Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурак жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.06 Кб
Скачать
  1. Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны.

Этнопсихология (этнос және психология) — әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым. Этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.) сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғ. ортасында Ресейде, кейінірек Батыс Еуропада (Лацарус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды. Қазақ елінде бұл мәселемен Шоқан Уәлиханов т.б. айналысты. Оның еңбектерінде "халық рутаг' дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны "халықтық психология" ұғымының синонимі деуге болады. Этнопсихологияның зерттейтін сан алуан мәселелері (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт және т.б.) бар. Этнопсихология міндеттері: әртүрлі халықтар мен мәдениеттер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық арақатынас ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық мінез мәселелерін, ұлттық өздік санамен этникалық стереотиптердің міндеттері мен қалыптасу заңдылықтарын, ұлттық қоғамдастықтар мен қоғамның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

Этнопсихологиянын зерттеу обьектиси улттар, этностар, улттык жане этникалык бирлик болып табылады.

Этнопсихологиянын пани болып журис-турыс ерекшеликтери, эмоционалды реакциялары, минез-кулкы жане психикасы болып табылады.

Этнос және оның мәні.

Қауымдастық сөзі өзінің кең мағынасында, қайталанбас өзіндік ерекшелігі бар, ортақ белгілер қатарына ие, тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды біріктіретін, адамдар жиынтығы болып табылады. Мәдени даму процесінде адамдармен саналы қалыптасатын қауымдастықтарға қарағанда, этностық қауымдастықтар адам санасы мен еркіне тәуелсіз, тарихи туындайды. Бұндай қауымдастықтың формалары әр түрлі – алғашқы қауым адамынан бастап қазіргі ұлтқа дейін.

Этностық қауымдастықтар – ұзақ уақыт бірлесіп өмір сүру мен өзара ортақ шығу тегімен байланысқан, адамдар тобы.

Адамдардың бірлесе отырып ұзақ уақыт өмір сүруі мен әрекет етуі процесінде, бір топты екіншісінен ерекшелейтін, әрбір топқа тән ортақ және тұрақты белгілер өндірілді. Бұндай белгілердің қатарына тіл, тұрмыстық мәдениеттің ерекшеліктері, сол немесе басқа халықтың немесе этностың қалыптасқан салт дәстүрлерін жатқызуға болады. Бұл белгілер (признаки) халықтың этностық өзіндік санасында жаңғыртылады (воспроизводятся).

Этностық қауымдастықтың функцияларына мыналарды жатқызуға болады:

  • Қажетті ақпаратпен қамтамассыз ете отырып, қоршаған әлемде адамды бағыттау;

  • Ортақ өмірлік құндылықтардың болуы

  • Қауымдастықтың барлық мүшелеріне тәндік (физическую) және әлеуметтік қорғанысты қамтамассыз ету.

Этностық қауымдастық уақытта тұрақты болып келеді, құрамның тұрақтылығы сипатына ие, онда адам тұрақты этностық статусқа ие болады, және оны этностан алып тастау мүмкін емес, осындай этностық қауымдастық сапаларының арқасында, адамдардың әлеуметтік мәдени өмірінің аса сенімді формасы болып табылады.

«Этнос» түсінігінің этимологиясы, бұл терминнің сонау ежелгі грек тілінде туындағаны жайлы айғақтар келтіріледі; халық, тайпа, адамдар тобы, дәйекті түрде өзге тайпа деп аталатын бірнеше мағынаға ие болды.

XX 20 жылдарында «Этнос» түсінігінің ғылыми интерпритациясына үлес қосқан орыс этнографы С.М.Широкогоров. Бұл ғалым «этностың» ғылыми анықтамасын бірінші болып қалыптастырды, ол этносты «бір тілде сөйлейтін, өздерінің біріңғай шығу тегін мойындайтын, дәстүрлер комплексына ие, басқа топтардан ерекшелейтін дәстүрлері мен тұрмыс салтының болуы» деп көрсетті.

Кеңестік ғылымда 1960 жылдың ортасына дейін «этнос» түсінігі қолданылмады. Тек 1960 жылдың ортасында этностық мәселеге жүгіну көрініс тапты. Этностық мәселені талқылаудың инициаторы болып, С.А.Токарев болды. Ол этном теориясының маңызды мәселелерін қалыптастырмақшы болды. Ол келесі қорытындыға келді: « этностық қауымдастық, шығу тегіне, тілі мен территориясына, мемлекетке тиістілік пен экономикалық байланыстарына, дін, мәдениетке байланысты – аталған әлеуметтік байланыстардың бір немесе бірнеше түріне негізделетін адамдар қауымдастығы».

1970 жылдың соңына қарай, кеңестік этнологияда бұл терминге байланысты, екі өзара бәсекелес түсінік қалыптасты. Осындай түсініктердің бірін акдемик Ю.В.Бромлей ұсынды, ол этносты әлеуметтік мәдени құбылыс деп түсінді, және оны былайша анықтады: «тек ортақ бет бейнесімен ғана емес, сонымен қатар психикасы мен мәдени ерекшеліктерінің тұрақтылығына қатысты, өзінің бірлігін (единство) түсіне отырып басқалардан ерекшелену, территорияда тарихи қалыптасқан, тұрақты, көп ұрпақтық адамдар жиынтығы».

В.А.Тураев этносты былайша сипаттайды: «Өзінің бірлігін (единство) саналы түрде ұғынатын, психикасы мен мәдениетінің тұрақты ерекшелігіне ие, адамдар жиынтығы ретінде».

Л.Н.Гумилев этносты биологиялық феномен ретінде қарастырды және тамақтандырушы ландшафт пен қоршаған ортаға адамдар тобының бейімделу формасы ретінде. Этностың әлеуметтік түсінігі ретінде – өзі қалыптастыратын мәдениет көрініс тапты. Кейде этносты ақпараттық байланыстарға негізделген қауымдастықтың типі ретінде қарастырады: қызығушылықтармен және басқада нәрселермен біріккен қауымдастықты да қарастырады.

Этнос сипаттамасы. Аталған этносты басқалардан ерекшелейтін сапа ретінде, түрлі сипаттамалар көрініс табуы мүмкін: тіл, құндылықтар мен нормалар, тарихи естелік, дін, кіші отан жайлы елес, ата баба туралы аңыздар, ұлттық мінез, фольклорлық шығармалар.

Этностың барлық дерлік анықтамаларында, басты факторлардың бірі болып – қауымдастық тілі көрініс табады.Алайда қауымдастық тілі әрдайым бір этносқа жату деп есептелмейді. Себебі немістер мен швецарлықтар, австралиялықтар мен люксембург тұрғындары неміс тілінде сөйлейді, алайда әртүрлі этносқа жатады.

Этностың маңызды белгілерінің бірі болып – территорияны есептеу болып табылады. Этностық географияны оқу бойынша, адамдар түрлі аймақтарда өмір сүруі мүмкін, алайда бір этносқа жатады.

Тағы бір маңызды фактор – этностық өзіндік сана.

Қорыта келгенде, этнос немесе этностық қауымдастық – бұл ортақ мәдениетке ие, ережеге сай бір тілде сөйлейтін, ортақ өзіндік санаға ие (обладают общим самосознанием), саналы түрде өзінің қауымдастығын түсіне білетін және басқа адамдар тобынан өзін рекшелей түсетін адамдар жиынтығы.

Этнос может иметь различную структуру. Он может состоять:

1) из этнического ядра — компактно живущей на определенной территории основной части этноса;

2) этнической периферии — компактных групп представителей данного этноса, так или иначе отделенных от основной его части;

3) этнической диаспоры — отдельных членов этноса, рассеянных по территориям, которые занимают другие этнические общности.

Этнопсихология жайлы түсінік

Этнопсихология – этностар арасындағы қатынастардың психологиялық аспектілерін, этностардың психологиялық сипаттамаларын, адамдардың этно мәдени психикалық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық білім саласы.

Этнопсихология термині ғылыми әлемде жалпы қабылданған болып табылмайды, көптеген ғалымдар «халық психологиясы», «психологиялық антропологияда», «салыстырмалы мәдени психологияда» өзін зерттеушімін деп айтады.

Энопсихологияның зерттеу объектісі болып, ұлттар, ұлттық қауымдастықтар болып табылады. Ал пәні – этникалық стериотиптер, ұлттық өзіндік сана, эмоциялық реакциялары мен психикасы, мінез құлық ерекшелктері.

Этникалық топтарың психикалық процестерін зерттей отырып, этнопсихология айқындалған әдістерді қолданады. Белгілері мен критерилеріне, айқындалған принциптері бойынша этникалық процестер, этникалық топтардың классификациясы мен топтасуы, салыстырмалы аналитикалық модельдер құрылатын - салыстыру мен теңестіру әдісі кең қолданысқа ие.

Этнопсихологиядағы зерттеу тәсілдеріне, жалпы психологиялық әдістер жатады: бақылау, эксперимент, әңгімелесу, тесет.

Сонымен, этнопсихология – сол немесе басқа этникалық қауымдастық мүшелерінің мінез құлқы, құндылықтар бағдары, психикалық типологиясының көріну механизмі,заңдылықтар мен факттар туралы ғылым. Бір геотарихи кеңістікте жүз жылдап тұратын, этностар арасы мен ішкі қауымдастықтың мотивтерін, мінез құлық ерекшеліктерін түсіндіріп сипаттайды.

Этнопсихология мынадай сұрақтарға жауап береді: қалайша әлеуметтік және тұлғалық механизмнің идентификациясы мен тарихи жалпылану терең психологиялық феномендерді тудырды – ұлттық өзіндік сананы, көрші этностарды сезіну, олардың ара қатынасының амбивалентті бағыттылығы.

Этнопсихология – этнопедагогика және этнография, мәдениеттану мен философия, тарих, педагогика, антропология, медицина, әлеуметтану және саясаттанумен тығыз байланысты. Зерттеу объктілері жақын болғандықтан, этнопедагогика мен этнопсихология, этнография ғылымдарын жиі теңестіреді.

Этносоциология (грек тілінене ethnos – тайпа, халық + лат. societas – қоғам + греч. logos – ғылым, үйрену) – түрлі этникалық қоғамдастықтарда болатын, әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысатын, этнография мен әлеуметтанудың түйісуінде қалыптасқан, ғылыми пән. Бұл ғылымның кейбір өкілдері, этникалық психология пәнінің көп бөлігін қамтып, тұлға аралық әлеуметтік өзара әрекеттесуді, қарым қатынас пен мінез құлықты, ұлттық қатынастарда көрінетін, адамдардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін, ұлттық сана мен өзіндік сананы зерттеуі қажет деп есептейді.

Этномәдениеттану (грек тілінен ethnos – тайпа, халық + лат. сulturа – даму + греч. logos – ғылым, оқу) – мәдениеттану ғылымының саласы, халықтардың энопсихологиялық сипаттарын анықтаушы факторы болып, мәдени ортаның әсері саналды. Осыған байланысты, мәдениет – адамдардың мінез құлқына шектеу қойю негізінен басталады, себебі, мәдени топтың тұтастығы, бір этнос өкілдерінің бірегей әлем бейнесін, жалпыға ортақ ұлттық естің болуын, бірдей мінез құлық ережелерінің өңдеуін болжайды. Тарихи даму процесінде, әрбір халық – мәдени құндылықтардың өзіне тән,біртекті жүйесін қалыптастырады. Бұл құндылықтар, өзінің этникалық санасын көрсету үшін топ мүшелерімен қолданылады.

Мәдени антропология (латын тілінене сulturа – даму + греч. аnthroроs – адам + logos – ғылым, оқу) – мәдениеттану мен этноргафияның (әлеуметтік антропология) түйісуінде пайда болған ғылым саласы; адамды – ұлттық қоғамдастықтың, түрлі мәдениеттің өкілі ретінде зерттеумен айналысады. Мәдени антропология – индивидті, сол немесе басқа қоғамға, немесе халыққа тән, белгілі бір этникалық топтың мүшесі ретінде зерттейді, нақты толық мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырады.

Этнопедагогика (грек тілінене ethnos – тайпа, халық + раidagogika – балаларды тәрбиелеу ғылымы) – педагогикалық ғылымның саласы, ол: а) нақты халықтардың дәстүрін оқу, тәрбиелеудің әдіс тәсілдері, әдістері мен міндеттері, өзіндік міндеттерді зерттеу; б) түрлі халықтарда оқу мен тәрбиелеудің спецификасын салыстырып зерттеу; в) сол немесе басқа этникалық қауымдастықтардың тәрбиесі мен оқуына, ұлттық психологияның әсер ету анализі; Этнопедагогика этнопсихологиямен тығыз байланысты.

Этнопсихолингвистика (грек тілінене ethnos – тайпа, халық + рsусhe – жан + лат. lingua – тіл) – этностың тарихи тарихи тәжірибесін жинақтап, көрсететін, этнос психикасының қалыптасуының басты факторы ретінде, оның тілі мен ойлауының әсерін қарастырады. Бұл ғылымның өкілдерінің ойнша, қандайда болсын тіл – қоғамдық сананың этникалық, діни, құқықтық формасымен тығыз байланысты. Оларда мәнді этникалық нагрузка бар. Сонымен қатар, тіл құрылымының жоспарлы функциясында, нақты ұлттық қоғамдастықтың өкілдерінің ойлау құрылымын анықтайды, ал тілдің спецификалық функциясы – олардың психикалық процесінің өзіндік дамуына әсер ететі.