Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроба билет 31 32 33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.69 Кб
Скачать

Билет № 32

  1. Инфекция, инфекциялық үрдіс, инфекциялық ауру.Инфекциялық аурулардың дамуының шарттары ( инфекция көзі, механизмдері және берілу жолдары).

Инфекциялық үрдіс - бүл белгілі уақытта шектелген белгілі сыртқы орта жагдайларында өтетін, және де молекулярлық, субклеткалық, клеткалық, тіндік, мүшелік және ағзалық деңгейде байкалатын, макроорганизмнің заңды өлімімен немесе оның коздырғыштан толық жойылуымен аяқталатын микро- (қоздырғыш) және макроорганизмдерді биологиялық жүйелердің күрделі қарым-қатынасы.

Инфекционды ауру - өзіне тэн нозологиялық белгілері бар және дамуының белгілі дэрежесімен сипатталатын инфекциялық үрдістің көрінуінің нақты формасы.

Инфекциялық аурулар патогенді қоздырғыштың эсерінен дамиды. Инфекциялық аурулардың баска аурулардан ерекшелігі олар ауру адамнан немесе жануардан сау адамдарға беріліп, жалпылай таралуында. Инфекциялық ауруларға этиологиялық агенттің, дамуының және иммунитет калыптасуының спецификалылығы тэн. Адамның барлық ауруларының ішінде инфекциялық ауруларға 20-40% келеді.

Инфекциялық үрдістің табиғаттағы ең күрделі биологиялық үдерістердің бірі екенін айта кеткен жен және ол адамзат үшін үлкен көлемде экономикалық зардап экелетін қиратушы фактор.

Инфекциялык аурулардық саны жылдап өсуде. Егер 1955 жылы олардың саны 1062 (В.М. Жданов) болса, қазір 1200ден астам.

Инфекциялық ауруларға тірі коздырғыш емес, ал олардың омір сүру әнімдерінен дамитын тағамдық токсико инфекциялар да жатады. Және бүл кезде инфекциялык үрдіс дамымайды ал тек интокцикация байкалады. Яғни инфекциялық үрдіс дегеніміз қоздырғыш пен макро организмнің белгілі сыртқы орта жағдайындағы қарым қатынасы. Қоздырғыш

инфекциялық үрдістің туындауын ғана емес оның спецификалылығын анықтайды, осылайша оба қоздырғышы тек обаны холера қоздырғышы тек холераны және т.е.с басқада қоздырғыштар белгілі ауруды туындатады. Өмір сүру барысында адам милиардтаған микроорган измдермен катынасады, дегенмен олардың аз бөлігі ғана ауру туындатады. Бүл ауру туындату қсиеті микроорганизмнің патогенділігімен анықталады.

Патогенділікг - бұл микроорганизмнің гендік бекітілген ауру туындата білу қасиеті. Бұл белгісі бойынша микроорганизмдер патогепді, шартты-патогенді, патогенсіз болып жіктелінеді. Патогендікті анықтайтын негізгі факторлар болып вируленттілік, токсигендік және инвазивтік қасиеттері жатады.

Вируленттілік - эр нақты патогенді қоздырғыш ушін патогенділік дәрежесі.

Токсигенділігі - бұл әр турлі уытты токсиндерді бөле алу қасиеті.

Инвазивтілігі - макроорганизмнің тіндері мен мушелеріне еніп, онда көбейе алу касиеті. Патогендік қасиеттері эр коздырғыштын генетикалық элементтерінде (плазмидалар, траспозондар және т. б.) сақталады.

Инфекциялық урдістің туындауында тек патогенділік касиеттері ғана емес, организмнің жалпы жағдайы эсер етеді. Организмнің корғаныс факторлары спецификалық (иммунды) және бейспецификалық болып бөлінеді.

Ауру туындау үшін қоздырғыш организмнің бірнеше қорғаныс барьерларынан өтуэ тиіс. Оларга ең алдымен организмнің өз калыпты микрофлорасы жатады. Бұл микроорганизмдердің басым бөлігі ішекте, өкпеде және теріде орналасқан. Олар патогенді микрофлораны тежейтін көптеген механизмдерге не (перистальтиканьщ стимульденуі, ішек эпителиінің орнына адгезияга бәсэкелестік, антибиоттикалык заттардың

бөлінуі, иммунологиялық қорғаныс механизмдерінің индукциясы және т. б.).

Дэл осылай өзінің қорганыстық және бөгеттік қызметін тері және респираторлы тракт аткарады.

Ары қарай қорғаныс реакциясына табиғи иммунитеттің факторлары (фагоциттер, антиденелер, лизоцим, интерферон) іске қосылады. Және де қөптеген жағдайлалда жүре пайда болтан иммунитет, иммунологиялық толераттылық өз эсерін береді.

Ағзаға түскен патогенді қоздырғыш пен организм арасында белгілі уақыт аралығында циклді дамитын инфекциялық үрдіс өтеді. Оның бірнеше кезектескен сатыларын ажытарамыз: инкубациялық (латентті), кезец, продромальдық кезен, аурудың жедел көрініс өрбу кезені және жазылу кезені.

Инкубациялық кезен - зақымдаған мерзімнен аурудың клиникалық белгісі басталғанға дейін өтетін уақыт. Қоздырғыштың касиетіне, макроорганизмнің иммундық статусына, макро және микро организмдердің өз-ара қарым қатынас сипатына байланысты инкубациялық кезен бірнеше сағаттан бірнеше айға, тіпті жылға дейін созылады.

Продромальды кезен - осы ауруға тэн бейспецификалық жалпы симптомдардың пайда болуымен сипатталады. Мысалы, элсіздік, тез шаршағыш, тэбеттің болмауы және т. б.

Аурудың жедел көрініс кезені - аурудың өршуі. Бүл уақытта аурудың өзіне тэн спецификалық симптомдар пайда болады. Мысалы, іш сүзегінде - бөртпелер, вирусты гепатитта - дененің саргаюы және т. б. жатады.

Сауығу кезені - симптомдардың басылуы, баяу ағзаның зақымданған мүшелердің қайта қалпына келуі.

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. Нақты барлық дэрігерлер қолданатын классификация элі күнге дейін жоқ. Себебі жүйелілеудің үсынылған эдіс - тэсілдері өте көп. Бүл инфекциялың аурулардың санының өте көптігімен сипатталады.

Маңызды болып инфекциялық үрдісті туындаткан коздырғыштардың түрлері жатады. Осыған байланысты жүқпалы ауруды тек бір қоздырғыш туындатса- моноинфекциялық, бір уакытта бірнешеуі туындатқан аурулар - аралас, микст-инфекциялар деп аталады.

Микроорганизмдердің адам үшін қатерлігіне байланысты келесі 4 топқа жіктейді:

1. Өте қауіпті аурулар қоздыргыштары: оба, оспа, Ласе және Эбол лихорадкалары

2. Жоғары контагиозды бактериальды және вирусты инфекциялар: сібір түйнемесі, холера, іш сүзегі, бластомикоз, және т.б.

3. бактериальды саңырауқүлақтық, вирусты және протозойлы инфекциялар: көкжөтел, сіреспе, ботулизм, туберкулез, кандидоз, малярия, лейшманиоз, грипп, полиомиелит т.б. аурулардың қоздыргыштары

4. бактериаьды, вирусты менингитті, пневмониялар мен энтеритті, токсико инфекциялар мен жедел улануды туғызатын қоздырғыштар: анаэробты газды гангрена қоздырғышы, амебиаз, аденовирус, герпесвирустар жатады.

Жіктелудің енді бір түрі экзогенді және эндогенді (аутоинфекция) болып табылады. Қоздырғыштың сырттан түсуімен сипатталатын -экзогенді инфекция, ал шартты-патогенді микроорганизмдердің патогендіге ауысып, ауру туындатуы - эндогенді инфекция деп аталады. Аутоинфекция жиі бадамша бездерде, тоқ ішекте, бронхтарда, өкпеде, зэр шығару жолдарында, тері сыртқы орта факторларының ағза үшін қолайсыз жағдайларында, ауруға түрактылық пен төзімділік төмендегенде дамиды.