
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
6 Билет
1.Дүниеге көзқарас ұғымы,тарихи типтері мен ерекшеліктері. дүниетаным — қоғамдық сана мен жеке адам санасының ең жоғарғы деңгейі. Ол өзінің қызметі мен мәдени міндеті бойынша адамның біртұтас дүниедегі бағдарларының кешені болып табылады. Дүниеге көзқарас — дүниедегі ұсақ-түйек мән-жайларға қатысты емес, біртұтас дүниеге қатысты бағдарлар кешені. Сонымен бірге бұл бағдарлар әлгі ұсақ-түйек мән-жайлар туралы ой түюге аса қасаң болмаса да белгілі бір бағыт сілтейді. Дүниеге көзқарас бағдарлары кешеніне, ең алдымен, болмыстың жалпылама-әмбебап көріністері, яғни философияда категориялар деп аталатын көріністер енеді. Бұлай болатыны: біріншіден, дүниеге көзқарас бағдарларының кешенінде әр түрлі себептермен болмыстың объективті әмбебап көріністеріне сай келмейтін жалпы түсініктер болуы мүмкін; екіншіден, философ категориялар дегеніміздің өзі — философтардың арнаулы саналық қызметінің жемісі ғана. Дүниеге көзқарас бағдарлары кешені құрамына жалпы түсініктермен бірге әмбебап дүниеге қарым-қатынастық принциптер мен мінез-құлық талаптары да енеді. Дүниеге көзқарас ұғымы біртұтас дүниені жалпылама ұғынумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге осы біртұтас дүниемен қарым-қатынас жасаудың жалпы өлшемдерін, басқаша айтқанда, дүниеге белгілі бір қарым-қатынас өлшемдерін белгілеп, міндеттейді. Дүниеге қарым-қатынас дегеніміздің өзі адамның дүниеге тұрмыстық, практикалық-қызметтік қарым-қатынасы. Дүниеге көзқарас осы қарым-қатынастан туындайды. Ол - нақтылы процестің жемісі.Осы тұрғыдан келгенде дүниеге көзқарас дүниеге қарым-қатынаспен салыстырғанда кейін пайда болған. Алайда пайда болып, қалыптасып алған соң ол дүниеге қарым-қатынасты бағыттаушы ықпалға ие болады, осылайша олар тарихтың өн бойында өзара бірін-бірі түзете отырып, қоғамдық-адами өмірдің біртұтас процесінде бірін-бірі толықтыратын, біріне-бірі көшетін екі полюс болып табылады. Дүниеге көзқарас бағдарлары кешенінің құрамында жалпы түсініктер, жалпылама принциптер мен мінез-құлық талаптарымен бірге жалпы құндылықтар, мұраттар және өмірдің ең жоғары мәні туралы түсініктер де болады. Алайда бұл кешен тұтастай алғанда ешуақытта толық болып табылмайды. Дүниеге көзқарас бағдарлары кешенінің орталық түйіні — “Адам және дуние ” аталатын ерекше тақырып болып табылады. Бұл тақырып аясына “дүние деген не?”, “ол қалай құрылған?”, “дүние мәңгілік пе әлде біреу жаратқан ба?”, “адам деген кім?”, “оның дүниедегі орны қандай?”, “оның өмірінің мәні неде?”, “адамның дүниеге қарым-қатынасы, дүниенің адамға қарым-қатынасы қандай немесе қандай болу керек?” т.б. сұрақтарға толық не жартылай толық жауаптар жүйесі енеді. Бұл тақырып дүниеге көзқарас бағдарларының тұтас кешенін — жалпы түсініктерді де, принциптерді де, құндылықтарды да қамтиды. Саналы Дүниеге көзқараста адам мен дүние тақырыбы теңбе-тең болуы тиіс, алайда бұрынғы, сондай-ақ, қазіргі дүниеге көзқарас типтерінде бұл ара-қатынас сақталмай, басымдылық бірде адамға, бірде дүниеге беріледі. Мәселе кейбір жағдайда адам дүниеден шығарылып, кейбірінде керісінше болуында ғана емес, сонымен қатар дүниеге көзқарас кешенін құрайтын бағдарлардың барлығы берілген басымдылыққа байланысты ерекше артикуляция мен мәнге ие болатындығында. Дүниеге көзқарас қоғамдық сананың жоғары деңгейі ретінде рухани өмірдің төмен сатыларының барлығына ықпал ете отырып, сол арқылы практикаға әсерін тигізеді. Қоғамдық сананың барлық түрі мен қоғамның барлық мүшелерінің санасын, олардың жалпы, әсіресе, өзіндік сана актілерін, дүниеге көзқарастық және дүниеге қарым-қатынастық бағдарларын, жоғары стратегиялық принциптер мен императивтерін анықтай отырып, қоғамда ықпалды дүниетанымдық өріс құрылып, әрекет етеді. Кез келген социомәдени тұтастықта, әсіресе, тарихи процестің постархаикалық кезеңдерінде үстемдік құратын дүниеге көзқараспен қатар белгілі бір дәрежеде басқа дүниеге көзқарастық парадигмалар өмір сүреді. Олардың бірі жойылып, екіншісі пайда болады, үшіншілері мезгілі жеткенге дейін жасырын, көмескі тіршілік етіп, қажет шарттар орындалғаннан кейін қоғамның рухани өмірінің жоғары қабатына шығады. Әйтсе де, жалпы дүниеге көзқарастық күш өрісін олар емес, үстем дүниеге көзқарас құрайды. Бұл өріс басқа дүниетанымдық бағдарлар мен парадигмаларды да қамтып, белгілі бір дәрежеде оларды жетілдіреді. Бұл мәдениет өз тұғырында неғұрлым берік тұрса ол құрайтын және қолдап тұратын дүниеге көзқарастық өрістің кернеуі соғұрлым жоғары, ықпалы соғұрлым күшті болатындықтан өзге дүниеге көзқарастық парадигмалар қалай болғанда да өзгеріске ұшырайды. Адамның дүниеге қарым-қатынасы көп қырлы. Оның негізгі түрлері іс-тәжірибелік (практикалық), танымдық, этика, эстетика діни көзқарас. Бұлардың әрқайсысы өзінше дербес, жеке. Олар бір-біріне мүлтіксіз сәйкес келмейді және біреуі екіншісіне қарсы да келуі мүмкін. Ал олардың бірлігі мен ішкі үйлесімі адамның дүниедегі толық әрі нағыз болмысын жасайды. Демек дүниеге көзқарастың өзінде танымдық, этика, эстететика, діни мазмұн бар. Тарих көрсеткендей, дүниеге көзқараста әдетте дүниеге қарым-қатынастың қайсыбір түрі мен онымен сәйкес сана түрі басым болады, сондықтан ол дүниеге көзқарастың бүкіл мазмұнына рең немесе әр береді. Мысалы, классика жапон, грек дүниеге көзқарастары эстетика реңге боялса, классика қытай дүниеге көзқарасында эстетика бастама, ал классик. үнді және дәстүрлі орыс дүниеге көзқарасында діни бастама басым. 17 ғасырда басталған Батыс Еуропа дүниеге көзқарасындағыдай, қазіргі заманғы дүниеге көзқараста танымдық бастама басым. Әрбір тарихи дәуірде қоғамның рухани өмірінің қандай да бір саласы жетекші орын алып, бүкіл мәдениетке ортақ реңк пен ортақ өлшем қалыптастырады. Дүниеге көзқарас адамдардың еркі мен саналы белсенділігінен тыс пайда болады. Олардың санасы бұл процесті аңғармайды, өйткені дүниеге көзқарас мәнінің қоғамдық санада орнығуы өздігінен, ешкімнің саналы, әдейі қатысуынсыз жүреді. Соның нәтижесінде, дүниеге көзқарастық жалпы түсініктер, принциптер, императивтер ішкі қайшылықсыз тұтаса сабақтасады. Бұл тұтастық дүниеге көзқарас кешенінің барлық элементтерін бір-бірімен өзара байланыстыратын “сұр логика” деп аталатын әрекетпен қамтамасыз етіледі. Дүниеге көзқарас құрылысының осы ерекшелігі арқасында ол адамдар санасына елеусіз енеді де, олардың қылықтарын, іс-әрекеттері мен мінез-құлқын үйлестіріп, реттеп отырады. Өзіндік “Журден синдромы” іске қосылады: жеке адамдар жалпы дүниеге көзқарас пен оның бағдарларының бар екенін аңдамай-ақ сол бағдарларды басшылыққа алады. Жеке адам санасының ең жоғ. деңгейі ретіндегі дүниеге көзқарас ғұмыр бойы қалыптасып, өзгеріп отырады. Дүниеге көзқарастың сапасы адамның дамуы мен кемелденуі деңгейімен анықталады. Мысалы, жеке адамдар дүниені сезінуде дүниені көмескі елестетумен шектеледі. Дара, жеке тұлғада дүниені сезіну дүниені түсіну ретінде жүреді. Нағыз тұлғаға үнемі қайталанып отыратын дүниеге көзқарастық өз-өзіне есеп берушілік пен айқындылық тән. Ұлы тұлғалар қоғамдағы ортақ дүниеге көзқарасқа жеткілікті түрде күшті ықпал етіп, оның өзгеруіне тікелей қатыса алады.
2.Б.Спинозаның субстанция мәселесі.Спиноза (1632 – 1677) – нидерлант философы-материалист, пантеист және атеист. Екі ірі еңбегі белгілі – «Діни-саяси трактат» (1670) и«Этика» (1675). Амстердамның еврей шіркеу қауымынан дінге еркін көзқарасы үшін аластатылды. Философиядағы геометириялық әдістің негізін салды. Білімнің мақсаты табиғатты меңгеру және адамды барынша жетілдіру деп есептеді. Бостандық туралы ілімін қалыптастырды. Ол қажетілік шеңберінде адам бостандығының қалай мүмкін болатындығын дәлелдеді. табиғат туралы ілімін жасап, Декарт дуализіміне қарсы болды. Спиноза табиғат - өзіне-өзі себепші, ол өзінің болмысы үшін ешнәрсені де қажетсінбейді деп тұжырымдады. Табиғат – субъстанция, өзі атағандай ол – құдай. Субстанциядан шектелген жеке заттар дүниесін ажырататын – модустар. Субъстанция біртұтас, модустар шексіз көп. Шексіз ақыл ғана шексіз субъстанцияны тани алады.Спиноза бойынша адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жан модусы туралы ілімінде Спиноза адамның күрделі психологиялық өмірін зердеген және ынтықтыққа яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға, құмарлыққа әкеп шектеді. Ол бостандықты ақылмен теңестірді. Бостандық белгілі бір себептерге тәуелді екендігін мойындады. Спеноза ілімі бойынша бастандықта халық бұхарасы емес, тек ақыл иесі болуы мүмкін.Спиноза таным теориясында рационализм бағытын жалғастырды. Ол рационалды танымды жоғар қойып, сезімдік танымды екіншіге, ал тәжірбиенің рөлін төмендетті.айқындық пен дәлдікті ақиқаттың критерийі деп жариялады.Спинозаның атеизм мен еркін ойшылдықты дамытудағы ролі зор. Діннің негізгі мақсаты – табиғаттың тану емес, адамдарды өнегілі өмір сүруге шақыру деді. Сондықтан дінде, мемлекет те ой бостандығына қиянат жасамауы тиіс.Қоғам туралы ілімінде Гоббсті жалғастырушы. Одан айырмашылығы биліктің жоғарғы түрі монархия емес, демократиялық билік деп көрсетті және мем. шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді.
Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:
1.тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;
2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;
3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным. Спиноза пікірінше, ол білімдер айқын емес, толық емес, терең емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады.
Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:
1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;
2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;
3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;
4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;
5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады;
6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол;
7.бостандық – бұл танылған қажеттілік.
Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:
1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;
2.Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.
Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»
3.Мартин Хайдеггердің болмыс пен уақыт талдамасы. Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның бол құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889-1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы – болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана – онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі – адам ғана. Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол – азап шегуші сана. сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің «Адам дегеніміз – маза» деуі де сондықтан. Азап шегуші- уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Гуссерльдің «мәнді көре білу» әдісін таңдады, оның «көңіл-ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің «маза», үрей». «қорқыныш» терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті.