Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурак жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.06 Кб
Скачать

О.И.Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:

Берілген тест индивидтің әртүрлі нормаларды қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтер де нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Коммуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтық әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.

  1. Қазіргі заманға этносаралық қатынастардың психологиясы.

Этносаралық қарым-қатынас – әртүрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай-ақ соларға тән іс-әрекеттердің жиынтығы.

Этносаралық қарым-қатынасты анықтаудың бастысы, оларды бүгінгі таңда үлкен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Дегенмен бiздi ұлтаралық қатынастар үшiн ғана тән, психологиялық оқиғалар және процесстер айрықша болмағанын түсiнемiз. Топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас үшін универсалды болып табылады.

Этностық символдардың ролі адамның психологиялық құбылыстарын зерттеуде өзіндік орны бар. Әр түрлі этностық қауымдастықтардағы этносаралық қабылдау ерекшеліктерін зерттеу қажеттігі үнемі өз маңыздылығын жоймайды. Этносаралық өзара әрекеттестік және этносаралық түсінудегі шекараларды талдау барысында этнопсихологиялық білімдер өз көрінісін нақты табады.

Қазіргі нарықтық қоғам екінші онжылдық өзінің тарихында өзгерісті кезеңді басынан кешіріп отыр. Қоғамның тіршілік әрекетінің сфералары, сонымен бірге этнопсихологияның парадигмалары да өзгерістерге ұшырап отыр. Өтіп жатқан процестер әлемдік бірлестік дамуындағы глоболизация мен интеграцияға бағытталған. Қазіргі этнопсихология мәселелері жыл сайын әртүрлі этностық бірліктегі және әлеуметтік жағдайы мен білімі әртүрлі адамдардың қызығушылығын тудырып, қоғамда өзіне аса көп назар аудартады.

Тәуелсіз, егеменді және көпұлтты мемлекетті қазіргі кезде құру этносаралық қатынастардың даму динамикасын, этносаралық өзара қатынасты, этникалық өзіңдік сананың қалыптасу ерекшелікгерін, этностық сәйкестілікті, этностық шиеленіс пен этностық конфликттердің психологиялық табиғатын зерттеуге арналған теориялық және эмпирикалық зерттеулердің пайда болуын ынталандырады.

Осыған байланысты, қазіргі кездегі қоғамның даму сатысында этносаралық қатынастарды құру тәжірибесінде құндылыққа ие этнопсихологиялық негізгі мәселелерді зерттеу ерекше орын алады.

  1. Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі

«Этностық сәйкестілік» ұғымын 1953 жылы термин ретінде ғылыми айналымға кіргізген американ социологы Д. Рисман еді. «Сәйкестілік» У.Джеймс «Психология қағидасы» жұмысында алғашқы рет «сәй» ұғымын қолданған. Онда «сәйкестілік» ұғымы «тұлғаның-Мен» түсінігімен байланыстыра отырып, өзарабайланыстың екі жағы бар екенін сипаттады. Яғни, «біріктіретін-Мен» және «Мен объект ретінде» У.Джеймс осы ұғымдардың шеңберінде мыналарынан түйінге келді, психология пәні бұл «тұлғаның тепе-теңдік сезімі» мен «Мен»-нің өзара байланысы. «Сәйкестілік» термині психологиялық контексте алғашқы рет З.Фрейд «Адамзаттың «Мен»-ін талдау және жаппай психология» еңбектерінде пайдаланған. З.Фрейд сәйкестілік мәселесінің жаңа парадигмаларын ұсына отырып, сәйкестілік, тек баланың ата-анасымен эмоцианалды байланысында санадан тыс деңгейінде көрініс таппайды, сонымен қатарәлеуметтік топтар мен тұлғааралық өзара әрекеттердің маңызды механизмі ретінде қарастырды.

Соңғы жылдары «сәйкестілік» көптеген ғылымы білімдердің шеңберінде-әлеуметтану, саясаттану, этнология аумағында да қарастырылып келеді.

Бірақта, топ пен индивидтің қатынасын зерттеу аумағында индивидке және тұтастай әлеуметтік ортада психология көзқарасы бойынша, ғылыми мағыналы сипатқа ие.

Э. Фромның «Бегство от свободы» еңбегінде адам мен қоғамның өзаралық қатынасының ерекшеліктерін талдай отырып «сәйкестілік» ұғымын психология ғылымының басты ұғымы ретінде қарастырылды.

Әлеуметтік сәйкестілік этникалық сәйкестілікте басты орын ала отырып, әлеуметтік психологиялық феномен ретінде, ұлтаралық және ішкі топтың механизімін анықтайды және әртүрлі ұлттық этникалық топтың өкілдерінің өзара қарым-қатынастың шынайы сипатқа ие.

«Этникалық бiрдейлiк» терминінің өзі салыстырмалы жаңа, алғаш ол 1953 жылда Д.Рисманның американдық ғалымы зерттеулерiндегi жұмсалды. Трансформация (көне лат. transformatіo – айналу), генетикада – оқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық ақпаратты қандай да бір жасушаға ендіру процесі. Трансформация құбылысын 1928 жылы ағылшын ғалымы Ф.Гриффит (1877 – 1941) ашқан.