
- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау» пәнінің мақсаты, міндеттері және құрылымы
- •2. Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы
- •3.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы
- •4. В.М.Розиннің айтуынша жобалау қызметі
- •5. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы
- •6. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
- •7. А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығы
- •8. «Жоба», «жобалау», «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті» түсініктемелерінің білім беру аймағындағы байланысы
- •9. Педагогикалық жобалау әрекеті идеяларының пайда болуы және дамуы
- •10. Педагогикалық жобалаудың пайда болуы
- •11. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы
- •12. Жобалау бұл педагогикалық шындықты инновациялық қайта өңдеу амалы ретінде
- •13. Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі
- •14. Н.Г.Алексеев бөліп көрсеткен жобалауды жүзеге асырудың екі кезеңі
- •15. Жобалаудың әлеуметтік– мәдени қызметі.
- •16. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың теориялық негіздері.
- •17. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары
- •19. «Педагогикалық жоба», «педагогикалық жобалау», «жобалау әрекеті» ұғымдарын түрлі тұғырлар арқылы қарастыру.
- •20. «Жобалау», «болжамдау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы
- •21. Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары
- •22.«Жобалық», «жобалай алушылық», «жобалаушылық» ұғымдарының мәні
- •23. И.А.Колесникова, а.П.Тряпыцина, е.С.Заир-Бек, н.А.Масюкова, и.А.Зимняя т.Б. "жобалау" ұғымына берген анықтамасы.
- •24. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың мәні, зерттелуі мен түрлері.
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі
- •25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың түрлері
- •27. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері
- •28. В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.
- •29. В.П.Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.
- •30. В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері
- •32.Әлеуметтік-педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •33.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың заңдылықтары
- •34.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ұстанымдары
- •35.Жобалау іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары
- •37.Әлеуметтік-педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы.
- •38.Педагогикалық жобалаудың міндеттері
- •39. Әлеуметтік-педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы.
- •41. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •42.Жобалау әрекетінің құрылымы.
- •43.Жобалау және ғылыми зерттеу.
- •44.Жобалау және жобалауға қабілеттілік.
- •46. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті
- •48. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны
- •53. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.
- •54.Оқу жобасының құрылымы мен түрлері
- •55.Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы
- •56.Оқушылар жобасының сипаттамалары
- •57. Жобалау типтері
- •58. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері
- •59. Әлеуметтік жобалау және модельдеу
- •60. Жобалау мерзімі
- •61. Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •62.Зерттеушілік жобалар белгілері
- •63.Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру
- •64.Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау
- •65.Жобалау әрекетінің өнімі.
- •66.Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру
- •73 Жүзеге асыру кезеңі
- •75. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері.
- •76. Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны.
- •78 . Жұмыс кезеңдері және міндеттер
- •79. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •80. Педагогикалық технологияларды жобалау
- •81. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың әдістемесі мен түрлі әдістеріне сипаттама.
- •82 Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
- •83 Әлеуметтік болжау технологиясы.
- •84 Әлеуметтік болжау технологиясы туралы түсінік
- •85. Әлеуметтік жобалау әлеуметтік ғылымның бір саласы
- •86. Әлеуметтік жобаны жоспарлау.
- •87. Әлеуметтік жобалаудың жіктелуі.
- •88. Әлеуметтік жобалаудың өту кезеңдері.
- •89. Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •90. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың мәні және технологиясы.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау» пәнінің мақсаты, міндеттері және құрылымы
Курстың мазмұны: «Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау» пәнінің мазмұнында әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалауды ұйымдастыру жүйесі, нақты жобалау логикасы, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жөніндегі ұғымдар, оның мазмұнын жобалау алгоритмі, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау технологиялары, әлеуметтік-педагогтың кәсіби әрекетін жобалаудың кезеңдері қарастырылады.
Курстың мақсаты: Болашақ әлеуметтік педагогтарға жаңаша ойлау мен іс–әрекет дағдыларын қалыптастыру үшін жобалаудың жаңа әдістерін игерту, өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде жобалауға баулу.
Курстың міндеттері:
студенттерді әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекетінің мәнін тануға бағдарлау;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйрету;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мақсаттары мен мазмұнын жобалауда орындалатын талаптарды орындауға үйрету;
педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастыру;
әлеуметтік педагогтың жобалау әрекеті логикасын үйрету;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың бағдарламаларымен, олардың құрылымымен таныстыру;
әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекеті аясында түрлі құжаттарды жасауға және талдауға үйрету.
Студенттердің негізгі құзіреттіліктері:
Курсты оқу барысында студенттер
білуі тиіс:
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекетінің мәнін;
-- әлеуметтік- педагогикалық жұмысты жобалаудың мәдени-тарихи көздерін;
- әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдарын;
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалаудың түрлерін, жобалау әрекетінің қызметтерін;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдарын;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалаудың мазмұны мен құрылымын, жобалау әрекетінің логикасын және ұйымдастыру кезеңдерін;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалауға қатысушыларға қойылатын талаптарды.
Игеруі керек:
- әлеуметтік-педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасын;
- әлеуметтік-педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясын;
- оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттерін басқару жолдарын;
- әлеуметтік--педагогикалық жобалау әрекетінің негізгі нысаналарын;
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекетін реттейтін негізгі нормативті құжаттарды, қазақстандық білім беру заңнамаларын;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың құрылымын, маман даярлаудың оқу жоспарын және тәрбие шаралары жоспарын құру әдістерін;
-жобалау технологияларын қолдану жүйесін.
қалыптасатын дағдылар:
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыра алу;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мазмұнын жобалай(тұжырымдамалар, білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары) алу;
-жобалауға қажет әдебиеттерді пайдалана отырып, сәйкес жаңа жоба жасай алу;
- білім беру технологияларының мақсаттарының, мазмұнының негізгі сипаттамаларын жобалау тұрғысынан көрсете алу;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың жобаларын жасай алу.
«Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы» оқулығы жоғары оқу орындарының педагогтар даярлайтын мамандықтар үшін өте құнды. Оқулық білім берудің жаңа парадигмасына сай педагогикалық білім берудегі негізгі бағыттардың бірі – болашақ педагогтың білім берушілік ролі өзгеруін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған. Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында педагогтардың жаңаша ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игеру үлкен роль атқарады. Ұсынылып отырған оқулық болашақ мұғалімдердің өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде ұйымдастыра отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлауға мүмкіндік береді.
Бұл оқулықтың ерекшелігі – жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде педагогикалық жобалаудың теориясы мен технологиясынан жаңа нәтижелерге бағытталған білім беру жүйесі үшін болашақ білікті мамандарды дайындау тәжірибесіндегі мемлекеттік тілде алғашқы рет әзірленуі.