- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау» пәнінің мақсаты, міндеттері және құрылымы
- •2. Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы
- •3.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы
- •4. В.М.Розиннің айтуынша жобалау қызметі
- •5. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы
- •6. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
- •7. А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығы
- •8. «Жоба», «жобалау», «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті» түсініктемелерінің білім беру аймағындағы байланысы
- •9. Педагогикалық жобалау әрекеті идеяларының пайда болуы және дамуы
- •10. Педагогикалық жобалаудың пайда болуы
- •11. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы
- •12. Жобалау бұл педагогикалық шындықты инновациялық қайта өңдеу амалы ретінде
- •13. Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі
- •14. Н.Г.Алексеев бөліп көрсеткен жобалауды жүзеге асырудың екі кезеңі
- •15. Жобалаудың әлеуметтік– мәдени қызметі.
- •16. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың теориялық негіздері.
- •17. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары
- •19. «Педагогикалық жоба», «педагогикалық жобалау», «жобалау әрекеті» ұғымдарын түрлі тұғырлар арқылы қарастыру.
- •20. «Жобалау», «болжамдау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы
- •21. Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары
- •22.«Жобалық», «жобалай алушылық», «жобалаушылық» ұғымдарының мәні
- •23. И.А.Колесникова, а.П.Тряпыцина, е.С.Заир-Бек, н.А.Масюкова, и.А.Зимняя т.Б. "жобалау" ұғымына берген анықтамасы.
- •24. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың мәні, зерттелуі мен түрлері.
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың түрлері
- •27. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері
- •28. В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.
- •29. В.П.Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.
- •30. В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері
- •32.Әлеуметтік-педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •33.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың заңдылықтары
- •34.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ұстанымдары
- •35.Жобалау іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары
- •37.Әлеуметтік-педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы.
- •38.Педагогикалық жобалаудың міндеттері
- •39. Әлеуметтік-педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы.
- •41. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •42.Жобалау әрекетінің құрылымы.
- •43.Жобалау және ғылыми зерттеу.
- •44.Жобалау және жобалауға қабілеттілік.
- •46. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті
- •48. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны
- •53. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.
- •54.Оқу жобасының құрылымы мен түрлері
- •55.Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы
- •56.Оқушылар жобасының сипаттамалары
- •57. Жобалау типтері
- •58. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері
- •59. Әлеуметтік жобалау және модельдеу
- •60. Жобалау мерзімі
- •61. Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •62.Зерттеушілік жобалар белгілері
- •63.Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру
- •64.Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау
- •65.Жобалау әрекетінің өнімі.
- •66.Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру
- •73 Жүзеге асыру кезеңі
- •75. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері.
- •76. Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны.
- •78 . Жұмыс кезеңдері және міндеттер
- •79. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •80. Педагогикалық технологияларды жобалау
- •81. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың әдістемесі мен түрлі әдістеріне сипаттама.
- •82 Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
- •83 Әлеуметтік болжау технологиясы.
- •84 Әлеуметтік болжау технологиясы туралы түсінік
- •85. Әлеуметтік жобалау әлеуметтік ғылымның бір саласы
- •86. Әлеуметтік жобаны жоспарлау.
- •87. Әлеуметтік жобалаудың жіктелуі.
- •88. Әлеуметтік жобалаудың өту кезеңдері.
- •89. Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •90. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың мәні және технологиясы.
79. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
Жобалау зертханасын ұйымдастыруда зертханалық жұмыс мазмұны ғана емес, оны ұйымдастыру, аудиториялық және өзіндік практикалық жұмыс түрлерін ұштастыра жүргізудің көптеген әдістемелері талдануы тиіс. Жобалау технологиясын меңгеруге арналған әрбір тақырып қатысушылардың теориялық білімі ғана емес, оны тәжірибеде, өзінің рефлексиясымен, өзінің негізгі жұмысындағы прблемалармен байланыстыра меңгеруі маңызды міндет ретінде қойылуы тиіс.
Сондықтан, жобалау зертханасы нақты бір жүйедегі ұйымдастырушылық өзгерістер ретінде құрастырылып, ондағы берілетін ақпараттар мазмұны, тақырыптарды меңгеру үшін американдық ғалым Давид Колбтың ересектерді оқытуға арналған тәжіибе арқылы оқыту әдістемесі тиімді болып табылады. Өйткені, жобалау зертханасы оған қатысушылардың негізгі жұмысынан қол үзбей, жобалау әрекетін өзінің қызмет істейтін білім беру ұйымымен тығыз байланыста жүргізу қажет болғандықтан аталған әдістеме бірден бір оқытудың тиімді әдісі бола алады.
Дэвид Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» – (experiential learning, 1984), атты моделі ересектерді қызмет орнындағы тәжірибе барысында оқытудың бірнеше түрлерін, соның ішінде, жобалау әдісін де қамтиды. Джон Дьюи, Карл Роджерс және Жан Пиаже идеяларына сүйене отырып, Колб оқытуды кезеңдерге бөлуді ұсынады. Әр кезең төрт процестен тұрады және оқыту өз мақсатына жету үшін бұл талаптардың берілген ретпен орындалуы міндетті. Бұл әдіс бойынша оқыту кезеңдері төмендегідей:
Тәжірибе (ситуация);
Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);
Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті шешімдер қабылдау);
Тәжірибені жобалау
Автордың ойынша, бұл жерде білім алу көзі тәжірибе (ситуация, болған жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) ғана емес, негізінен алғанда сол тәжірибені ойша түсіну, ұғыну, қорыту, өздері үшін оның маңызын анықтау, түйін жасау. Одан соң, яғни, жаңағы тәжірибе (ситуация, болған жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) – қатысушының өз алдындағы жеке мақсатына, міндеттеріне, кәсіби қызметіне қатысты ой елегінен өткізіліп, ұғынылып, тиісті мағына берілгеннен кейін – оның әрі қарай жасалатын қызметінің шартына айналады.Д.Колбтың түсіндіруінше, тәжірибе барысындағы оқыту, оны дамыту процесі деуге де әбден болады, осылайша, жүзеге асырылады.
Колб идеясын тәжірибеде пайдалануда берілген ақпарат, немесе, оқиға жеке тәжірибеде ұғынылып, адамның өз тәжірибесіне тұтастай енгенде ғана оқыту мақсатына айнала алады. Олай болмаған күнде, индивид үшін ол өзіне мәлім көп ақпараттардың бірі күйінде қалады деп есептейді.
Әлемдік тәжірибеде Д.Колб моделінің көптеген модификацияланған түрлерін кезедстіруге болады, бірақ олардың барлығы да автордың негізгі қойған талабын – тек тәжірибе базасында оқыту, кезеңдерге бөлу және әр кезеңде төрт
80. Педагогикалық технологияларды жобалау
Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».
Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым – қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.
Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоций да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл – ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.
Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез - келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:
Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;
Мақсатқа бағытталған әрекет;
Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс – тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:
өндірістік, немесе жасампаздық;
тұтынушылық;
интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;
жоба–жаттығулар.
Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.Роджерс, Э.Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.
Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым–қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С.И.Гессеннің айтуынша педагогикалық ортада «қоғамдық өмірдің сан алуан түрлеріндегі өзара әрекеттердің өркендеуіне», Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың «белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып өсуіне» қатты ықпал етті. Сөйтіп, жобалау әрекетін алдаңғы қатарлы педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік–білімдік кеңістіктегі демократиялық қарым – қатынас құралы ретінде пайдалана бастады.
Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.
Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел тәжірибесімен қатар жүрді деуге болады. Өткен ғасырдың басында – ақ С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В.А.Герд практикалық жүмыстағы жобалау әдістерін, А.П.Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ – тәжірибелік жұмысында, Б.Е.Райков зерттеу жұмыстарында, К.П.Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу және әлеуметтік –педагогикалық жобалау педагогикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды.
1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді», деп көрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, т.б. көптеген елдер жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.
Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша – жай репродукциядан – зерттеуге, зерттеуден –мақсатты қайта құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық түзілім: танымға қызығушылық – таным әдістері – білім құрылымы негізінде өзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың жобалық амалы, жолдары қалыптасты.
