Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhobalau_polny_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.71 Кб
Скачать

3.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы

Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай- ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес өзгеріске түсті. Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары өзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі өзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе – олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект өзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады.

Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі өркениет тудырып отырған құбылыс. Өндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі өндіріс барысында өнім өндіру мен қатар оны ойлап шығару, өзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін көрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, өйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі бөлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін көре аламыз.

Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде:

  • құрастыру әрекетінен – дәстүрлі классикалық жобалауға,

  • классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді.

Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады.

Жобалау әрекетінің толық мәні О.И.Генисаретский еңбектерінде берілген, оның түсіндіруінде жобалау универсалдық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен, әлеуметтік- мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтік - мәдени механизм кез-келген мәдени маңызы бар әрекеттер мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы технологиялық үрдістер мен құрылымдарға айналдыра алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын үнемі өзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, жобалау әрекетін оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, әлеуметтік институт деуге болады.

Өткен ғасырдың 60-жылдарында күрделі жүйелерді тиімді басқару арқылы дамытудың жаңа әдіснамалық бағдарламасы қалыптасты және негізіне жобалау қызметі алынып, аталған бағдарламалардың төмендегі алғышарттары ұсынылды:

− кез келген әрекет экономикалық тұрғыдан қарастырылады: нәтиже белгіленеді, қызметтің тиімділігі, оны орындауға кеткен шығын мен тиімділігі тұрғысынан қарастырылады;

− кез келген әрекет басқарылады, бұл жағдайда: әрекеттің өзі де басқару объектісі ретінде және басқаратын органдарда бірдей қарастырылады;

− жобалаудың барлық әрекеттері жүйелік тұрғыдан жүргізіледі. Оның мәні проблемаға, міндетке, миссияға және қызметке бағытталады. Бұл жерде ең әуелі жаңғыртудың идеясы белгіленеді, одан соң жаңаны құрудың кезеңдері анықталады, жоспарланады;

− жүйе ретінде басқарудың объекті де, үрдісі де қарастырылады. Бұл басқару механизмі емес, мақсат қоюдың, оған жетудің әдістері мен құралдарын белгілеу, оған қажетті ресурстарды анықтау және құрастыруды көздейтін интеллектуалдық саласы (Афанасьев).

Жоспарлаудың жаңа бағыты сол кездегі қоғамда ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуын, өнеркәсіптердің еңбек өнімділігін арттыруды, жаңа техникалар мен технологияларды жасақтауды және тәжірибеге ендіруді, әлеуметтік міндеттерді орындауда пайдалануды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге мамандарды даярлау және олардың кәсібилігін дамытуды, т.б. шаруашылықтың көптеген түрлі салаларын қамтитын, кешенді мақсаттарын орындауды көздеген болатын. Сонымен қатар, бұл өндіріс, ғылым мен білім беру салаларының нәтижелі қызмет ету мен олардың өзара қарым – қатынасының тиімді ұйымдастырылуын, қызметкерлердің жаңа ғылым жетістіктерін игеру негізінде сапалы еңбек нәтижесін аз мерзімде, аздаған шығынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған міндеттер күрделі жүйелер ретіндегі көптеген түрлі салаларды қамтитын өте кең ауқымды болғандықтан оны жүйелі және кешенді жүргізу қажеттігі туындайды.

Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы компоненттердің өзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың өзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын жүйелік және кешендік тұрғыдан жүзеге асырылады.

Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты компоненті болып табылатын адамдардың іс- әрекеттері жүйенің өзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана анықталмайды, олар негізінен, адамның өзіндік мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердің моделі жүйенің объективтік заңдылықтарын жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сөйтіп, әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін маңызды өзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады.

Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда ондағы адамдардың өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді, көпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі – жобалау болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]