Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

3)Мәдиниет ұғымы

Әрбір адам ұлттық әлеуметтік топтық таптық ортаның өкілі, яғни нақты мәдениеттің өкілі. В.М.Межуев: «Мәдениет дегеніміз – адамның іс - әрекеті, оның даму формасы» - деп анықтама береді. Адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзінің мүддесіне, талап – тілегіне сай өзгертіп отырады. Мәдениет адам мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым – қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі. Адам табиғаттың бел баласы, бірақ оның өмір сүру қисыны басқа. Ол табиғаттан тыс өзіне жайлы ортаны, яғни өзінің болмысына имманентті қоғамды жасауы керек. О баста мәдениет деген сөз өзіндік лексикалық ұғым мағынасында «натура» /табиғат/ деген сөзге қарсы ілім ретінде қалыптасты. Табиғаттан тыс, адам қолынан шыққанның бәрі де мәдениет айғағы бола алады. Мәдениет әлемі – адамның өз әлемі, өйткені ол адамның творчестволық, жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы – мәдениет тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның өзіндік дамуымен барабар процесс. Адамның қоғамдық прогресс жолындағы әрбір қадамы оның мәдениет жолындағы қадамы болып табылады.Адамның рухани мәдениеті оның айналасындағы адамдармен қарым – қатынасында көрініс табатын қадір – қасиетінде, адамшылығында, ұяттылығында, тәрбиелілігінде, интеллигенттігінде, қарапайымдылығында. Осы моральдік сана ұғымы, осы адамгершілік қасиеттер адамның руханилығының негізін құрайды. Ал басқа - өнер, әдебиет, ғылым, білім дегендер тәрбиелеу және еңбектену нәтижесінде ұғып алуға болатын материалдар болып табылады.Адам нағыз гуманды бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани мәдениет және өркениет бір – біріне әруақытта сай бола бермеуі де объективті құбылыс.

28 билет

1)Қайта өрлеу дәуірінің натурфилософиясы: Леанардо,Коперник, Дж. Бруно,Галилео

Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:1)университеттер мен мектептер – схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы – өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды.Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірне- ше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі – Леонардо да Винчи (1452-1519). Классикалық білім алмаса да, өз бетімен көп оқыды, антика ілімін жақсы таныс болды, өнер туындыларын жасау процесінде ұлы суретші, ойшыл ретінде қалыптасты. Оны қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері деп атайды. Мысалы, сол кездің өзінде-ақ ол танк, парашют, шлюз идеяларын және тағы басқа идеяларды ойлап тапты. Философиялық ойлары өз заманынан озық еді. Арнайы философиялық шығармалар жазбағанымен жазба кітапшалары философиялық ойларға толы болды.1) Леонардо да Винчи таным процесіндегі тәжірибенің роліне аса мән берді. Тәжірибе арқылы өтпейтін ғылымдар адасуға ұшырайды деп есептеген оның ойынша ақиқатқа жеткізетін бақылау мен қабылдау емес, тәжірибе ғана: «Даналық – тәжірибенің қызы». Леонардо да Винчи соны мен бірге теорияның ролін де бағалады: «Ғылым – әскер басшысы, тәжірибе – солдаттар». Ең басты ғылым – математика деп түсінді.2) Адам өнері мен табиғат арасындағы байланысты Л.Винчи адамның пайдасына шешеді. Адам табиғатсыз ештеңе жасай алмайды, бірақ табиғаттың қарапайым материалдарынан күрделі заттар жасауға қабілетті.3) Адам және Құдай мәселесінде Л.Винчи адамды Құдайға мейлін жақындатты: «Өнерге байланысты айтсақ, біз Құдайдың немересіміз деп айта аламыз».4) Л.Винчи өнерді шындықты танып-білу құралы ретінде қарастырды, себебі ғылым заттар дүниесінің сандық жағын зерттесе, өнер сапалық жағын көрсетеді дейді және өнердің бастысы – сурет өнері, ол ғылымнан жоғары деп түсінеді.

Николай Коперник (1473-1543) – поляк астрономы және философ Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперникт басты еңбегі: «Аспан сфераларының айналуы». Негізгі идеясы: Аристель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрист жүйесін ашу:1) Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің өсімен ай-наладық2) Дүниенің ортасы – Күн, Жер осы Күнді айналады;3) Ай Жердің серігі.Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді:,«Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ «Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үші де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәріні қалыпты жағдайы».

«Денелер өздігінен қозғалады, қозғалмайтын Күш беруші деген жоқ’

«Құдай әлемдік механизмді жаратушы, бірақ оның кейінгі ісіне ара- ласпайды».

«Дүниенің абсолюттік шегі де жоқ».

Коперниктің осындай революциялық жаңалықтары Джордано Брун жалғастырды (1548-1600). Оның философиясының басты категориясы Unо, Біртұтас, Жеке. Unо – болмыстың космостық иерархиясының жоғарғы басқышы емес, ол болмыстың себебі және заттар болмысының Бруноның түсінігі бойынша, әлем біртұтас, шексіз, қозғалыссыз. Әле жаратылған емес, ол мәңгілік өмір сүреді және жойылып кете алмайды жойылмайды. Онда өзгеріс пен қозғалыс үздіксіз жүреді, бірақ оның ~ қозғалмайды, себебі, өзін өзі толығымен толтырады. Біртұтаста минимум мен максимум, құдай мен табиғат сәйкес. Қарама-қарсылықтар мен заттардың көптүрлілігінде үзіліссіз қозғалыс жүреді, ол заттардың үне өзгеруіне әкеледі. Бруно Әлем дегеніміз Құдай, ол шексіз, дүниенің ортас Күн емес, Күндер көп, олар планеталармен бірге өз орбиталарымен жүріп отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді қозғалысқа түсіріп отыратын универсум ғана жалғыз. Ол жеке заттардан түрады, олар пайда болмайды және жоғалмайды, бір-біріне бөлінеді және бір-бірімен бірігеді. Бруноның дуниедегі барлық нөрселердің жаны бар деп есептейді.

Галилео Галилей (1564-1642) – итальяңдық Ренессанстың дамуын аяқтаушы. Оның ғылымижызметін екі бағытқа болуге болады:1) механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды – динамиканы дамытты. Денелердің еркін қүлауы заңы, жылдамдық пен үдеу туралы түсініктер табиғаттың таза, физикалық, объективті заңы туралы үғымды қалыптастырды2) астрономия саласындағы ғылыми ізденістері – айдың бетін зерттеді, күннің бетінен дақтар тауып, Венераның фазаларын, Юпитердің серіктерін, Сатурнның айналасындағы жарық құбылыстарын анықтады.Галилейдіц бұл ізденістері аспан дүниесі туралы схоластикалық түсініктерге қатты соққы болды, олар аспанды эфирден түратын тылсым дүние деп түсіндіріп келген болатын. Енді оның бәрі теріске шықты. Күннің бетіндегі дақтар Бруноның гелиоцентристік идеясын, Күннің оз осін айналатынын, жұлдыздар шоғы Әлемдегі шексіз дүниенің растығын дәлелдеді. Бұл жаңалықтарды қоштаушылар да, оларға қарсы шығушылар да, әрине, мол болды. Галилейдің механикалық заңдары Коперниктің теориясын ғылыми түрде негіздеді. Шіркеудің өте-мөте қарсы шыққаны осы еді. Коперниктің еңбектеріне тиым салынып, Галилей ескерту адды, бірақ ізденістерін жалғастыра берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]