .Тимоцит лимфоциттердің шамамен 70% айыршық безде пайда болады.
Бұл ағзаның митотикалық белсенділігінің жоғары болу сандарынан басқа ұлпаларға қарағанда бұнда нуклейн қышқылы өте жоғары.Адам эмбрионың пайда болуының бірінші айында айыршық без эмбрионың пайда болуының бірінші айындаайыршық без эндодерманың пайда болуының бірінші айында айыршық без эндодерманың үшінші және төртінші бронхиальды қалтасында пайда бола бастайды.Лимфа бездері тек 3 айда қалыптаса бастайды.Лимфа бездерінің синустары мен стромалары туылғаннан кейін қалыптасады,лимфоид ұлпалары 5жасқа дейін толық дамиды.Басқа сүт қоректілермен құстарда осындай жолмен пайда болады,бірақ даму уақыты өзгеше .Айыршық без жас келгенге қарай өле бастайды.Бұл ағзаның таза салмағы жыныс ағзасының жетілген уақытына дейін өседі де ,содан кейін төмендей бастайды.Ағза толығымен жойылмайды .Мысалы,лимфа безінің лимфоиды паренхимасы 17 жаста барлық ағза массасының 50 -55%,ал 60 жаста шамамен 10%-тін құрайды.
Жас жануардың айыршық безін алып тастаса 2-3 айдан кейін ауыр трофикалық (wasting –синдром) және иммундардың бұзылуына әкеліп соғады.Wasting – синдромы азып,өспей қалу ,терісінің түсуі ,дерматит ,дияриямен сипатталады .Операциядан кеінгі алғашқы уақытта лимфоидты элементтердің пайда болуы тежеле бастайды.
Лимфа бездерінде лимфоид элементтері ретикулоэндотемиальды және плазматикалық клеткалармен алмаса бастайды.
Фабрициус қалтасы клоаканың дорсальды бетінде орналасып,оның дивертикуласы болып табылады.Бұл құстардың лимфоид ұлпаларында болады.Фабрициус қалтасының негізгі структуралық элементі –қабық және модуллярлы аймақты лимфа түйіні.Қабықты қабаты бірнеше лимфоцит қабатын түзеді.Оның астында эндодермальды ,базальды ,эпителиалды қабат орналасқан .Ортанғы бөлігінде ретикулоциттердің ортасында кіші лимфоциттер болады.Ми аймағының шетінде лимфоид қатарына жататын нашар дамыған базафильді клеткалар орналасқан.Фабрициус қалтасын алып тастаса антитела синтездеу жойылады.Сезімталдықтың баяу түрі клеткада бұл жағдайда толық сақталып қалады.Құстарға қойылған бұл әжірибеге ағзадағы иммунитеттерді екіге ,яғни Т және В жүйеге бөлуге мүмкіндік береді.
Жілік майы
Сүтқоректілерде фабрициус қалтасы болмағандықтан лимфа клеткасының В-жүйесі жілік майынан түтік клеткалары арқылы пайда болады.Көптеген сүйек майы лимфоциттері В-лимфоциттерге жатады және плазматикалық клетка қызметін атқарады,яғни антителопродуценттер.
Түтікшелі клеткалар жілік майынан шығып ,қан айналымына өтеді де,ағзада айналымға түседі ,айыршық безге және тағы басқа лимфа ағзаларына түсіп ,лимфопоэтикалық дефференцировкасы Т және В лимфоциттерді түзумен және көбеюмен жалғасады.Түтік клеткалары барлық лимфа ұлпаларына «ұрық материалдары» болып саналады.Сондықтан да ,жілік майы орталық ағзалардың бірі болып саналады.
Адамның жілік майында 1,5% ретикулярлы клетка,60-65% әр түрлі дәрежеде дамыған миелоид клеткалары,6-8% лимфоциттер ,1-3% моноциттер,0,4 % мегакариоциттер,0,4% плазмацитті ретикулярлы клетка және шамамен 26% эритробластар болады.
Жілік майында түтік клеткасы 10 ⁻⁴,көк бауырда 10⁻⁵ концентрациясын құрайды.Түтік клеткасының жілік майынан қан айналымына дейінгі жылдамдығы белгісіз.Мысалы тышқандарда ол өте жоғары:бір сөткенің ішінде жілік майынан 2% түтікше клеткалары (оның жалпы санынан шығады).