Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

10 Билет

1.Конфуций ілімі

Конфуций  негіздеген қоғамдық, философиялық, моральдық, этикалық һәм діни ілімнің ұстын тұрғылары дәстүрлі алты кітаптан бастау алады: «Идзин» — «Өзгеріс кітабы», «Шудзин» — «Тарихи деректер кітабы», «Шидзин» — «Жыр кітабы», «Лидзи» — «Рәсім кіта-бы», «Чүндзүу» — «Көктем мен күз», жылнама кітабы және «Лүңиүй» — «Кеңес пен толғам», ғақылиялар кітабы.

«Өзгеріс кітабы» — тағдыр, жазмыш туралы, ойлы нақыл, шешендік болжам, балгерлік есеп сипатындағы философиялық-космогониялық кітап, ханзу мәдениетінің көне ескерткіші. Конфуцийдың өзінің «Өзгеріс кітабының» түбіне жетуге ғүмырым жетпейді дегендей сөзі бар (VII-17), яғни Конфуций бүл кітапты жасаушы емес, зерделеуші және үлгі түтушы ғана. Ескіден тартып, күні бүгінге дейін бүл өзгеше мұра турасында жүздеген еңбек жазылған, бірақ әлі не Шығыста, не Батыста түбіне жеткен ешкім жоқ. Бүл тараптағы ғылымның ең соңғы сөзі — «Өзгеріс кітабы» — м.д. VIII-VII ғасырларда  туған,   балгерлік  негіздегі  философиялық еңбек дегенге саяды.

«Тарихи деректер кітабы» — ежелгі заман патшалары, атақты адамдар, олардың үлгілі істері, халық басынан өткен елеулі оқиғалар туралы аңыздық, деректік хикаялардың жинағы, Күңфудзы өз қолынан өткеріп, жүйеге түсірген деп есептеледі.

«Жыр кітабы» — қадым замандағы қытай поэзиясының антологиясы; ескіден қалған жырлар өте көп екен, Конфуций солардың бірін қарастырып шығып, әрі көркем, әрі әуезді, айрықша мағыналы үш жүз бес жырды іріктеп алады да, оларды мекендік, мезгілдік және мазмұндық түрғыдан жүйелеп, бір кітапқа топтайды; жалпы көлемі сегіз мың өлең жолына тақау бұл анто­логия — әлемдік поэзияның үздік үлгісі, өзгеше тұрпатты асыл мұра. «Жырдан шабыттанам» деген Күңфудзының өзі (VIII), ақыл-ойдың, көркем танымның ғажайып нүсқасы ретінде үнемі шәкірттерінің алдына тартып отырған.

«Рәсім кітабы» — діни тұрмыс-салт, ғұрып, ғибадат жоралары туралы кітап, ежелден қалыптасқан; Конфуций зерделеп, дәйектеген деп есептеледі. «Рәсімнен қуат алам» деген Конфуцийдың өзі (VIII).

«Көктем мен күз» — м.д. 721-480 жылдарды қамтитын тарихи шежіре, Конфуций жүйелеп, түбегейлі өңдеуден өткізген; келер үрпақ мені осы «Көктем мен күз» арқылы бағалайды деген сөзі бар (Сыма Циән).

«Кеңес пен толғам» — осы, әуелгі бес кітаптан («бес дзин») өзгеше тұрпаттағы жинақ, кейініректе Конфуцийдың ізбасарлары құрап, қалыптаған ғақылиялар топтамасы, негізінен Конфуцийдың шәкірттермен кеңес, әрқилы адамдармен әңгіме үстінде айтқан нақыл сөздері, ой, толғамдары. Конфуций есіміне тікелей қатысты ең басты кітап та осы.

Конфуцийдың өзінің «мен жаңадан ештеңе ойлап шығарғам жоқ, мен небәрі ескіні бүгінге жалғастырушымын» деген пікірі бар (VII). Әлбетте, Конфуций — жаңаны негіздеуші. Бірақ бұл жаңа — көненің жаңғыруы, өңделіп, жетіліп, жүйеленіп, өзгеше қалыпқа түсуі. Сыпайы сөз — өзін кеміту емес, көтермелеу, бар үлгісі ежелгі дәстүрден, ұлттық арнадан бастау алатынын қадап айту. Шынында да, көнеден, яғни елдің ғасырлар бойы қалыптасқан салт, санасынан, танымы мен рәсімінен тамыр тартпаса, Конфуций ілімі де кеңінен өркен жайып, соншама қуатқа жетпес еді. Әрине, Конфуций көнені жалғастырушы ғана емес, жаңаның бастаушысы болды. Конфуцийдың көзінің тірісінде негізгі тұрғылары, болмыс, бітісі мен мұрат бағдары айқындалып, берік бекіген жаңа ілім оның шәкірттерінің риясыз, тынымсыз еңбегі арқасында өзгеше тыныс алып, кең өріс табады. Конфуцийшылар ханзу жұртының рухани әлемін жаулап алуды ғана емес, қоғамдық өмірге ықпал ету, ел билігіне тікелей араласу бағдарында да белсенді әрекетке көшеді. Сондықтан да м.д. III ғасырда ежелгі қытай жұртын қайта біріктірген әуелгі еженхан Зин Шихуанди Конфуций ілімін қатты қудалайды; бірақ ақыр түбінде әулетінің қиылуына да осы ретсіз қаталдығы, нақтылап айтсақ, қалыптасқан, дайын тұрған үлттық идеологиядан бас тартуы себеп болған. Төменнен көтеріліп, берік әрі түбегейлі билікке жеткен Хән әулеті Конфуций ілімін ресми түрде қабылдап, оған мемлекеттік мәртебе беріпті. Бұл жағдай адамзат тарихында болмаған аса үзақ мерзім — екі мың жылдан астам уақытқа созылып, еженхандар билігі кесілген 1912 жылға дейін сақталып келді. Алайда кұңфудзышылдық ханзу жүртының рухани өміріндегі жетекші жағдайынан айрыла қойған жоқ. Бүгінгі коммунистік Қытайдың өзінде Конфуций ханзу жұртының көне замандағы ұлы ойшылы ретінде айрықша қастерленеді.

Қытайдағы саяси және философиялық iлiм тарихында конфуцизм iлiмi маңызды роль атқарады. Оның негiзiн қалаған б.з.д. 551-479 жылдары өмiр сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкiрттерi құрастырған «Лунь юй» («Әңгiмелер мен пiкiрлер») кiтабында жинақталған. Бұл кiтап ғасырлар бойы Қытай халқының өмiрi мен көзқарасына, тәлiм-тәрбиесiне едәуiр ықпал еттi. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси iстерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттерi әлi күнге дейiн мәнiн жойған жоқ. Ол «даналыққа бiз үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол – санамен саралау, ең оңай жол – елiктеу, ең қиын жол – тәжiрибеден тәлiм алу» дедi.

Дәстүрлi көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттiң патриархалды- патерналистiк концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билiгi әкенiң балаға билiгi ретiнде көрсетiледi. Патшаның билiгi отбасындағы жасы кiшiлердiң ересектерге бағыныштылығымен теңестiрiледi. Конфуций суреттеген әлеуметтiк-саяси жүйедегi адамдар теңсiздiгi, «қараңғы адамдар», «төменгi адамдар», «құрметтi адамдар», «жоғары шендi адамдар», «лауазымды адамдар» ретiнде көрсетiледi.

Әлеуметтiк теңсiздiктi қалыпты жағдай ретiнде қарастырған Конфуций аристократиялық билiк концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билiгiн жақтады. Билiктiң зорлықсыз тәсiлiн жақтаған Конфуций билеушiлердi өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеушi қайырымды болса, төменгi адам да қайырымды болады. Билiктiң осы ережесiн жақтаған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Iшкi және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерiнен алыс тұратын басқа халықтарды бiлiмдiлiкпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуций барлық нәрсе үнемi өзгерiсте болады, уақыт тоқтамайды, әрбiр нәрсенiң басталуы мен аяқталуы болады дейдi. «Адамның iсi де солай, бас-аяғынсыз бiрде-бiр iс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсiнген адам ақиқатқа жақын тұрады».

Конфуцийдiң этикалық-құқықтық және мiнез-құлық нормалары мен принциптерi адам өмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

Конфуций iлiмiн одан әрi жалғастырған Сянь-цзы “әлем өзiнiң табиғи заңдылықтарымен өмiр сүредi, сондықтан да оны тiршiлiк қажетiне жарату үшiн оны зерттеу, құпия сырларын бiлу қажет” деп ой түйедi. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесiн алуы немесе бай және кедей болып өмiр сүруi олардың өздерiне байланысты. Сянь-цзының пiкiрiнше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз болып келедi. Сондықтан да адамдардың мiнезiн жақсы тәрбие берiп қана табиғи қалпынан өзгертуге болады. Ол үшiн адамдардың өзi де өзiн-өзi тәрбиелеуге және бiр-бiрiнiң қателiгiн бетке басып айтуы тиiс. Бұл туралы ол былай дейдi: «Менiң қателiгiмдi дұрыс көрсеткен адам – менiң ұстазым, менiң игi iсiмдi дұрыс байқаған кiсi – менiң досым, ал маған жағынып, жарамсақтанушылар – менiң жауым».

Конфуцизм iлiмi, сонымен бiрге, ел билеушiлерi мен әкiмдерге де қол астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берiлдi. Конфуций бойынша «ақылды билеушi ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табандылықпен, ең алдымен өзi үлгi-өнеге көрсетiп жақсылыққа тәр

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]