
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
29 Билет
1, Қайта орлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәніңің өсуі, ұлттық сана-сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с.көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мэдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға — Н.Макиавелли.
Николло Макиавелли (1469-1527 жж.) өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, әсіресе өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай, ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Oл оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен біргс сол кездегі қоғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауда мүмкіндік берді.
Алайда саяси қызметте ешқашанда түрақтылық болмайды. Сондықтан Флоренциядағ ы Республика құлап, оның орныны Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген Н.Макиавелли өзінің негізгі еңбектеріп жазады, Олар: «Патша», «Флорінция тарихы», «Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде» т.с.с,
Макиавеллидің адам тұжырымдамасы
Адам мәселесін Н.Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың «өзім дегенде түйедей күшім бар» деген сияқты іс-әрекеттері себеп болса керек. Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді топ саудагерлер мен қолөнершілердің өмір салтын мұқият қарап, Н.Макиавелли адампың іс-әрекетіпің ең терең түрткісі — ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның мегізгісі — өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. «Патша» деген еңбегінде Н.Макиавелли «Адамдар меншігінен айырылғаннан көрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін», — дейді. «Меншік жөніндегі мүддесін кейін ғана абырой және сый-сияпат (опогі) келеді», дейді ұлы ойшыл.
2, Дулатов Міржақып (1885-1935) – жазушы, ақын, драматург, журналист, қоғам қайраткері. М.Дулатовтың өмірлік мақсатының нысанасы, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін көріп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде ол жолдан тайған жоқ. Дулатовтың даңқын қазақ арасы ғана емес, Россиядағы түрік әлеміне тұтас жайған «Оян қазақ» 1909 ж. Қазақстан бостандық алғаннан кейін ғалымдар Міржақыптануға өз үлестерін қосты.
Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.
3,Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге боладыХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.
ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.
Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.