Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhobalau_polny_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.71 Кб
Скачать

53. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.

Оқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бөлігі – уақыт. Білім беруде уақыт өте нақты белгіленгені белгілі, мысалы, сабақтың класта, немесе үйде орындалу уақыты бар, мектепте және мектептен тыс орындалатын шаралар да уақыты, сабаққа даярлану уақыты, сондай – ақ жеке өзіне арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді пайдалану жоспарланады. Өйткені, жобаға қызығу деңгейі жоғары болған жағдайда оқушылар беріле кірісіп, өз уақыттарының көбін оған арнауы мүмкін. Осы жағдайда оқушыларға уақытты пайдалану, өзге де маңызды істерді уақытында орындалуы қадағаланады.

Сондықтан, педагогтар жобаны орындаудағы компоненттері – жұмысты ыңғайлы кестемен орындау, уақытын , көлемін, ұзақтығын ескеруі қажет. Одан басқа, ресурс ретінде оның әрекеттері мен жобалау әрекеттерінің бірін – бірі толықтырып отыратын ерекшелігін пайдалануға болады.

Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады. Мысалы, белгілі бір әрекеттерді орындауда жүргізілетін мониторинг кейбір жұмыстардың өз мерзімінде аяқталмайтынын, кейбір әрекеттердің бірін – бірі қайталауға әкелетіні, ал кейбірін орындауға аз уақыт қажет болатыны, яғни тәжірибеде тиімсіз деп табылған істерді өзгерту керектігі анықталады.Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады.

54.Оқу жобасының құрылымы мен түрлері

 Жасөспірімдердің негізгі әрекеттері жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, тарихымен, қалыптасқан үрдістерімен ерекшеленеді. Жобалаудың басты белгісінің өзі қалыптасқан жағдайды нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін өзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда айтылғандай қалыптасқан жағдайды қайта құруға бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан өзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды өзгерту, немесе жүйенің сапасын жаңару міндеттерін көздемейді. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан. Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық ұжым болады, екіншісі мектеп оқушылары жобасы, оның субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын.

Жалпы жобалау теориясында берілетін көрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының өз ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін анықтап алу қажет.

55.Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы

Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы:

1. Жағдайды талдау,түпкі идея мақсатты анықтау

  • жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа өнім алуға қажеттіліктің пайда болуы)

  • проблеманы нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру)

  • проблеманы шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау;

2. Жобаны орындау(жүзеге асыру);

  • жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау;

  • міндеттерді орындау жолдарын талдау; проблеманы шешу жолын таңдау,

  • зерттеу жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау (статистикалық, эксперименттік, бақылау т.б;)

- жобаны орындау;

3. Қорытынды өнімді даярлау:

- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация,жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б)

  • алынған нәтижелерді жинақтау,жүйелеу,талдау,қорыту;

  • қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау,

  • презентациялау;

  • қорытынды түйіндеу,зерттеу жобаларының жаңа проблемаларын ұсыну.

Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар,оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруды ескеру қажет.

Оқушылар жобасының сипаттамалары:

  • оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны;

  • күтілетін нәтижелердің алдын-ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі

  • бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады;

  • орындалу мезгілі нақтылануы;

  • нәтижені алуға бағытталған іс - әрекеттердің алдын – ала жоспарлануы;

  • бағдарламасы жасалуы – жобаның жалпы өнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы; жоспарлануы;

  • жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы;

  • жобалаудың қорытынды өнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]