Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_ekzamen[1] (1) жауапптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.38 Кб
Скачать

Қазақстан территориясына сейсмикалық қауіптілігі тұрғысынан сипаттама беріңіз.

Қазақстан территориясын едәуір сейсмикалық белсенді аудандар алып жатыр.

Республиканың сейсмикалық қауіпті зонасында 27 қалалар, 400-ден астам елді мекендер орналасқан, 40%-дан астам Респубиканың өндірістік потенциалдары шоғырланған, 6 млн. астам адам, яғни, елдің үштен бір бөлігі өмір сүреді.

Зоналардың белсенділігі бойынша жер сілкіну аудандарының орналасуы:

10 балл және жоғары- Алматы қаласы және Алматы облысы;

9 баллға дейін – Жамбыл облысы, Талдықорған қаласы

8 баллға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысы;

7 баллға дейін – Шығыс Қазастан облысы;

6 баллға дейін – Семей регионының шығыс бөлігі және Қызылорда облысының оңтүстік бөлігі.

Қан кету түрлері, олардың ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.Қан тоқтамау деп қан тамырларының түтікшелерінің зақымдалуынан қанның ағуын айтамыз.Жарақат алған кездегі қан тоқтамаудың жалпы белгілері – естен тану және көп қан кету, көп қан кетуден боп-боз болу, суық тер басу, маңайындағыларға бейқам болуы, болбыр, ақырын сөйлеу, басының айналуын айту, басын көтерген кезде көздің қарауытуын, ауыздың кебуі, су сұрау т.б. сипатталады.

Сауле ауруы дегеніміз не? Оның ауыртпалық дәрежесіне қарай жіктелу сипаты.

Иондалған сәуленің адам организміне әсер етуінің нәтижесінде әр түрлі дәрежедегі сәуле ауруы түрінде қатты сәулелік зақымдану пайда болады. Бұдан басқа қатерлі ісік, лейкоз түріндегі сәулеленудің алыс зардаптары, сондай-ақ бірінші және екінші буынның ұрпақтарына зақым етуімен көрсетілетін генетикалық зардаптар пайда болады. Барлық сәуленудің табиғи көздерінен орташа сәулелену дозасы жылына 200-300 м/рентгенді немесе 0,2-0,3 РББ-ны құрайды. Жылына бір адам 0,5 РББ иондағыш сәулелер көздерінде жұмыс жасайтын адамдарға-25 РББ. Сәуле ауруының өршуі 100 РББ сәуленену дозасынан асып кеткенде байқалады.

Жарақат (жаралар) түрлері, олардың ерекшелік белгілері. Алғашқы көмек көрсету әдістері.

Жарақат алу кезінде, жара болғанда алғашқы медициналық жәрдем Механикалық әсердің күшімен болған тканьдердің зақымдануы, терінің сырылып (сілекей) беті ылғалданып тұрса оны жара дейміз. Жарақат алған механизммен жаралаушы затты, кесілген, ұрылған, шабылған, тістелген қысылып қалған, қару-жарақтан болған зардаптар және басқаларын жарақаттар деп сипаттайды.

Кесілген жарақаттың шет жақтары біртегіс, қан қырқынды ағады, инфекцияға сирек ұшырайды.

Жарақаттанғанда беретін алғашқы медициналық жәрдем беру жараға таңғышты дұрыс таңудан басталады. Егер қан тоқтамаса, оны тоқтатуға тырысады. Оны қамтамасыз ету үшін жарақатталушының жараланған жерінің немесе аяқ киімін шешу қажет, керек болса кесіп жіберуге болады.

Мүмкіндігінше жарақаттың маңайын спиртпен немесе 50% йод ерітіндісімен сүрту керек. Тек содан кейін ғана таңғышты салады. Жараны жабатын таңғыш материал, ереже бойынша стерильді болуы қажет.

Таңғышты байлау процесін таңу деп атайды. Таңғыш 2 бөлімнен тұрады: стерильді салфетка және жараны жауып тұратын мақта-дәкелі жастықша және оны бекітіп ұстайтын материал.Жастықшаны таңғышпен орап бекітіп, ұшын түйреуішпен түйрейді немесе байлайды.

Таңғышты салу кезінде мынадай ережелерді ұстанған жөн: Медициналық көмек көрсетуші жарақат алушыға бетімен қарап тұру арқылы оның бет әлпетінің көңіл-күйін бақылай отырып, ауыртпалық түсірмеу қажет. Ауыруды азайту үшін зақымданған жерді таңып болғаннан кейін болатын күйде ұстаған дұрыс.

Таңғышты дәкеден сағат тіліне сәйкес алыс әкетпей, алдыңғы жүрілген жерді жартылай баса отырып, жарақаттанған саусақтың ұштарын бос немесе ашық тастау; егер қан тоқтау үшін қатты қысатын таңғыш керек болмаса, оны бос орау, себебі зақымданған жер қатты таңудан қан айналымын өзгертпеу, бірақ тым бос болмаса сырғи береді (қатты қысып қойса ісініп, көгеріп кетеді). Бекітіп ұстайтын ұшын жарақат алған жерден зардап шегушіні мазаламас үшін таңғышты байлау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]