Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

30 Билет

1, Жаңа Заман философиясы

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман философиясы

Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Қайта өрлеу) үлкен ықпалын тигізді. Ренесанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антикалық мәдениетті қайта өркендету, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XV ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.

Дэл осы жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт және т.б. жатады.

2, Кітап бастамасынды Шәкәрім тіршілік туралы зиялы қауым арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі пікір, көзқарас бар екенін айтады: «Бірі дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннне соң ол да тіршілікке тіпті, ұқсамайтын біртүрлі өмір бар». Екіншісі, «Әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ» деген философиялық қорытындыға келді. Осы екі пікірдің қайсысы дұрыс, соны біліп алу үшін әртүрлі дінгерлер мен ғалымдардың пікірінен хабардар болу керек, деп тұжырымдайды. Одан соң, қай бір нәрсе болсын адам қашанда оны жаратушы не деп оны іздеп әркім әртүрлі ой жүргізген дей келіп,ерте замандарда өмір сүрген ойшылар жаратушы осы деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған, деп тұжырымдайды. Сондай- ақ бақсы, жәдігей, дуанаға сенген, ал ғалым,- дейді Шәкәрім, - жаратқан ие жоқ, өлгенннен соң өмірде жоқ деген жолдың түбіне түсе келіп, дүниеннің пайда болуын жаратылыстың заңынан, - деген қорытындығы келеді. Мәселен, дүниенің негізгі төрт нәрсе деп түсіну: от, су, топырақ, ауа. Ал тағы басқалар деп төрт нәрсенің әрқайсысын жеке алып, олардың ішінде көзге көрінбейтін де бөлшектері бар екенін айтады: бұл жөнінде автор былай деп жазы. «Әр дененің көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылап жаралғанын тауып. Ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады». Бұл Шәкәрімнің сол кездегі алдыңғы қатарлы ғылыми тұжырымдарға сүйенгенін көрсетеді. Екінші дәлелі «жаратылыс жолы». Ол да дүние өздігінен жаралғанын, «Біліп жаратушы ие бекер сөз», «жаралғандардың өзінен бөлек нәрсе емес» деген тұжырым жасап, бұлардың бәрі бір заңдылыққа бағынатынын айтады. «Ол заң өсіп - өнуге, жоғарлауға ұмтылып, ең жақсысын сайлап алады» деп тұжырым жасайды. Сөйтіп, Шәкәрім табиғатта ең бейімделген, ең күшті құбылыстардың, заттардың дамитынын уағыздайды. Үшінші дәлел: «Тұқымдастық жол». Мұнда автор түрлі заттар, түрлер бірден пайда болған жоқ, олар ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі екендігіне тоқталады. Мәселен, «құрлықтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктен, құстар - бәрі теңізден туған» дей келіп, алғашқы тіршілік теңіздің жылы суынан пайда болғанын мойындайды. Сондықтан да Шәкәрім «бұларды бөлек – бөлек ие жаратқан ие жоқ деген қорытындыға келеді». Төртінші дәлел: «Дене сезімі». «Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз» деп ол белгілі ғылыми танымды жақтайды. Былайша айтқанда, көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, мұрынмен иіскеп, тілмен дәмін танып дүниені танып білуге болады деген ғылыми қағиданы берік ұстайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]