- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
5 Билет
1.Дүниеге көзқарстың ерекшелігі. Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде ол озин бүкіл дүниені бөліп алып оған қарсы қоя алады.менің осы дүниедегі орным қандай?мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? адамды Құдай ,я болмаса Ұлы мәртебелі табиғат нені жаратты?деген мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі өмірден алған тәжірбиесі,жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.Алайда қайсыбір дүниеге көзқарасты философияға жатқызуға болмайды,өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу ұғымы жатады .
2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
Томас Гоббс (1588 – 1679 жж.). Азамат туралы ілімнің философиялық элементтері» (1642), «Левиафан» (1651). - Өз заманында пайда болған әдістерді пайдалана отырып, оларды қоғам өмірімен, адам туралы іліммен байланыстыруға тырысты. Оның ойынша, әлем – механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Денесіз ешбір нәрсе өмір сүрмейді. Ойды материядан ажыратуға болмайды, материя – барлық өзгерістердің субъектісі. Адамдардың рухани өмірін де қозғалыс пен күш-жігерге саяды. Олар сырттан жасалған әсерлермен тұтас айқындалатын күрделі механизм.
- Таным теориясында табиғаттың сапалық алуан түрлігінің объективтік сипатын теріске шығарды, оны заттардың механикалық айырмашы-лықтарында жатқан адам сезім-түйсіктерінің қасиеті деп есептеді. Декарттың туа пайда болатын идеяларына қарсы шықты, бірақ идеяларды өңдеу туралы ілімді дамытты. Гоббс бойынша, таным идеялар көмегімен жүзеге асады. Идеялардың түптамыры тек сыртқы дүниені сезімдік қабылдау болып табылады және біздің танымымыздың да түпкі негізі.
- Қоғамның пайда болуы мен дамуын жан-жақты қарастырды. Қоғамды екі дәуірге бөлді:
1) алғашқы дәуір табиғи деп аталды. Мұнда адамдар тең құқылы, барлығы заттарға тең иелік етеді. Бұл тең құқылық адамдар арасындағы қақтығысқа, соғысқаәкелді, ол адамның жер бетінен құрып кетуін әкелетін болды.
2) екіншісі азаматтық деп аталды. Онда адамдар өзара келісімге келеді, сөйтіп құқықтық қатынастарды тудырды. Жеке меншік пайда болды. Ал жеке меншікті қорғау үшін мемлекет пайда болды. Гоббс қоғамның құдіреттің күшімен орнайтындығын теріске шығарып, қоғамдық келісім теориясын жасады. Қоғамдық келісім барлық адамдардың табиғи теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл теориясы бойынша, жеке меншік пен мемлекеттің пайда болуы заңды процесс. Оған қарсы шығуға болмайды, оған қарсы шығу адамзат табиғатына, белгілі бір заңдылыққа қарсы шығу деген сөз. Ол мемлекеттің демократиялық, аристократиялық және монархиялық үш түрін атап көрсетеді. Гоббс монархияны жақтады. Монарх ақыл-парасатына сүйене отырып, халықтың рухани материалдық жағдайына қамқорлық жасап, экономиканың дамуы мен моральдың кемелденуіне қамқорлық жасауы тиіс деген. Адамдардың табиғи келісімі негізінде мемлекет пайда болады. Мемлекет табиғи заңдар орнына қоғам заңдарын қояды
3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
Психоанализдің негізін салушы австриялық ғалым психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж.) болды. Психоанализдің бастамасы Фрейд ашқан 2 жаңалық болды, олар:
бейсаналық – санамен қатар, тіршілік ететін және белгілі жағдайда сананы бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық реалдылық;
ығыстыру реакциясы – жағымсыз эмоция, теріс тәжірбие т.б. адамның психикалық саулығы мен теп-теңдігін бұзатынның бәрінің психикалық қорғаныш тәсілі ретінде санадан ығыстыру. Ол ерте ме, кеш пе «кездейсоқ» әрекет, қылық, түсініксіз мінез түрінде белгі береді.
Бейсаналықтың ерекше формасы – түс. Түс – шын өмірде іске аспаған тілек пен ұмтылыстың орындалуы мен көрініс беруі.
Фрейд психиканың 2 схемасын ұсынды:
топографикалық;
динамикалық.
Топографиялық схемада бейсаналық – түрлі ойлар мен тілектер адам сезімдері өз кезегін күтіп тұрған дәліз түрінде бейнеленеді.
Динамикалық схемада психика 3 бөлінеді
«Ол» - адам ойлары мен тілектері сақталған бейсаналдық әлем;
«Мен» - психиканың барлық бөліктерін біріктіріп тұрған адам санасы;
«Жоғарғы-Мен» - тұлғаға ықпал ететін, қысым жасайтын сыртқы шынайылық: заңдар, тиымдар, мораль, мәдени дәстүр
Бейсаналықтың негізі – «Либидо» - жыныстық инстинк. Адамның психикалық әрекеті дегеніміз – оның жыныстық инстинктінің түрлену процесі.
Эрос (өмір инстинкті) – адамның жасаушылық тәртібі жатыр. сол арқылы өз қажетіліктерін өтеп, ұрпақ жалғастырады.
Танатос (өлім инстинкті) – адамды қауіпті, бөтен көрінетіннің бәрін жоюға итермелейді. Адам өмірі бұл Эрос пен Танатостың өзара тоқтаусыз әрекеті
