Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.

Бастапқыда страте­гиялық ба­ғыт­тарда әскери бекі­ністерін салып, он­да­ғы тұрақты әскермен қа­тар, ка­зак-орыстарын орналастырса, кейін­нен ішкі Ресейден қазақ жеріне жаппай қоныс аударылу басталды. Отар­лық саясат өте күшті қарқын алып, қа­зақ­тың болмыс-тіршілігі тығырыққа тірелген сәтте ұлттық мүддені қорғау мақсатында Алашорда үкіметі құрылды. Алашордашылар Қазан революциясынан кейінгі күр­делі жағдайда басқа мәселелермен қатар, Қазақстанның қазіргі территориясын бел­гілеуге көп күш салып, айтар­лықтай нәти­желерге қол жеткізді. Ғұмы­ры өте қысқа бол­ған Алашорда үкіметінің негізгі бағдар­ламасы – қазақ­тың ұлттық мүддесін қорғау еді.

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

  • 1) Мемлекет билеу түрі;

  • 2) Қазақ облыстарында автономия;

  • 3) Жер мәселесі;

  • 4) Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7]. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.

3. Құқық философиясы құқықтың мәні,мағынасы мен ұғымы,оның әлемдегі орны,құндылықтары мен маңызы,адам,қоғам және мемлекет өміріндегі және халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеумен айналысады.Өзінің саналы жаратылысы бойынша адам белгілі дәрежеде пайымдалған және зерделенген әлемде өмір сүреді әрі әрекет етеді және бұл адам болмысының фундаметалды қасиеттерінің,әлемдегі бағдары мен әрекетінің қатарына жатады.Болмыстың адамзаттық тәсілі өз құрамына зерделеуді,пайымдауды,бұл болмысты,өзіңді және бүкіл әлемді,әлемдегі өзіңді,өзіңдегі әлемді түсінуді енгізеді. Мұндай принцип адамның құқық әлемімен өзара қатынастарында да орын алады.Ол құқықтық мәліметтерді өз ақыл-ойының теориялық,кәдуілгі,философиялық ақыл-ойының тұрғысында бағалайды,сынайды тексереді,күмән келтіреді.Бұл позитивті құқықты ақылды,әділеттілік,шынайылық ақиқаттылық және тағы да басқа тұрғысынан сынауды білдіреді.Және де ол позитивті құқыққа қатынасында өзге өлшемге де ие болады.Бұл өлшем биліктің немесе оның өкімдерімен емес,адамның қоғамдық болмысының іргелі қасиеттері мен мәселелері,табиғат пен құқықтың мәнін тану қажеттілігі,оның адамның бірлескен өмірдегі алатын орны мен маңызы сияқты нәрселер арқылы анықталады. Ақыл-ойдың мақсаты - ақиқат және құқық философиясы да құқық туралы ақиқатты іздеумен айналысады.Құқық философиясының пәндік аймағы құқық пен занның айырмашылығы және арақатынасы мәселесі.Құқық философиясының тарихы ертеден басталғанымен,'құқық философиясы терминінің өзі XVIII ғасырдың соңында пайда болды.Бұған дейін ерте заманнан бастап,философиялық-құқықтың сала проблематикасы бастапқыда жалпы тақырыптың бір үзіндісі және қыры ретінде қойылып,ал кейінірек зерттеудің жеке дербес пәні ретінде дамыды. Гегель бойынша құқық туралы нағыз ғылым құқық философиясында көрінеді.Құқық философиясы пәнін Гегель былайша сипаттайды:құқық туралы философиялық өзінің пәні ретінде құқық идеясын құқық ұғымы мен оның іске асуын қарастырады.Құқық философиясының мақсаты-құқық негізіне жатқан ойларды игеру.Ал бұл дұрыс ойлау,құқықты философиялық тану арқасында мүмкін болады.Құқық философиясы пәнінің гегельдік түсіндірмесінің алғышарттарына ойлау мен болмыстың,ақылдылық пен нақтылықтың бірегейлігі туралы философиялық идеялары жатады.Философияның,оның ішінде құқық философиясының да мәндеттері осыдан туындайды,-"бар нәрсені игеру,өйткені бар нәрсе-ақыл-ой". .XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап және XX ғасырда құқық философиясы заңгерлік пән ретінде негізінен заң факультеттерінде оқытылғанымен,оның дамуы үнемі философиялық оймен байланыс а болып қала береді. Ерекше философиялық пән ретіндегі құқық философиясында танымдық мүдде мен зерттеушілік назар құқық саласындағы белгілі бір философиялық концепцияның танымдық мүмкіндіктері мен әлеуеттік мүмкіндіктерін ашып көрсетуге бағытталады.Мұнда белгілі бір объект ерекшеліктеріне қарай,соған сәйкес концепцияны методологиялық және аксиологиялық тұрғыда,сол концепция тілінде объектіні пайымдауға,түсіндіруге және игеруге қолдана отырып,оның мазмұндық нақтылауына көп көңіл бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]