Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_ekzamen[1] (1) жауапптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.38 Кб
Скачать

Күшті әсерлі заттектерден жеке қорғану құралдары.

Денелерді және демалу мүшесін сақтау үшін өндірісте және әскерде арнайы қорғау құралдарды пайдаланады. Демалу органдарды қорғау үшін противогаз бен респираторларды қолданады. Респираторлар шағын шаң бөлшектердің демалу мүшесіне тиюінен сақтайды. Противогаздар демалу мүшесі мен көздерді, бетті зиянды газдардан қорғайды, олар екі түрлі болады: сүзетін және оқшаулайтын. Сүзетін противогаздар арнайы химиялық реагенттер арқылы зиянды газдарды сіңіріп жібермей тек ауаны өткізеді, ал оқшаулайтын противогаздарда сыртқы ортамен ешқандай байланыс жоқ. Мұндағы ауа баллондарда қысылған түрде болады, осындай противогазда тек шектеулі уақыт жұмыс істеу мүмкін. Денені қорғау үшін арнайы киім пайдалынады.

Күйік түрлері, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету.

Күйген кезде Күю – бұл кез-келген оқыс оқиғада кездесетін жағдай. Ол тек үлкен өрт болғанда ғана емес, сонымен қатар: жер сілкінісінде, электр тогы немесе электр толқыны зардабынан және көлік апаты кезінде болуы мүмкін. Күю деп тірі ұлпалардың (ткань) жоғары температураның немесе химиялық заттың әсер етуінен болған жағдайды айтамыз.Алғашқы көмек көрсету кезінде, ең алдымен зиян келтіруші фактордың әсер етуін тезірек тоқтатуды ойлау керек.

Қайнаған сумен, ыстық тамақтан немесе смоламен күйген кезде, киімді шешу керек. Сонымен қатар күйген жерге жабысып тұрған киімді жұлып алмай, оның айналасын қайшымен қиып, жарақаттың үстіндегісін қалдыру керек. Жанып жатқан киімді де шешіп тастауға тырысу керек. Егер киімді шешу қиынға соқса, оны сөндірген дұрыс. Оны қатты матамен орау арқылы істеген жөн. Ауаның өртке өткенін тоқтатқаннан кейін, өрт сөнеді . Өртенген адамды жерге жатқызу арқылы да өртті өшіруге болады. Егер су қоймасы болса, жанып тұрған дененің бөлігін суға салу арқылы да өшіруге болады.

Күйген жерге бірнеше минут суық су бүрку немесе суық зат басу пайдалы. Бұл жоғары температураны төмендетеді және ауырғанын бәсеңдетеді. Сосын күйген жерге спиральді таңғышты қойып, оны орау керек. Спиральді зат болмаған жағдайда, таза мата пайдалануға болады. Бетіне қойылған матаны спиртке немесе суға салып алуға болады. Спирт ауырғанын қойдырумен қатар, микробтарды да өлтіреді. Күйген жерге түрлі майлар, дәрілер және т.б. жағуға болмайды. Күюдің көлемі өте үлкен болған жағдайда оны таза матаға орап, ауруханаға жеткізу керек немесе жедел жәрдем шақырған жөн.

Санитарлық шығын дегеніміз не? Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.

.

Шұғыл және кезек күттірмейтін жұмыстарға не жатады? Оның басты міндеттерін атаңыз.

Фаршоктар, афтершоктар дегеніміз не?

Форшок – әлсіз жер сілкіну тобы, ол кейде бір ошақтың ішінде болады,әрі қарай басты дүмпу келеді. Ғылыми статистиканың деректері бойынша Қазақстанның және барлық Орталық Азияның жер сілкінулері үшін олар сирек құбылыс болып табылады,оларды басқа фоны бар сейсмикалық құбылыстардан ажырату қиын.

Афтершок – жер сілкінудің басты дүмпуінен кейін келетін,онымен бір ошақтан шыққан,әдетте,энергиясы одан аздау болады. Қайталанған дүмпулер тау жыныстарындағы серпімді энергияны алып тастап,басты дүмпулердің ошағындағы жағдайды бәсеңдетеді,осы жағынан олар қолайлы болады.

Жер сілкінісінің орналасу тереңдігіне қарай жіктелуі

Жер сілкінісінің орналасу тереңдігіне қарай орналасуы

Қалыпты – 0-70км

Аралық – 70-300 км

Терең – 300 км артық

ҚР әлеуметтік маңызды аурулар және олардан қорғану.

Алаяқтық – алдау немесе сеніміне кіру жолдары арқылы мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік заттарын иеленіп кетумен түсіндірілетін қылмыс түрі.

Бандитизм – мемлекеттік, қоғамдық мекемелерге және жеке тұлғаларға шабуыл жасау мақсатында қаруланған бандиттер ұйымы, сондай-ақ, осындай ұйымдарда мүше болу және олар жасаған шабуылдарға қатысу болып табылады.

Разбой – мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік бұйымдар мен құндылықтарды иемденіп алу мақсатында зорлық-зомбылық жасау немесе қорқыту арқылы, осындай шабуылға ұшыраған тұлғаның өмірі мен денсаулығына аса қауіпті шабуыл.

Зорлау – зардап шегушінің дәрменсіз күйін пайдалану, ұрып-соғу немесе қорқыту жолымен жасалатын жыныстық қатынас.

Шылым шегу – тұтап жанатын кейбір өнімдердің түтінін ішке сору (темекі, табак т.б.).

Лаңкестік (террор) – өлтіруге дейін жететін зорлық-зомбылық түрі.

Нашақорлық – адамн ағзасын белгілі бір уақыт ішінде наркотик қабылдау арқасында ғана қолдап тұра алатын, ағзаны психологиялық және функционалдық тұрғыда ыдырататын, күйзеліске ұшырататын ауыру түрі.

Маскүнемдік (Алқаштық) – спирттік ішімдікті жүйелі түрде ішумен байланысты созылмалы ауыру.

Күштеп ұстау – мәні бір тұлғалар тарапынан екінші тұлғаларға белгілі бір талаптарын орындату мақсатында, екінші жақтың жақын адамдарын (көбіне балалар мен әйелдер) ұрлап кетіп, күштеп ұстауымен түсіндірілетін қылмыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]