Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы

Француз ағартушылығының негізгі бағыттары

Деизм – Құдайда алғашқы

түрткі ретінде, ал ондан

кейінгі процесстерге

Құдайдың қатысы жоқ деп

есептейтін бағыт. Атеистік-материализм – Құдай тірішлігі идеясын мойындамаайтын, тек материалистік, ғылыми-жаратылыстық позицияны жақтайтын бағыт. Утопистік-социализм – теңдік пен әлеуметтік әділеттілікке негізделген мінсіз қоғам құру идеясын ұстанатын бағыт.

Өкілдері:

Вольтер, Монтескье,

Руссо, Кондильяк Өкілдері: Мелье, Ламетри, Гельвеций, Гольбах Өкілдері: Мабли, Морелли, Бабеф, Оуэн, Сен-Симон, Фурье

Вольтер Франсуа (1694-

1778) – француз

ағартушылығын бастаушы.

Құдай тіршіліктің

бастамасы, бірақ ешбір

теория мен практика оның

бар екендігін дәлелдей

алмайды. Құдайды

мойындау – қоғамдық

тәртіпті сақтау, адами

келбетті сақтау үшін қажет.

Қоғамда ағартуды көздеп,

«білімді әмірші»басқаратын

абсолютті монархияны

жақтады.

Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігіҚоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия,аристократиямонархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады. Өзінің "қоғамдық келісімінде" ол саяси шешімдерді қабылдау процесіне эр жеке адамның қатысуына ерекше назар аударады. Оның тұжырымдамасы жеке адамдарға қатысудың психологиялық әсер етуіне (яғни, әлеуметтік мінез- құлықтың психологиялық құрылымы мен сәйкес әлеуметтік институттардың құрылымы арасындағы өзара байланы- сына) деген қызығушылықты білдіреді. Руссо байқаған идеалды партиципаторлық жүйе белгілі бір шарттарды орындаған кезде ғана мүмкін болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық тепе- теңдіктің белгілі деңгейін орнату басты шарт болып табылады. Мұндағы сөз болып отырған абсолюттік тепе-теңдік емес, экономикалық тәуелсіздік пен әр жеке адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген қоғамның мүліктік біртектілігі. Екіншіден, осы реттегі тәуелсіздік барысында азаматтардың бір-біріне деген жалпы әлеуметтік тәуелділік жағдайы болу қажет. Әр адамның жеке басы белгілі бір маңызды қоғамдық мәселені шешуге бейімсіз болып, ол үшін оның басқа жеке адамдармен қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болуы керек. Жеке тұлға тұтастай ағза ретіндегі қауымдастықтың іс-әрекеттеріне тәуелді екендігін сезінуі қажет. Осы екі шарт қатысу жағдаятын толыққанды әділ әрі тең құқықты етеді. Тәуелсіз сайлаушылар пайда мен міндеттемелер ауыртпалығы тең бәлінген саясатты қалыптастырады. Ӏстің мұндай мәнісі саяси тепе-теңдіктің негіздемесі болады, өйткені ол бұл қауымдастық мүшелерінің барлық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мүнда қоғамдық мүдденің алға басуына ықпал етеді. Руссоның айтуы бойынша, қатысу жағдаяты үшін өздерінің жеке еріктерін бірегей қоғамдық мүддеге қайшы орнататын азаматтардың түрлі ұйымдасқан топтарының болмағаны қолайлы. Сайлаушылардың ұйымдасқан топтарының пайда болуынан құтыла алмаған жағдайда олардың санының айтарлықтай көлемді, ал саяси ықпалдың барынша бірыңғай болғаны дұрыс. Ондай кезде жеке қатысуға тән партиципаторлы жағдаяттың қайталануы мүмкін. Руссоның пайымдауынша, қатысудың тұтастай құрылымының анықтамасы оның демократия теориясының негізгі мотивін жасап шығарудың, нақтырақ айтқанда, жеке тұлғалардың әлеуметтік-саяси мінез-құлықтарының сипаты мен мазмұнына деген демократиялық қатысудың ықпалы жайындағы мәселенің алғышарты ғана болып табылады. Руссо теориясының шеңберінде қатысудың өзіне тән әлеуметтік-саяси педагогикалық сипаты бар. Ол азаматтардың шын мәнісінде жауапты әлеуметтік-саяси әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған. Қатысу әр жеке тұлғаның бірегей қоғамдық мүддеге қатыстылық сезімін, өзінің жеке өмірінің тар шеңберінен шығып, басқа да жеке тұлғалардың қоғамдық ағзаға қатыстылық сезімдерімен ортақтану икемділігін, оған тәуелділік сезімдерін тәрбиелеу қажет. Қатысу жағдаятында жеке тұлға жеке және қоғамдық мүдделердің біріккендігін түсінуді үйренеді. Педагогиканың мұндай әлеуметтік-саяси процесі әлеуметтік даулардың әлеуетін төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені азаматтар өздерінің жеке ниеттері мен қауымдастықтың талаптарын қатаң түрде ажырата білуді үйренеді. Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған.

3. Ясперс Карл (23.2.1883 жылы, Олденбург, – 26.2.1969 жылы, Базель) – неміс экзистенциалист философы. Өз қызметін психиатр ретінде бастаған. Ясперстің экзистенционалдық ойлау стилі жалпы батыс зистенционализміне ортақ адам өмірінің пәнилігімен байланысты туындайтын этикалық және социологиялық ой - қорытындыларынан көрінеді. Ясперс түсінігінше адам өзінің бұл дүниеде мәңгі еместігін ұмытпай, түйсінуі оның мінез - құлқын,әрекетінарманын және моральдыққұқықтықэстетикалық құндылықтарын анықтайды. Шексіз, транцедентті болмысқа адам санасы тек әдеттен тыс халде (медитация) шыға алады. Психопатология құбылыстардан Ясперс жеке адамның құлдырау бейнесін ғана емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйтқысы деп санаған Ясперс мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын рационализациалау деп қарауға болады. Ясперс пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауруөлімкүнәсін сезіну, т.б.) кезеңінде ашылады. Ясперстің жалпы адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі түсіністігіне сенімі “уақыт ұйтқысы” (Axenzeіt) – тарихтың әмбебап мәнісі жайлы теориясына себеп болды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]