
- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
- •Бактерияның жасуша қабырғасының құрылысы. Грам оң және грам теріс бактерияларға сипаттама.
- •Герпесвирустар. Жіктелуі. Қарапайым герпес вирусы: қасиеті, персистенциясы. Иммунитеті. Герпесвирустардың онкогенділігі. Герпесвирустық инфекцияның зертханалық диагностикалау принциптері.
- •Су қоймаларының сапробтылығына түсінік. Ағын судың биологиялық тазалану принципінде микробтардың ролі.
- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
Курс 2
БИЛЕТ № 8
Бактерия жасушасының ішкі құрылымдары ( цитоплазмалық мембрана, цитоплазма,
нуклеоид, рибосома, қосындылар).
АИВ-инфекциясы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу және емдеу принциптері.
Судың санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері. Ауыз суды санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері.
Залалсыздандыру сапасын бақылау мақсатында тігу және таңу материалдарын, хирургиялық аспаптарды зерттеу.
Кафедра меңгерушісі __________________________ Ахметова С.Б.
Бактерия жасушасының ішкі құрылымдары ( цитоплазмалық мембрана, цитоплазма,
нуклеоид, рибосома, қосындылар).
Бактериялардың цитоплазмасы жасушаның негізгі көлемін құрайды және ерігіш ақуыздардан тұрады. Эукариотты жасушалардың рибосомасына қарағанда, бактериялардың рибосомасының сидементация коэфиценті 70S. Сондықтан, бактериялардың рибосомасы ақуыздардың синтезін басуға әсер ететін бірқатар антибиотиктер эукариотты жасушалардың ақуыз синтезіне әсер етпейді. Цитоплазмада әртүрлі қосындылар бар- полисаридтер, поли- бэта май қышқылы және полифосфаттар.олар қоршаған ортада қоректік заттардың артық болуы кезінде жиналады және қоректену мен энергетикалық қажеттіліктер үшін қордағы заттар ролін атқарады.
Нуклеоид(ядроға ұқсас құрылым)-бактериялар ядросының эквиваленті.нуклеоид бактериялардың орталық аймағында екі жіпшелі ДНҚ түрінде, шеіберге тұйықталған және түйнек тәрізді тығыз орналасқан. Эукариоттарға қарағанда бактериялардың ядросында ядро қабықшасы, ядрошығы және негәзгә ақуыздары болмайды. Көбіне бактерияларды жасуша ДНҚ молекуласы шеңберінде тұйықталған бір хромосомадан тұрады. Бөліну бұзылысы кезінде онда 4 хромосома және одан да көп болады.
Нуклеоидты ДНҚ-на арнайы Фельген немесе Гимзе әдістерімен боялғаннан кейін жарық микроскобында анықтайды.Капсула- жасуша қабырғасымен тығыз байланысты шырышты түзіліс, сыртқы шекарасы анық белгіленген.
Цитоплазмалық мембрана үш қабатты құрылым б.т. және бактерия цтоплазмасының сыртқы қабатын қоршап тұрады. Құрылымы бойынша жануар жасушасының цитоплазмалық мембранасына ұқсас,липидтердің қос қабатынан және мембрана құрылымына енетін ақуыздардан тұрады. Цит-қ ме-на қозғалмалы компоненттері бар динамикалық құрылым, сондықтан да оны мобилды, ағынды құрылым деп түсінуге болады. Ол осмостық қысымды реттеуге заттар тасымалына және жасушаның энергетикалық метаболизміне қатысады.
Цит-қ мем-на артық өскен кезінде инвагинаттарды құрастырады, яғни мембрана құрылымының күрделі бұралуы түріндегі қапшық,бұл мезосома д.а.Құрылымның ұарапайым бұралуы ішкі цит-қ мем-на д.а.
2.АИВ-инфекциясы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу және емдеу принциптері.
Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы (ЖИТС)- көбінесе иммунды жүйенің зақымдануымен сипатталатын АИВ – адамның иммунды -тапшылық вирусымен тудырылған ауыр сырқат.Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзақ ағымымен жоғары өлім-жітімдігімен сипатталады. АИВ 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Америка ғалымы Р:Галло мен Франция зерттеушісі Л:Монтанье ашты.
Таксономиясы: АИВ-1,АИВ-2 Retroviridae тұқымдасына, Lentivirus туыстығына жатады.
Микробиологиялық диагностикасы. Ағзаның тіндері мен сұйықтықтарындағы вирустьың антигендерін,сондай-ақ қан плазмасындағы АИВ- ға қарсы антиденелерді анықтауға вирусологиялық,серологиялықдиагностика жүргізеді. Вирусты Т-лимфоцит жасушасының дақылынан бөліп алады. АИВ-ға қарсы антидененің көбеюін ИФТ көмегімен анықтайды,иммундыблотинг әдісін қолдана отырып оң нәтижені дәлелдейді.Серологиялық әдіс: иммунды ферменнті ИФТ бұл АИВ жұққан науқастарды анықтауға арналған бірінші деңгейдегі тест. Антигендік диагностикум ретінде зақымдалған жасушалық дақылынан немесе рекомбинантты ДНҚ көмегімен алынған антигендер қолданылады. Қаннын сарысуында gp 120,p24 ақуыздарына және АИВ басқа антигендеріне қарсы антиденелерді анықтайды. ИФТ оң нәтижесін иммундыблотинг қоюмен дәлелдейді р24,р31, gp41 немесе gp120-ға қарсы антиденелер анықталғаннан кейін нәтижені оң деп санайды. Зақымданудың алғашқы кездерінде қанда р24 антигеннін анықтау тиімді. Молекулярлы-генетикалық әдіс: ПТР және нуклейн қышқылдарының гидридизациясы әдісі. АИВ инф-ң маңызды көрсеткіші СD4-лимфоциттер және СD4-тің СD8 қатынас мөлшерінің құрамын анықтау болып табылады.
Емдеу.Емдеу тиімді емес. Кейбір нәтижелер жасушаларды вирустың репликациясын тежейтін, өмірін аздап ұзартатын азидотиминді қолдануға мүмкіндік береді, дегенмен науқас міндетті түрде қайтыс болады.
3.Судың санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері. Ауыз суды санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері.
Судың санитарлық - микробиологиялық зерттеуi жүргiзіледі:
1) орталықтандырылған шаруашылықты-iшуге жарамды су көзін таңдағанда және кезеңді бақылауда;
2) орталықтандырылған ауыз суын залалсыздандырудың тиімділігін бақылауда;
3) орталықтандырылған сумен қамтудың жер асты көздерін, мысалы: артезиан қойнауларын, топырақ суларын бақылауда;
4) судың жеке пайдалану көздерінің (құдықтар, бұлақтар және т.б.) күйін және жарамдылық дәрежесiн анықтауда;
5) ашық су қоймаларының (бөгендер, тоғандар, көлдер, өзендер) санитарлық-эпидемиологиялық күйін бақылауда;
6) жүзу хауыздарындағы суды зарасыздандыру тиiмдiлiгiн бақылауда;
7) қалдық сулардың сапасын және тазарту дәрежесiн тексеруде;
8) жұқпалы аурулардың судағы ошақтарын табуда.
Сапалы сумен тұрғындарды камтамасыз ету болып табылады, сол үшiн суға гигиеналық баға беру жүргiзiледi.
Ауыз су сынамаларын іріктеу, тасымалдау және сақтау
1. Іріктеу сынамаларының микробиологиялық талдауының орындалу техникасы бойынша нұсқауды инструктаж өткеннен кейін маман iстеп шығарады.
2. Судың сынамаларын алу үшiн арнайы сол мақсатта қолданылатын бiр реттiк ыдыстарды немесе микроорганизмдердің тiршiлiгіне кері әсері жоқ материалдан жасалған бiрнеше рет қолдануға арналған құтыларды қолданады.
3. Құтылар тығыз тығындар мен қорғаныш қалпақтармен жабдықталған болуы керек. Көп рет қолдануға болатын ыдыс, оның ішінде түтікшелер құрғақ қыздыру мен автоклавтық зарасыздандыруға төзімді болуы керек.
4. Әр түрлi мақсаттар үшiн бір жерден алынған сынамалар бiрiншi бактериологиялық зерттеулер үшін іріктеледі.
5. Сынаманы стерильденген құтыларға жинайды. Құтыларды іріктеу алдында, тығынды стерильденген калпакпен бірге алып тастайды. Іріктеу кезінде тығын мен құтының шеттері басқа жерге тимеуі қажет. Ыдысты шаюға болмайды.
6. Ауыз судың сынамасын көп таратушы желілерден алар кезде алдымен шүмегін күйдіріп, 10 минут уакыттай суды ашық қалдыру қажет. Сынама алу кезінде судық ағу жылдамдығын азайту керек. Сынама алу кезінде шүмекте резеңке шлангтар мен басқа қондырғылар болмауы тиіс. Тығын тасымалдау кезінде суланбауы үшін, тығын мен су арасында бос орын қалуы қажет. Ыдыс суға толған соң оның бетін стерильді тығынмен және қалпақпен жабады.
7. Сынамаға алынған судың құжаты болады. Онда сынаманың алынған жері, уақыты, күні, сынама жинаған адамның аты-жөні және т.б ақпараттар жазылады.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Микробиология кафедрасы
MVI 2218 Микробиология, вирусология, иммунология пәні