Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

26 Билет

1. . Қайта Өрлеу дәуірі – ортағасырлық кезеңнен Жаңа заманға қарай өтетін өтпелі уақыт, бірнеше мыңжылдықтарды қамтыды (XIV-XVI ғ.ғ.).  Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің жарқын көрінісі Флоренцияда ХҮ ғ.аяғы мен ХҮІ ғ. басында көрінді. Италияда қала мемлекеттерінде белсенділік орын алып, феодалдық ескіліктен арылу басталды. Қалаларда сауда, банк істері дамыды, мануфактура пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті мен философиясы – жаратылыстану және географиялық жаңалықтармен байланысты болды. 

  Ерте Қайта Өрлеу дәуіріне тән сипат христиандық діни ілімді антикалық «бұтқатабынушылық» философиялық ойлармен толықтырғысы келді.Сонымен, итальян гуманистері 14 ғ. алғаш рет антропоцентризм философиялық принципін шығарды, адамды тек табиғатпен жақындастырып қойған жоқ, оны Құдай ұғымымен де сәйкестендірлі. Олар үшін адам жан-жақты дамыған, әрекетшіл, Құдаймен тең, дүниенің, адамгершілік идеалдың кіндігі, орталығы.

    Қайта Өрлеу дәуірі гуманистері кәсіби философтар болған жоқ, олар жаңа әлеуметтік топ өкілдері – саяси қайраткерлер, дипломанттар, филологтар,поэттер болды. Олар Антика дәуірі авторларының еңбектерін аударды. әсіресе Италия гуманистері маңызды орынға ие болды. Олар: НикколоНикколи, Франческо Петрарка, Салютати, Леон Батиста Альберти, Леренцо Валла, Марсилио Фичино, Пико делла Мирандола, Пьетро Помпонацциболды.

    Гуманистер шіркеудегі схоластикалық рухта білім алуғақарсы болды, олар шіркеумен ешбір байланыспады. Ортағасырлық концепцияларға қарсыболды. Орта ғасырда адам жанына көп мән беріп, тәнін тысқары қалдырса, гуманистер гуманистер адамның тәндік бастауларына көп көңіл бөлді. Адамдағы рухани-тәндік сипатты жоғарлатты, біріктірді. Осы тұрғыда эпикуршілдік көзқарастарды қайта жаңғыртты.

    Гуманистер адам табиғатының қайырымдылығын және олардың қандай сословияға жататындығына қарамай барлығының теңдігін айтты. Адамға мүмкіндік пен шығармашылық тән деп, тұлғалық мән - әр бір адамның өзіне байланысты деп пайымдады.

    Гуманизмдегі негізгі сипат – антиклерикализм – католиктік шіркеу қызметкерлерін сынау, әсіресе монахтардың әрекеттерін қатты сынады. Бұл жөнінде Бруни мен Браччолини «Көзбояушыларға қарсы» диалогін; Валла «Монахтың уәдесі» атты шығармасын жазды.

 Данте Алигьери (1265-1321) «Божественная комедия» «Пир» «Монархия туралы» еңбектерінің авторы. Оның пікірінше «Құдайлық ақылдың көрінуі,  бұл - адам. Адам – ең ұлы ғажайып» ол адамның екі түрлі ролі туралы айтты: адам мәңгілікке, о дүниелік өмірге бару үшін туылған, бірақ оның осы өміріндегі, жер бетіндегі шынайы өмірі құнды. Адам тағдыры алдын ала анық емес, оны өзі жасайды, сондықтан жақсылыққа, білімге ұмтылуы керек.

2. Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж.Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.Қожа Ахмет Йассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Йассауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Йассауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.

Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. ҚазандаТыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

3. Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.[1]

Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілікэстетикафилософия және діни қозғалыстарғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады

27 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]