
- •Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны.
- •3.Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде.
- •4. Тұлғанын этнопсихологиялык детерминанты
- •О.И.Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:
- •Қазіргі заманға этносаралық қатынастардың психологиясы.
- •Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі
- •16. Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі
- •17 Қазіргі заманғы этнопсихология құрылымындағы этностық таптаурындар.
- •20. Этносаралық шиеленіс психологиясы (г.У. Солдатова). Этносаралық шиеленістің фазалары
- •21. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты.
- •22. Топаралық конфликттің әлеуметтік-этностық теориялары.
- •24 .Этникалық психологияның қолданбалы аспектілері.
- •25. Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері.
4. Тұлғанын этнопсихологиялык детерминанты
Адамдардың физикалық ерекшеліктеріне, олардың ұлттық, этностық ерекшеліктеріне қарамастан, олардың барлығы адам болып табылады. Барлығы да Homo sapiens, яғни саналы адамға жатады. Тарихты дамытып, тасушы субъектісі, негізі – жалпылама адамзат болып келеді. Адамның әрекеті 20 ғасырда глобальды, дүниежүзілік сипат алады.
Қазіргі кездегі ғалымдар адамзатты зерттеуде адамның ғарыштық прогрестерімен т.б. мистикалық күштермен өзара әрекеттесуін қарастыра бастады. Ең әйгілі ғылыми білім тұрғысынан, адамның өмірі мен әрекеті, дүниежүзілік процестің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ тұрмыстық өмірде адам конфликтіге барады, соғысады. Неге адамдар тұтастығын, ортақ тағдырларын түсінбейді? Неге бірнеше достардың өзі келіспей қалады деген сұрақтар туындайды?
Себебі, көптеген адамдарды оларды біріктіретін қасиеттер емес, жіктейтін, бөлетін қасиеттерге мән береді. Адамдарды әр түрлі қасиеттер бойынша жіктеуге болады. Белгілі бір мағынада, адамзат бір ұрпақты емес, ол көптеген әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір топтарда миллионннан, миллиард адамдар болады. Мысалы, нәсілдер.
Нәсіл (расы) – биологиялық түрдің бір категориясы, латын тілінен аударғанда нәсіл дегеніміз – пайда болу бірлігі мен тарауы, дамуы белгілі бір жиынтықпен байланысты ортақ физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Нәсілдің негізгі үш түрі бар:
негроидты;
европеодты;
монголоидты.
Нәсілдерді бір-бірінен ерекшелейтін негізгі қасиет-сапаларға бөлінеді:
терісінің түсі;
көзінің, шашының түсі;
бас сүйектің формасы бойынша;
денесінің ұзындығы бойынша.
Кез-келген топтың құрылымында әрбір адамның әлеуметтік рольдері, статусы болады. Мысалы: ежелгі кездің өзінде дүниежүзілік нәсілдің бірі – индуизм - әрбір адам денесін ұстау үшін, жұмыс істеу керек деген. Адами қоғам жасайтын әрекеттеріне байланысты 4 әлеуметтік классқа жіктелген, олар:
интелегенция класы;
администрациялық класс;
сатушы класс;
жұмысшы класс.
Көптеген адам жөніндегі ғылым саласындағы мамандар – осы этнопсихологияның жетістіктері әлеуметтенуді зерттеумен байланысты. Кейбір теоретиктер балалық этнографияны еркін тәртіп сапасымен өзіндік теориямен зерттеу әдістерден ерекшелейді. Қазіргі заманда – салыстырмалы мәдени зерттеу әлеуметтенуді бала кең ауқымды меңгереді. Және оны төрт бөлімге бөледі.
әлеуметтік прцесстерді зерттеу, оның әдістері және арнайы мәдениетті меңгеру тәсілдері
балаларды тәрбиелеу мен және басқа салада өмірдік тәсілдерді зерттеу, оның тәртіп пен мақсаттылығын анықтайтын әлеуметтік институтқа ерекше көңіл аударады.
әлеуметтік зерттеу нәтижесін, т.б. – баланы тәрбиелеу мен және ересектердің мінездерін зерттеу әдістерімен өте байланысты.
Қандай да мәселе зерттелгенмен, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметттенуден мәдениетсіздікті бөле отыра, біріншіден тұлғаның адамдық интеграциясын түсіндіреді. Мәдениетсіздік процесінің – тұлғаның ойынша әлемді тану және мінез құлықты меңгереді, осының нәтижесінде оның эмоционалды және тәртіптерінің ұқсастығы нақты берілген. Мәдениет пен басқа мәдениетсіздік арасындағы айырмашылық алғашқы мәдени процесс ең алдымен баланың дүниеге келген күнінен бастап және өмірінің соңында аяқталады. Мәдениетсіздік процессінің соңы – адам, тіл жөніндегі дәстүрге байланысты Херсковиц мәдениетсіздіктің екі бөлімін қарастырды.
Балалық шақта – тілдің шыға бастағанында Херсковицтің айтуынша, осы кез мәдениетсіздіктің дамуы болып табылмайды. Ересектер оны жазалағанда, яғни баланы кешіргенде оның таңдау құқығын бөледі.
Кәмелеттік шақ – жеткіншек кезге жеткенде мәдениетсіздіктің көрінуі аяқталады. Бірақ мәдени есейген шақта мінез қалыптасады. Херцковицтің айтуынша мәдениетсіздік туралы түсіндіргенде – көптеген зерттеушілер маңызды қиындықтарға ұшырайды. М.Мид әлеуметтану арқылы әлеуиеттенуді түсіндіреді. Ол мәдениетсіздікті «шынайы зерттеу процессі» деп түсіндірді. Мәдениетсіздік әлеуметтенудің жемісі – субъектінің базалық, психологиялық аспектісі. Дегенмен әрбір саладағы зерттеушілер бізді қызықтыратын ұғымды шектейді, оларды бір шешімге келтіреді. әлеуметтенудің ауқымды екенін байқайды. Қазіргі таңда этнопсихологияда тағы бір ұғым қарасытылды – ол мәдени трансмиссия. Мәдени трансмиссияны қолдана отырып, топ өзінің мүмкіншілігін арттырады. Ол келер ұрпаққа өзіндік айрықша механизмдермен оқытылады. Трансмиссия үш типке бөлінеді.
Ешқашан да мәденитетті талап ететін «әлеуметтен және әлеумет танушылардан жалпы иерархия деңгейі» болған емес. Егер де европалықтардың көзғарасы, санасы бойынша қарайтын болсақ, оларда, ата-аналардан ең бірінші шеше-басты және жалғыз әлеуметтанушы болып табылады, барлық бөлінген функцияларды атқарады. Көптеген дәстүрлер мәдениетте, бала тек қана әке мен шешеге ғана емес, ол бүкіл қоғамдық жерде, өзі тұратын мекенінің қарауында, сәйкесінше олардың баланың тәрбиесіне әсері бар. ХХ ғасырдың ортасында этнографтар көптеген халықтың балаларының «қозғалысын» байқаған. Белгілі бір аралда 50-60 жылдары 61% бала ата-аналарымен бір үйде, бір жанұяда тұрмаған, олар бір жанұядан екінші жанұяға көшіп отырған. Осы кезде осылай әртүрлі жанұяда тәрбиеленушілер дәстүрі көптеп таралған. «Туыс, Әке, Шеше» деген терминді кейбір мәдениетте жаңа европалықтарға қарағанда олардан көп айырмашылық бар. Ол адамдар өзінің туған шешесін білгенімен олар бәрібір де басқа әйелдерге шеше дей береді. Бұнда негізгі баланың әке-шешесі болып, оның нақты осы уақытта тамақтандырып, асырап, тәрбиелеп отырған адамды ол ата-анасы яғни әке-шешесі болады. Бірақ ол өзге адамға да тіпті өзінің туған әке-шешесіне де шеше дей береді. Мәдениеттерде этнографиялық ұқсастық болғандықтан мысалы австриялық аборигендерде баланың бірінші жылдарды ол анасымен тығыз байланыста, ал жетім баланы олар байқұс және тәрбиеленбеген, жаман бала ретінде көреді. Оларда баланы тәрбиелеуде ата-анасының жанында көмекшілер болады, баланы қатаң тәртіппен ұстап, өсіреді. Егер ата-анасы қайтыс болған жағдайда, оны алмастырушы ретінде, осы көмекшілер керек. Баланы туғаннан бастап әр түрлі әйелдер емізеді, және оны біреуден екіншісіне бере береді. Баланы оқытқанда, тәрбиелегенде тек қана оның туыстары емес басқа да тұрғындары көмектеседі. Мұндай ортада өскен бала – М.Мид ойынша ол бала тек қана ата-анасының қорғауында емес барлық қоғамдағы адамдарға тәуелдімін деп өседі.
Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде.
Ұлттық психология — белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Алайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге тәуелді ол да өзгеріп отырады.
Ұлттық психология ұғымы
Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта — қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды.
Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана — қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.
Үшіншілен, ұлттық психология — ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Ұлттық психология — әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие — этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды
Ұлттық психология ерекшеліктерінің құрылымдық эелементтеріне ұлттық талғамы жатады. Жалпы психологияда талғам мәселелерінің физиологиялық негіздеріне және пайда болуының принциптеріне аса көңіл аударылады. Бұл жалпы психология пәнініің тұрғысынан қарағанда дұрыс әйткенмен де тек талғам емес, эмоция және сезім, мұқтаждық т.б. ұлттық психологияның элементтері белгілі бір физиологиялық негізде пайда болады. Ұлттық талғам мәселелері жалпы талғам мәселелерінен ерекше бөліп алып қарауға болмайды. Талғам адамдардың бірінші өмірлік қажеттіліктерімен тікелей байланысты. К.Маркс айтқандай өмір сүру үшін ең алдымен ішіп-жеп, тұрғын-үй, киім кешек және т.б. керек. Адамзат өзін қоршаған айналаны талғам арқылы таңу, түсінуі, онтогенетикалық және филогенетикалық мағынадан алғанда үздіксіз болып тұратын процесс. Бұл танымдар оны өзіне қажетті нәрселермен қамтамасыз етумен оның әдістерін ғана дамытып қоймай, рухани дамуға да әсерін тигізеді. Талғам адамға тек физиологиялық қанағат қана әкеліп қоймай, онсыз адам өмір сүре алмайтын көптеген эмоциялық құбылыстарға ұшыратады.
Ұлттық талғам тұрмыстық тұтыну жихаздарың және оларды пайдалану мен әсемдеуден, өнерден, киім киюден т.б. анық байқалады, әрі өзіндік ерекшелік реңі болады. Осы ерекшеліктердің қалыптасуына өзіндік ерекшелік сипат беруде географиялық ортаның маңызын естен шығармаған жөн.
Талғамдар қондырмалық құбылыс және ұлттық психологияның элементі ретінде халықтар өмірінің ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, өмірдің өзгеруіне сәйкес талғам да өзгерістерге ұшырайды. Оны қазіргі ұлттар мен ұлыстар тұрмысыныан, мәдениетінен, киімінен т.б. өмірлік талғамдарынан байқаймыз. Бұл туралы атақты жазушы Шыңғыс Айтматов былай дейді: «Қырғыз әдебиетінде тезек түтінінің, қымыздың және тері тонның иісіне, - «ұлттық ерекшеліктің» осы «міндетті» қасиеттеріне жаттану... біздің маңдайымызға жасалып қоймаған... Бүгінгі таңда бізге бензиннің, машиналардың ,тракторлардың иісі анағұрылым жақын, тұрмыстан шығып, жоғалып жатқан нәрселерге қарағанда, механикамен және қазіргі өмір қарқынымен байланысты нәрселер жақынырақ». Ұлттық, саяси-әлеуметтік өмірдің өзгеруі, өркендеуі тілдің дамуына, оның сапасына да ықпалы күшті. Оны күнделікті өмірден байқау қиын емес. Бір кездегі солақай саясат қазақ тілінің жөн-жосықсыз щұбаолануына әкеп соқты. Егеменді ел жағдайында ғана мемлекеттік терминалогия комиссиясы жіберілген ауытқуларды қалпына келтіруге ұмтылып отыр.
Талғам да қоғам сарынына лайық өзгереді. Мәселен, оның тарихи жүйесін бұзып, көненің көзін жоя берсек, ұлттық талғамның жалғасуы тоқталады. Уақытысында солай болып та келеді. Ұлттық тіліміздің шұбарлануы талғамның жаңа үлгісі емес, қысымға түскен ана тілдің тағдырына немқұрайды қарау, жауапсыздық пен қырсыздық деп түсінген ләзім. Ескімен күресіп жүріп жаңаның тәрбиелік мәнін, имандылық қасиетінің деңгейін естен шығарыппыз. Халқымыз құрметтеп, ғасырлар бойы сақтаған игіліктерді жаңаның тегеурінімен тұншықтырып, салт пен сезе астағанға ұқсаймыз. Көшпелі өмірдің дана салауатының туған халқымыздың үй жихаздарын, ат тұрмандарын білезік, сақина мен жүзіктерді өрнектеу жоғалуға айналды. Оның жөн-жосығын, нәзік сырын білетіндер сирек ұшырасады. Тіпті көшіп жүрсе де, аптаған ыстық далада тоңазытқышты керек етпеген халқымыздың ұлттық асханадағы тағамдары табиғи дәмін бұзбастан дайындау мен сақтау технологиясы қазіргі уақытта да жалғасатын өмір мектебіне айналуы қажет нәрсе.
Айтып кеткеніміздей, әдетғұрыптардың жақсысы да, жаманы да бар екені даусыз. Қазақ халқында өлікті ел бірлесіп, ағайын туысқан жиналып өкінішті бірге бөлісіп жеолеу теріс ғұрып емес. Жерлеу шығынын жақындары ортасынан көтеріп, кейін киімін есекрткіш етіп бірбірден бөлісіп алу қауымшылықтың жақсы белгісі болатын. Осы күннің өзінде кей жерлерде құныққан қулар, өлген кісі жақыны болмаса да, арандары ашылып, барды місе тұтпай, тіпті «жаңа ішік, тон, пальто, костюм, мыңдаған ақша салыңдар сүйегіне» деп, шаруасы шағын отбасына да қиғылық салатынды шығарыпты. Әрине, бұл жағдайда қазақөтың туысқандарына киім беру дағдысы кінәлі емес. Бұл дүние қуалаған кейбір қожамолдалардың арсыздық қылығы. Осындай жанжалдардың ертеректегі көрінісін белгілі жазушы Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясында ерекше анық суреттейді. Осы тұста кейбір зерттеушілер әдетғұрыптың штеленісіп, дұрыс ұйымдаспауын «қазақтың өлык жерлеудегі әдетінің оңбағандығы» деп түсінетін көрінеді. Мәселе әдеттің оңбағандығы емес, оның айналдырып өз құлқынына пайдаланбақшы болған топтардың оңбағаандығы екендігін ұғынуымыз керек.
Сонымен ұлттық психологияның құрылымдық елементтеріне әрі оның тығыз байланысты құбылыстарына ықшамды мазмұнда ғана тоқталдық. Аталап көрсетілген құрылымдық елементтер бірбірімен етене байланыста, өзара шарттас болып келеді. Сондықтанда зерттеушілер үшін осындай шым-шытырық процестер жеке дара сипаттауға қиындығын түсіндіретіні рас. Оларды айқын ажырата білу, әрине, көптеген қиыншылық жағдайға тап келтіреді. Ең бастысы ұлттық психологияның ерекшеліктері мен оның құрылымдық елементтерінің әлеуметтік негізі мен табиғаты бір арнадан таралады.
10 Әлеуметтік-этностық ерекшеліктерді психологиялық өлшеу әдістерінің жіктелуі
Этнопсихология ғылым ретінде "ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар". Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, ХVІІ, ХVІІ, ХІХ ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады
Әлеуметтік психология-латынның қоғам, гректің жан туралы ғылым деген сөздерінен тұрады. Адамдардың ұлттық психика ерекшеліктерінің, нақты әлеуметтік топ өкілдерінің функциясы мен заңдылықтарының нақты анализын, талдауын жасауға бағытталған. Әлеуметтік психологияның ерекше бір саласы-этникалық психология бөлініп шығып, продуктивті дами бастады. Этникалық психология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Әлеуметтік және мәдени специфика ұлттардың өмірін дұрыс түсіну қатал тиым салынуда болған кездің өзінде, басқа ғылымдардан бұрын өзінің қызығушылығымен адамдардың ұлттық және ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге кірісті. Бірақ, этнографтардың айтулары бойынша, этнопсихологиялық феномендер адамдардың индивидуалды және қоғамдық саналары психологиялық заңдылықтар емес, әлеуметтік және мәдени білімдерге түсіндіреді деп есептеген.Шетелде жоғарыда көрсетілген бағыттар бір-бірінен алшақтап, қазір олар тек қосымша мақсатта ғана қолданылады.әлеуметтану психологтарға ұлттық топтың, сол топ өкілдерінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, құндылықтарын, эмоция мен сезімдерін, салт-дәстүрлерін, әдет-қылықтарын; оладың өзара әекеттесулерін, әсер ету механизімдерін методологиялық дұрыс, жан-жақты білікті нақты түсінуге көмектеседі. Әлеуметтанушылар мен этнографтардың зерттеулері бойынша, бір адамды екіншісінен айыратын айырмашылықтарға ұлттық-психологиялық ерекшеліктер емес, әлеуметтік-мәдени феномендер-ұлттардың материалдық мәдениеті, олардың құрылымы, туыстығы мен өмірлік қамтамасыз ету жүйесі, топаралық және топішілік этникалық қарым-қатынастардың спецификасы екендігі анықталды.
1. В.В. Столиннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасы
Моно және полиэтностық топтардағы студенттердің өз өзіне қатынасын анықтау мақсатында біз В.В. Столинннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасын алдық.
2. Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г. Почебут)
Біз этностық «Менді» зерттеу барысында кез келген тұлға өзінің дамуы қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. По чебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.