Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhobalau_polny_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.71 Кб
Скачать

44.Жобалау және жобалауға қабілеттілік.

Жобалау проблемасының тағы бір аспектісі бар, ол жобалаушы адамның қандай қабілеттері болуы қажет.Жоба нәтиже ретіндегі белгілі бір өнім алуға, жасауға байланысты қолданылатын ұғым, ол өнім материалдық немесе идеалдық тұрғыларда қарастырылады және ол белгілі бір проблеманы шешу үшін қажет болады.

Психология ғылымында «Өнімді ойлау» (продуктивное мышление) деген ұғым бар, ол шығармашылық ойлау деген ұғымның синонимі ретінде адамның жаңа тұрғыдағы, жаңа деңгейдегі интеллектуалдық міндеттерді шеше білуімен байланыстырылады. «Өнімді ойлаудың» негізгі кезеңдері төмендегідей белгіленеді:

  1. тақырыптың пайда болу кезеңі (жұмысты бастауға қажеттік), қалыптасқан жағдайды талдау;

  2. проблеманы анықтау кезеңі: тақырыпқа сәйкес идеялық – тұжырымдамалық немесе бейнелік – символикалық модель құрылуы; модель ішінде проблема туғызатын қайшылықтарды айқындау арқылы проблема нақты көрінеді;

  3. проблеманы шешу кезеңі: бұл кезеңде болжау жасалып қана қоймай, ол тексеріледі, дұрыс болған жағдайда проблеманы шешу жолдары белгіленеді;

  4. проблеманы шешудің оны обьект ретінде қарастырудың, жүзеге асырудың техникалық, орындаушылық кезеңі;

Бұл әрекеттер негізінен проблеманы шешу жолдарын ойша іздеудің сипатталуы екені көрініп тұр. «Өнімді ойлауды» сипаттау барысында ең маңызды әрекет – ойлау актісі, өйткені онда ойлану арқылы болжам құрылады, тексеріледі.

«Өнімді ойлаудың» екінші кезеңінде проблеманы анықтау, оны бейнелік, тұжырымдық немесе символдық тілде құрастырып, қайта қарау. Бұл – модельдеу кезеңі, оны түрліше құруға болады. Жобалаушыға қажетті «Өнімді ойлау» қабілетінен басқа – креативтік ойлау әрекетін жүзеге асыра алу – аса маңызды. Креативтілік проблеманы шешуде белгілі әрекеттерді орындауға бағытталған формальды түрдегі интеллектке жатпайды, ол – жаңа идеяларға бейімділік. Креативтілік деңгейін диагностикалау да адамның «дұрыс» жауапты таңдай білуі емес, проблеманы анықтай алуынан бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.

Креативтіліктің тағы бір ерекшелігі – қарама – қайшылықтары көре білуі және одан туындайтын проблеманы, болжамын жасай білу арқылы шешу жолдарын анықтап, нәтижесіне дейін жеткізе білуі.

Кесте 6 - «Өнімді ойлауға» және «жобалауға» тән түсініктер

«Өнімді ойлауға» тән түсініктер «Жобалауға» тән түсініктер

  • Өнімді ойлау әрекеті

  • Креативтілік

  • Проблеманы шеше білу

  • Шешім қабылдау

  • қалыптасқан жағдайды талдау

  • қайшылықтарды көре білу

  • болжам жасау, тексеру, қадағалау

  • нәтижеге қол жеткізу

Жоғарыдағы 6-кестеге көңіл аударсақ, түсініктік, ұғымдық ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның әрекет ретіндегі өнімді ойлаудың бойында ұйымдастырушылық әрекет түрі ретіндегі жобалаудың барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық және бірізділік сапалары ұқсас екені көрінеді.

Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері туралы теориялар бірін – бірі толықтырып отырады деуге болмайды. Өйткені олар интеллекттің формальдық теориясы сияқты бір – біріне тәуелсіз түрде пайда болады және дамиды. Дәстүрлі білімдік парадигма XX ғасырдың аяғына қарай қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру, сипаттау үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай, көптеген теорияларда индивидтің туындаған проблемаға қатысты талдау жасау, ситуацияны модельдеу, шешім қабылдау әрекеті және ол үшін өз жауапкершілігін мойындау сияқты сапаларын басым көрсетіле бастады.

45. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау, немесе, мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.

Келесі бір ортақ түсінік қалыптастыруды қажет ететін технология ұғымы бар, зерттеушілер оны берілген міндетті орындау түрлері мен амалдарының, әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде қарастырады. Ал, біз қарастырып отырған жобалау қызметінің кез келген түрі осы технологиялар жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.

Әрекеттің өнімділігін ұйымдастыруда рефлексияның – қойылған мақсатты, үрдістегі міндеттерді, нәтижелерді үнемі талдап отырудың – маңызы зор.

Осылайша, ғылыми зерттеулер әдіснамасы да, практикалық әрекеттер әдіснамасы да, жобалау категориясының логикасында оның үш кезең (фазалар) – жобалық, технологиялық, рефлексиялық – фазалар бірлігін сақтай отырып құрылады дей аламыз.

Әлеуметтік жүйелердің дамуын жобалауды инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады:

− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?);

− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз келеді?);

− қазіргі жағдайдан болашаққа өту әрекеттерінің құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нәтиже алуымыз үшін не жасаймыз?).

Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған:

− оның қатысушылар әрекеттерінің бағытын және олардың мақсатты бағдарларын анықтау, яғни орындаушылардың бірлескен жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу;

− жеке орындаушылар мен олардың топтарының арасындағы байланыстарды анықтау, яғни орындаушылардың күштерінің интеграциясы мен әрекеттерін үйлестіру құралы болу;

− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын бақылау құралы болу;

− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі мүмкін қауіп-қатерді алдын-ала болжай білу құралы болу;

− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында шешім шығара білу құралы болу.

Жобалау – бұл күтілетін нәтижеге бағытталған қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті – мақсатқа бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау барысында болжамды нәрсе шынайы нәрсемен салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық және түпкі нәтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.

ХХ ғасыр аяғындағы қоғамдағы саяси -әлеуметтік қарқынды өзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени өзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауда. Өйткені, бүгінгі ақпараттық жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық өндірістің қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар келіп, осы жағдайда адамдардың өзгермелі жағдайларға уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда.

Қазіргі заманғы ғылым мен өркениеттің жаңа парадигмасына сай әлеуметтік жүйелердің өзгерістері, ондағы адамның орны мен ұйымдастырушылық ролі туралы мәселелер философиялық, мәдениеттанушылық және психологиялық тұрғылардан қарастырылуда. Бұл бағытта отандық ғалымдар бүгінгі әлеуметтік–мәдени жағдайларға қатысты жан-жақты зерттеулер ұсынуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]