Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

3 Билет

1.Философияның негізгі сұрағы – ойдың болмысқа, болмыстың ойға қатысты туралы сұрақ.

Негізгі сұрақты қарастырудың онтологиялық жағы – ненің алғашқы екендігін шешу: материя ма, әлде сана ма?

Негізгі сұрақты қарастырудың гносеологиялық жағы – дүниені танып білуге бола ма, әлде болмай ма?

2. Рене Декарт (1596-1650жж.) «Әдістер туралы пікір»(1637), «Философия бастаулары», «Бірінші философия туралы ойлар», «Ақыл жетекшілігіне арналған ереже».

Математикада аналититкалық геометрияның негізін салған. Ол механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті. Әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ, серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космологияда ғылым үшін жаңа идея – Күн жүйесінің табиғи дамуын жетілдірді, әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космологиялық категория қозғалысының негізгі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал етті. Декарт материяны кеңістікпен теңестірді.

Білімінің міндеті адамның табиғат күштеріне үстемдік етуіне, техникалық құралдарды ойлап табу және жасауына түрткі болу, себеп пен салдарды танвп білу мен адам табиғатын жетілдіру жолына қызмет етуінде деп білді. Осы міндетті орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп санады. Бұл күмән барлық нәрсені танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет. «Күмәнданамын, яғни, ойланамын, ойланамын, өмір сүремін» (Corgito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің мәніне мүлдем көңіл бөлмеді.

Рационализмі және туа біткен идеялар туралы ілімі идеализмге ықпал етті. Танымдағы сананың алғашқылығы, ақылдың сезімдік қабылдаулардың тәуелсіз екендігін мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала алады. Мұндай әдіс ретінде Декарт дедукция деп көрсетті.

3.Өмір философиясы – адам үшін басты және шынайылық – өмір деп есептеп, өмірді құбылыс ретінде талдайтын бағыт.

Вильгелм Дильтей (1833-1911жж.) қоршаған дүниенің көптүрлілігі мен адам өмірінің бірігейлігі туралы идеяны ұстанды. Гегель философиясын сынап, ойлаудың орнына өмір ұғымын қоюды ұсынды.

Өмір адамның дүниедегі болмысының тәсілі. Өмірдің белгілері: тұтастық, көптүрлі рухани бастамаға ие, жоғары дүниемен ажырамас бірлікте. Философия өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыруға тиіс.

Тарих – прогреске апаратын айқын және заңды процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзгерту мүмкін емес.

Серен Кьеркегор (1813-1855) Даниялық философ, Копенгаген университетінде теологиялық және философиялық білім алған. Еңбектері: «Немесе, немесе», «Үрей мен қалтырау», «Ажалға бастайтын ауру». Ол Гегель философиясын сынға алды, әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатынның бәрі ақиқат. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес деп есептеді. Кьеркегорда адам өмірінің үш сатысы көрсетілген, олар: эстетикалық – тікелей сезімдікпен байланысты саты, этикалық – адам өміріндегі ізгілік саты, эстетикалықта адам Өзіндік қанағаттандыруға тырысса, этикалықта жалпылықты жүзеге асыруға тырысады.

4-Билет

1. Әлеуметтiк философияның атқаратың қызыметтерi:

1. Дүниетанымдық-әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк әлемнiң тек «картинасы», бейнесi ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтiк идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмiрмен байланысын анықтай отырып, осы әлемдi жаратады да. Жалпы адамзаттқа  деген маңызында алсақ, әлеуметтiк ф-я социум (әлеумет) жайында ең жалпы түсiнiктер бередi деген тұжырымға келемiз.

2. Методологиялық - әлеуметтiк ф-я мұны пәндiк және теориялық форма ретiнде қызмет ете отырып және әлеуметтiк құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы ф-қ принциптердi пайдаланудың үлгiсi бола отырып жүзеге асырады. Мысалы, диалектика принципi (тарихилық принципi, абстрактылыктылыдан нақтыға өту принципi т.б.) мен синергетика принципi (бүтiн, органикалық, өзiн-өзi басқарушы және өзiн-өзi ұйымдастырушы жүйелердiң жүйелiк-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы) жатады. әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк гуманитарлық бiлiмдердi пәндiк тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегi ретiнде көрiнедi (мысалы, кешегi күндерде ол «тарихи материализм» ролiмен көзге түстi).

Әлеуметтiк танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да ұғыну мен түсiндiру ф-сы ретiндегi маңызы зор. әлеуметтiк ф-я мен «әлеуметтiк философтардың» қазiргi жағдайы еске түсiредi: бiрiншiсi өз Құдайына сыйынып, оны үнемi мадақтап отырса, екiншiсi оған үнемi сұрақ жаудырумен өтедi.  Әлеуметтiк ф-да  да сол сияқты: бiрiншiлерi өзiнiң «құдайы»- қоғамды мадақтай отырып, оның ақыл-ойынан, жетiстiгiнен және прогресiнен үмiт күтсе, екiншiлерi- «Бiз кiмбiз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегi болмысымыздың мәнi неде?»- деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешiмiн iздейдi. Бұлардың екеуiнiң арасындағы ұқсастық, олар ең алдымен түсiнуге ұмтылып, сонан кейiн ғана «түсiндiруге» тырысады (ал Құдай болса өзiн түсiнудi емес, өзiне сенудi қалайды, бiрақ қоғам Құдай емес қой!).

Әлеуметтiк ф-я методологиялық негiз ретiнде әлеуметтiк құбылыстардың және олардың даму болашағына әмбебап принциптер мен, заңдарды және оларды танудың әдiс-тәсiлдерiн қолданады деген түйiнге келемiз.

3.Танымдық- ол танымдық мәдениеттiң элементi ретiнде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен принциптерiн қалыптастыра отырып, бiр нәрсенi ашуға қабiлетi бар, белгiлi бiр эвристикалық ерекшелiктерiмен айрықшаланады.

4. Аксиология- әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк болмыстың құндылық негiздерiн пайымдай отырып, оның iшiнде белгiлi дәрежеде тәрбиелеушi функциясын да атқарады: әлеуметтiк ф-я, бiрiншiден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгiлi бiр мәдениетiн тәрбиелейдi; екiншiден, адамдардың және бүтiндей қоғамның белгiлi бiр құндылық бағдарларын тәрбиелей қалыптастырады.

5.Болжамдық-әлеуметтiк ф-я кейбiр философиялық концепциялардағы әлеуметтiк болжау жасап, ғылыми негiз iздеп қызмет атқарады.

Сонымен, әлеуметтiк ф-я ең алдымен, Тарихтағы қоғамдық болмыстың онтологиялық негiздерiн зерттеумен айналысатын философиялық бiлiм бөлiгi. Өйткенi, адамдардың қоғамдық өмiрi де, яғни экономикалық, саяси, мемлекеттiк-құқықтық және әлеуметтiк-мәдени өмiрi де, ең алдымен, Таррих ағымында өтедi. Ол бiздiң әлеуметтiк болмысымыздың ерекше “үйi”. Қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәнi мен мақсаты туралы барлық сұрақтар- бұл бiздiң тарихи болмысымыздың мәнi, заңдылықтары, логикасы туралы сұрақтар. Гегельдiн  “Философия- оймен ұсталып қалаған дәуiр”  деген пiкiрi әлеуметтiк философияға өте сәйкес келедi.  

2. Англиядағы Ф. Бэконның және Т. Гоббстың ізін қуушы Джон Локк (1632 – 1704) болды. Ол материалистік сенсуализм принципін негіздеді, яғни барлық білімнің сыртқы дүниені сезімдік қабылдаудан пайда болады деп тұжырымдады. Оның негізгі шығармасы – «Адамның ақыл-парасаты туралы» (1690), бұл еңбегінде Декарттың туа біткен идеялар туралы ілімін теріске шығарып, тәжірбиені барлық идеялардың бірден-бір көзі деп жариялады (Tabula rasa – таза тақта). Локк тәжірбиені екіге бөлді: сыртқы және ішкі тәжірбие. Алғашқысы – сезнуге негізделген, екіншісі – рефлекске негізделеді. Идеялар сыртқы әсердің сезім органдарына әсері нәтижесінде, (сезіну идеялары), немесе жанның жай-күйіне және қызметіне бағыталған назарының нәтижесінде пайда болады (рефлекс идеялар).  Локк сезімдік қабылдау идеясында сапаны екіге бөлді: «бірінші ретегі» яғни объективті; «екінші ретегі» яғни субъективті. Объективті сапалар – заттар мен процестерге тән, ал субъективті сапа – заттардың өзіне тән сияқты, ал шындығында оларда болмайтын біздің сезім мүшелеріміз арқылы берілетін сапалар.

3. Артур Шопенгаузер (1788-1860 жж.) – валюнтаризмді негіздеуші. Валюнтаризм – қоршаған дүгиедегі басты қозғаушы күш – ерік деп санаайтын философиялық ағым. “Дүние ерік және қабылдау ретінде” философия материалистер сияқты объектіге де, идиалисттер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет деген ұстанымды жақтады.

Орталық ұғымы – ерік. Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш. Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш. Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады.

Әр адамның еркі әрекеттерін анықтайтын сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады. Өлі табиғаттың да бейсаналыққа, қалғып жатқан еркі бар. Дүние – еріктің жүзеге асуы.

Адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипат тән. Ол адамның табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіл әлемдік хаос тізбегінде өтеді және бүкіл әлемдік қажеттіліктерге бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты деп есептеді. Осындай ойларымен ол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді.

Фридрих Ницше (1844-1900 жж.). Еңбектері ”Зарастура осылай деген”, “Қайырымдылық пен зұлымдықтың арғы жағында”, “Антихристианин”, “Адамилық, тым адамилық”.

Философияның мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесуі.

Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницше адам еркін бірнеше түрге бөлді: өмірге деген ерік, адамның өз ішіндегі ерік, басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер, соңғы түрі билікке деген ерікті – адам және табиғат тіршілігінің негізі ретінде көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]