- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау» пәнінің мақсаты, міндеттері және құрылымы
- •2. Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы
- •3.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы
- •4. В.М.Розиннің айтуынша жобалау қызметі
- •5. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы
- •6. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
- •7. А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығы
- •8. «Жоба», «жобалау», «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті» түсініктемелерінің білім беру аймағындағы байланысы
- •9. Педагогикалық жобалау әрекеті идеяларының пайда болуы және дамуы
- •10. Педагогикалық жобалаудың пайда болуы
- •11. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы
- •12. Жобалау бұл педагогикалық шындықты инновациялық қайта өңдеу амалы ретінде
- •13. Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі
- •14. Н.Г.Алексеев бөліп көрсеткен жобалауды жүзеге асырудың екі кезеңі
- •15. Жобалаудың әлеуметтік– мәдени қызметі.
- •16. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың теориялық негіздері.
- •17. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары
- •19. «Педагогикалық жоба», «педагогикалық жобалау», «жобалау әрекеті» ұғымдарын түрлі тұғырлар арқылы қарастыру.
- •20. «Жобалау», «болжамдау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы
- •21. Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары
- •22.«Жобалық», «жобалай алушылық», «жобалаушылық» ұғымдарының мәні
- •23. И.А.Колесникова, а.П.Тряпыцина, е.С.Заир-Бек, н.А.Масюкова, и.А.Зимняя т.Б. "жобалау" ұғымына берген анықтамасы.
- •24. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың мәні, зерттелуі мен түрлері.
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың түрлері
- •27. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері
- •28. В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.
- •29. В.П.Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.
- •30. В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері
- •32.Әлеуметтік-педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •33.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың заңдылықтары
- •34.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ұстанымдары
- •35.Жобалау іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары
- •37.Әлеуметтік-педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы.
- •38.Педагогикалық жобалаудың міндеттері
- •39. Әлеуметтік-педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы.
- •41. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •42.Жобалау әрекетінің құрылымы.
- •43.Жобалау және ғылыми зерттеу.
- •44.Жобалау және жобалауға қабілеттілік.
- •46. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті
- •48. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны
- •53. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.
- •54.Оқу жобасының құрылымы мен түрлері
- •55.Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы
- •56.Оқушылар жобасының сипаттамалары
- •57. Жобалау типтері
- •58. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері
- •59. Әлеуметтік жобалау және модельдеу
- •60. Жобалау мерзімі
- •61. Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •62.Зерттеушілік жобалар белгілері
- •63.Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру
- •64.Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау
- •65.Жобалау әрекетінің өнімі.
- •66.Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру
- •73 Жүзеге асыру кезеңі
- •75. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері.
- •76. Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны.
- •78 . Жұмыс кезеңдері және міндеттер
- •79. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •80. Педагогикалық технологияларды жобалау
- •81. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың әдістемесі мен түрлі әдістеріне сипаттама.
- •82 Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
- •83 Әлеуметтік болжау технологиясы.
- •84 Әлеуметтік болжау технологиясы туралы түсінік
- •85. Әлеуметтік жобалау әлеуметтік ғылымның бір саласы
- •86. Әлеуметтік жобаны жоспарлау.
- •87. Әлеуметтік жобалаудың жіктелуі.
- •88. Әлеуметтік жобалаудың өту кезеңдері.
- •89. Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •90. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың мәні және технологиясы.
4. В.М.Розиннің айтуынша жобалау қызметі
В.М.Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді көздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат – міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық– теориялық контекст ретінде қолданыла алады, өйткені, оның шығу көзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын.
Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады».
Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendens - лат. мүмкіндіктің шегінен өту) міндет жатады, сөйтіп кез келген жоба трансцендентік, өйткен ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында:
− әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы;
− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы;
− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы.
Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның өз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді.
5. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы
Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның өлшемдері біздің ойымызша кез келген жүйедегі жобалау әрекетіне көшіруге мүмкіндік береді. Олар:
− трансцендентік жобалау берілген материалдық және интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс;
− трансцендентік жобалау өзінің тұтастығын сақтау үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс:
− жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру әдістерін ұсынады;
− құрылымның өзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі бағыттар мен қатынастарды анықтайды;
− оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы қамтамасыз етіп отырады.
6. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
Әлеуметтік жобалау – бұл үрдіс әлеуметтік әрекетті құрастыру жүйесі, әлеуметтік мәселелерді проблемаларды жеңуге, әлеуметтік жағдайды позитивті өзгертуге бағытталған.
«Әлеуметтік жоба – қоғамға әкелетін пайдасы мен жоба қатысушыларының өздерінің еңбектерінің нәтижесін көретін адамдардың нақты категориясының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, нақты жоспарланған әрекеттер бағдарламасы».
Бұл – әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу, оның негіздемесі және нәтижелерін бағалау бойынша ұйым (бірлестік) қызметін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кешені.
Әлеуметтік жобалауға – ол әлеуметтік объектілер, әлеуметтік сапалар, әлеуметтік үрдістер және қатынастар жобалауға кіреді.
Әлеуметтік жобаның – қоғамға әкелетін пайдасы мен Яницкидің т.б. еңбектерінде қарастырылған. Әлеуметтік жобалау негіздеріне саралау, талдау Н.А. Аитова, Г.А. Антонюк, Н.И. Лапина, А.И Пригожина, Ж.Т. Тощенко, Н.Г. Харитонова, Т.М. Дридзе, Ю.А. Крючкова, О.Н. Яницкийдің еңбектерінде жасалған.
Әлеуметтік жобалау – бар әлеуметтік мәселелерді өткеруге, оң өзгерістерге, әлеуметтік жағдайды дамытуға бағытталған әлеуметтік әрекеттер жүйесін құрылымдаудың шығармашылық процесі.
Сонымен, әлеуметтік жобалау – бұл ғылыми түрлі ақпаратты игерудің тиімді құралы, инновациялық әрекет жасаудың жаңа тәсілі, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерді шешудің әдісі.
Инновация « жаңалықты еңгізу » дегенді білдіреді. 50- жылдардың соңына қарай Германияда, АҚШ- та және т.б. елдерде педагогикалық жаңашылдықты жалпылау және зерттеу орталықтары құрыла бастады, білім беру саласындағы жаңашылдыққа арналған басылымдар шыға бастады.
Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыста рымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсат тарына,мазмұнына,әдістері мен формаларына енген,енетін жаңалықтардан хабар береді.
Инновация, сонымен,жаңалық жеткізуші,жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.Жаңалығы болмаған инновация мәнсіз.Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс- әрекет қалпын жақсартудың дерексіз ( абстракт ), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория .Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар әрқилы даму,тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды.Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді:идея ның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және тоқырау ( жойылу ). Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап,игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.
Зерттеген ғалымдар: И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Лищенко зерттеу-лерінде инновациялық іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылды.
Әлеуметтік инновация дегеніміз саналы түрде әлеуметтік позитивті өзгерістерді еңгізу мақсатында ұқұрылымына қарай:басқару, білім беру, зейнет ақыға қатысты, мәдениет, спорт,адамдардың денсаулығына байланыстыйымдастырылып еңгізілген жаңалық..
Әлеуметтік инновация өзіне тән ерекшеліктері бар. Әлеуметтік инновация ұжымдық сфера еңбектің нәтижесі болса, материалдық техникалық саладағы инновация жеке адамның шығармашыл әрекеті. Әлеуметтік инновациялардың тағы бір ерекшелігі, ол уақыттан алшақ болуы, нәтижесі бірден көрінбейді. Тағы бір ерекшелігі , оның сыртқы ортамен байланысы,қолдануда ауқымының кеңдігі. Әлеуметтік инновациялар қөп түрлі болып келеді. Әлеуметтік инновацияларды көлемімен деңгейіне қарай келесідей түрлерге бөлуге болады: глобальды, жалпы азаматтық проблемаларды шешуге арналған, регионалды және жергілікті.
Қоғамдық өмір сферасына қарай:әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени, рухани, әлеуметтік институттардағы.
Қолдану масштабына қарай:, жеке әлеуметтік, бір объектіге арналған.
Әлеуметтік сфераның құрылымына қарай:басқару, білім беру,мәдениет, спорт т.б.
