Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурак жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.06 Кб
Скачать

21. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты.

23. Этносаралық конфликттің анықтамасы мен классификациясы. (21,23 смысл одно и тоже, материала много из-за этого даже можете на 2 поделить, как 2 такырып, я взяла екеун бир )

Этникалық конфликтілер туралы түсінік

Соңғы уақыттағы қоғамда болып жатқан өзгерістер этникалық конфликтілерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырып отыр. Орыс-американдық социолог П.Сорокиннің есептеуіне қарағанда, адамзаттың 24 ғасырлық тарихының 4 бейбіт жылына 1 жанжалды жыл (соғыс, революция) сәйкес келеді екен. ХХ ғасыр дау-жанжалдыр 300 млн. Адамның мерт болуына әкеліп соқтырған. Ал ХХІ ғасырға адамзат дау-жанжалдарының өте ірі түрлерімен келіп кірді (Кавказ, шешендер, Таяу Шығыс, Ауғанстан, т.с.с.). конфликтологтардың пікіріне қарағанда, ХХІ ғасыр адамзатты мынадай альтернативаға әкеліп тіреді. Бұл ғасыр не дау-жанжал ғасыры болады, не өркениеттер тарихындағы соңғы ғасыр болады. Қазіргі кезде этникалық дау-жанжалын зерттеуді қарастырып отырған он бір ғылым бар, соның ішінде психология, әлеуметтану, саясаттану, т.б.

Этнопсихологиялық сөздікте этникалық дау-жанжал деп ұлттық топтар арасындағы өзара келіспеушіліктің қарулы соғысқа дейін апаратын қатынастар формаларының бірі қарастырылады. Дау-жанжал социумның бөлініп кетуі мен арасы ашылуынан, бір ұлттың екінші ұлтты жәбірлеуінен, әлеуметтік қатынастар мен адам аралық байланыстардың бұзылуынан пайда болады.

А.Я. Анцупов этникалық дау-жанжалдарды үрлі этностық әлеуметтік топтардың, екі немесе одан да көп этностардың арасында пайда болады деп қарастырса, Т. Стефаненко кез-келген топтардың арасындағы этникалық ерекшеліктеріне байланысты мәселе қозғалған жағдайдағы келіспеушіліктер деп көрсетеді.

Кейбір ғалымдар этникалық дау-жанжал таза күйінде кездеспейді деп санайды. Себебі, кез-келген дау ең алдымен экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерден туындайды.

Этникалық конфликтілердің түрлері

Этникалық дау-жанжалды мазмұны мен мақсатына қарай мынандай түрлерге бөлуге болады:

1. Әлеуметтік-экономикалық жанжалдар: этникалық топтардың барлық өкілдеріне бірдей әлеуметтік-экономикалық теңдікті талап ету, азаматтық құқықтан бастап экономикалық жағдайға дейін;

2. Мәдени-тілдік дау-жанжал: этникалық топтардың мәдениеті мен тілінің өмір сүруі, дамуы мәселесі шешіледі;

3. Саяси дау-жанжал: этникалық топ мүшелері саяси құқықтарының орындалуын талап етеді;

4. Территориялық дау-жанжал: шекараны өзгерту, басқа мемлекетке қосылу, немесе тәуелсіз мемлекет құру.

Этникалық конфликтілердің негізгі аспектілері:

1. Этнопсихологиялық аспект – дау-жанжал жағдайында ұлттық ерекшеліктерді қорғау; мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары бұзылмауын қадағалау;

2. Социомәдени аспект – этностық топ ретіндегі, ұлт ретіндегі жойылу қаупі туғанда пайда болады;

3. Әлеуметтік-экономикалық аспект – әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, дискриминация, аз топтардың экономикалық жағдайларына мән бермеу;

4. Саяси аспект – этникалық топтардың ішінде саяси лидерлердің пайда болу себептерін қарастырады.

Егер адам қатал тәрбиеде болған болса, ол соның нәтижесінде пайда болған агрессиясын басқа адамдарға бағыттап, «авторитарлық тұлғаға» айналады. Мұндай адам бөтен халықтарға ұнатпай қарайды, өзінің мәдениеті мен құндылықтарына беріліп, басқа этностық топтарға сол деңгейде талап қояды.

Этникалық конфликтілердің пайда болу себептері

Этникалық дау-жанжалдардың пайда болуының әлеуметтік-психологиялық механизмдерін анықтауда мынандай екі жағдайды ескеру қажет:

- Топаралық әр түрлі дау-жанжалдарда бір ғана механизм басты рөл атқаруы мүмкін;

- Тұлғааралық өзара әрекеттегі психологиялық механизмдердің топ аралық ықпал ету мүмкіндігі.

Сонымен, дау-жанжалдардың тууына себеп болатын психологиялық концепцияларды қарастырсақ:

1. Топаралық дау-жанжал адамдардың мінез ерекшеліктерінің сипатына байланысты пайда болады (туа пайда болатын).

В. Магдугалл: агрессия – адамның табиғатына қарай, ағзасында пайда болатын, зиянсыз биологиялық құбылыс.

З.Фрейд пен К.Лоренц: агрессия топты қорғауға бағытталған мінез көрінісі. З.Фрейд топтар арасындағы қарама қайшылықтарды (жау санау) тек күш көрсету арқылы жоюға болады деп санайды.

2. Дау-жанжал адам немесе топ фрустрацияға кезіккенде пайда болады.

Н.Миллер, Д.Доллард, Л.Берковиц: Бір кездерде фрустрацияға ұшыратқан адамдарға ұқсас адам дау-жанжал туғызу себепшісі болуы мүмкін. Ұлт, нәсіл, этникалық ерекшеліктері негізгі белгі бола алады.

3. «Авторитарлық тұлға» концепциясы.

Т.Адорно: Адамның басқа топтарға қатынасы оның отбасындағы тәрбиесі мен балалық шағындағы әлеуметтену процесіне байланысты қалыптасады.

Этникалық конфликтілердің пайда болу себептері

- Геттоизация тәсілі – бөтен мәдениеттен қашқақтау, жоламауға тырысы;

- Ассимиляция – индивидтің өз мәдениетінен бас тартып, өзгенің мәдениетін қабылдауы;

- Аралық тәсіл – екі жаққа бірдей келісім;

- Ассимиляцияны бөлшектеп қолдану – өмірдің кейбір жағдайларына байланысты;

- Мәдени колонизация – ірі мемлекеттердің кіші мемлекеттерге көмек көрсетуі.

Конфликтілерде арашалаушының рөлі

Осы тақырыпқа байланысты арашалаушы мен дау-жанжалдың арасындағы регламенттелген жақтарын көруге бірнеше анықтама бар.

- Дау-жанжалдаушылар өздері таңдап алған арашалаушысын кейіптеу жағынан қарау керек;

- Арашалаушы дау-жанжалға қатысушы емес, керісінше, бейтарап болуы керек;

- Егер де арашалаушы екі жақтың көзқарастарын жеке-жеке тыңдап көретін болса ғана, ол пайдалы болады;

- Дау-жанжалдаушылар арасындағы арашалаушының қатысуымен келісу керек, және нақты шешімге келген кезде арашалаушының ұсынысын қолдау керек;

- Арашалаушы екі жақтың әрқайсысының көзқарастары мен сезімдерін де қолдауы қажет;

- Арашалаушының ең басты міндеті – ақпаратты жинау және проблеманы анықтау;

- Арашалаушы дау-жанжалдаушыға жол беруіне көмектесуі керек.

Егер де қандай да бір адам арашалаушының орнында болып өз ісіне байланысты ешқандай ой таппаса, онда одан ешқандай жетістік жоқ. Әсіресе, ол басқарушының жүріс-тұрысына байланысты. Мысалы:

1. Дау-жанжалдың себебін анықтау үшін басқарушы адам қажет:

- дау-жанжалдың қандай себептен болғанын анықтау;

- дау-жанжалдың не себептен пайда болғанын білу;

- дау-жанжалға қатысушылардың қарым-қатынасын анализдеу.

2. Дау-жанжалдың анализі. Басқарушы адам арқылы:

- дау-жанжалдың қандай дәрежеде пайда болғанын

4. «Конфликтілердің шындықтағы бейнесі теориясы» (М.Шериф). Топтардың мақсат, мүдделері сай келмеген жағдайда пайда болатын дау-жанжалдар туралы теория. Этникалық топтар арасындағы бәсекелестік дау-жанжалға апарып соқтырады. Этникалық топтың өз ішінде ұйымшлдықты қалыптастырғанмен, топ арасында алауыздық пайда болады.

5. «Әлеуметтік сәйкестік теориясы» (А. Тешфел). Топтар арасындағы жауластықтың пайда болуы үшін міндетті түрде мақсат, мүдделердің сай келмеуі қажет емес, сонымен бірге өз тобына, ұлтына, этникалық ерекшеліктеріне қарай этникалық сәйкестіктің қалыптасуы да жеткілікті. Бір топтың мүшелері бірыңғай қабылданады (орыстар, шешендер).

6. «Адами қажеттіліктер теориясы» (Дж. Бертон) этникалық топ мүшелерінің онтологиялық қажеттіліктерінің жеткілікті қанағаттандырылмауынан дау-жанжал пайда болады. Мысалы, дербестігі, қауіпсіздігі, сәйкестігі жоқ болса, дау-жанжалға себепші болады.

Ғылыми әдебиеттерде шиеленіс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50 – ге жуық ). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиеленіс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.

Мәселен, Е. М. Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиеленіс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама – қарсылығынан немесе, мәнді айырмашылықтарынан туатын қақтығыс түрі. Әлеуметтік шиеленіс шешілуі қажет әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның білгілі бір себептері, қозғаушы күштері (таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар т.б.) болады. Сонымен бірге шиеленіс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.

Әрине бұл берілген анықтама әлеуметтік шиеленіс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеленістің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.

Шиеленіс болуы үшін оның барлық алғы шарттары пісіп жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеленістерді өзара тығыз байланыста болатын элементтерден тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет.