- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау» пәнінің мақсаты, міндеттері және құрылымы
- •2. Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы
- •3.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы
- •4. В.М.Розиннің айтуынша жобалау қызметі
- •5. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы
- •6. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
- •7. А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығы
- •8. «Жоба», «жобалау», «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті» түсініктемелерінің білім беру аймағындағы байланысы
- •9. Педагогикалық жобалау әрекеті идеяларының пайда болуы және дамуы
- •10. Педагогикалық жобалаудың пайда болуы
- •11. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы
- •12. Жобалау бұл педагогикалық шындықты инновациялық қайта өңдеу амалы ретінде
- •13. Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі
- •14. Н.Г.Алексеев бөліп көрсеткен жобалауды жүзеге асырудың екі кезеңі
- •15. Жобалаудың әлеуметтік– мәдени қызметі.
- •16. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың теориялық негіздері.
- •17. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары
- •19. «Педагогикалық жоба», «педагогикалық жобалау», «жобалау әрекеті» ұғымдарын түрлі тұғырлар арқылы қарастыру.
- •20. «Жобалау», «болжамдау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы
- •21. Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары
- •22.«Жобалық», «жобалай алушылық», «жобалаушылық» ұғымдарының мәні
- •23. И.А.Колесникова, а.П.Тряпыцина, е.С.Заир-Бек, н.А.Масюкова, и.А.Зимняя т.Б. "жобалау" ұғымына берген анықтамасы.
- •24. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың мәні, зерттелуі мен түрлері.
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың түрлері
- •27. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері
- •28. В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.
- •29. В.П.Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.
- •30. В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері
- •32.Әлеуметтік-педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •33.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың заңдылықтары
- •34.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ұстанымдары
- •35.Жобалау іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары
- •37.Әлеуметтік-педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы.
- •38.Педагогикалық жобалаудың міндеттері
- •39. Әлеуметтік-педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы.
- •41. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •42.Жобалау әрекетінің құрылымы.
- •43.Жобалау және ғылыми зерттеу.
- •44.Жобалау және жобалауға қабілеттілік.
- •46. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті
- •48. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны
- •53. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.
- •54.Оқу жобасының құрылымы мен түрлері
- •55.Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы
- •56.Оқушылар жобасының сипаттамалары
- •57. Жобалау типтері
- •58. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері
- •59. Әлеуметтік жобалау және модельдеу
- •60. Жобалау мерзімі
- •61. Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •62.Зерттеушілік жобалар белгілері
- •63.Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру
- •64.Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау
- •65.Жобалау әрекетінің өнімі.
- •66.Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру
- •73 Жүзеге асыру кезеңі
- •75. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері.
- •76. Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны.
- •78 . Жұмыс кезеңдері және міндеттер
- •79. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •80. Педагогикалық технологияларды жобалау
- •81. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың әдістемесі мен түрлі әдістеріне сипаттама.
- •82 Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
- •83 Әлеуметтік болжау технологиясы.
- •84 Әлеуметтік болжау технологиясы туралы түсінік
- •85. Әлеуметтік жобалау әлеуметтік ғылымның бір саласы
- •86. Әлеуметтік жобаны жоспарлау.
- •87. Әлеуметтік жобалаудың жіктелуі.
- •88. Әлеуметтік жобалаудың өту кезеңдері.
- •89. Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •90. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың мәні және технологиясы.
63.Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру
Жобалау тобының құрамында креативті адамдар (жобаны ойлап табатындар оның орындалуының ерекше түрлерін, жаңа әдістерін жасайтындар; орындаушылар, рәсімдейтін адамдар мен презентациясын жасайтындар, жобаны тұтас басқарушылар, т.б). Жобаны басқару – оның өмір сүруін, тарап кетпеуін қадағалай отырып, топ мүшелерінің жобаны тұтас байланыстырып отыратын қызмет. Басқару қажет пе, әлде өздігінен еркін жұмыс жасау қажет пе?Бақылау барысында кіші жастағы оқушылардың еркін ойнау әрекеттерін бақылау барысында олардың бірнеше топтарға бөлініп алып бірнеше ойындар ойлап тауып, оны жүзеге асыруға тырысқандығы байқалды. Олар белгілі бір уақыт ішінде бірнеше жобаны бастап, біреуін де аяғына дейін жеткізе алмады. 10 – 12 жастардағы қыздардың үй тұрмысы ойындары да сол сияқты, ойын кеңістігі бар, құралдары бар, бірақ ойын әрекеттері одан әрі дамымайды, өйткені қыздар уақытын бір – бірімен сөйлесуге жібереді; әрекеттерін, олар одан әрі не істейтіндерін әңгімелеумен болады. Ойын кеңістігі құрылып, өздері ойлап шығарған оқиғаларын жалғастыруға болар еді; бірақ бөлек – бөлек үзінді ойындар ретіндегі әрекеттер сюжеттерін тұтас жалғастыруға мүмкіндік бермейді.Жасөспірімдердің де қарым – қатынастарының мазмұны да осыған ұқсас келеді. Олар айналысатын сан түрлі сюжеттердің барлығына ортақ белгі – талқылаудың көп болуы: олар жоспарларын әңгімелейді, орындалған істеріне талдау жасайды, бір – бірінің қылықтары мен іс - әрекеттегі тәртібіне көңіл бөле талқылайды.
Осы аталған ситуациялардың идеясын анықтауда барлығына тән жалпы сипаттамалары бар екені байқалады.
Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын болмаған немесе болған, бірақ оны жаңаша құру, өздеріне өте қажет өнім жасау ұсыныстары болуы;
Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше баланың қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке балаға да тән болуы мүмкін);
Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін анықтап, бөлісіп алады;
Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп кетуі де ғажап емес.
Идеяның жүзеге асырылмауы – оқушылардың түпкі ойды ұзақ уақыт ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан дей аламыз. Мысалы, идеяны іске асыру барысында кездесетін техникалық қиындықтар оқушылардың ынтасын басуы, сонымен қатар, сол істен көңілдерін қалдыруы да мүмкін.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп жасындағы оқушылар жобасы орындалмаса оның ешкімге қажеті жоқ іспен айналысқандық немесе уақыт жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша, ойласқан идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті олар өз қолдарынан келмейтін іс болмайды деп санайды. Әрине, кіші мектеп жасындағылардың көптеген жобалары орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың орындалуына үлкендер күш салуы қажет.
