
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
23 Билет
1.Әл- Фарабидің болмыс тұжырымдамасы
Әбу Насыр Мұхамет ибн Мұхамет ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби (870-950) шғармалары: Бақытқа бастайтын жол, азаматтық саясат, мемлекет қайраткерлерінің көзқарастары, қайырымды қала тұрғындары т.б.
болмыс тұжырымтамасы:
-философия мен дін болмыстыңшекті негіздері мен адам тіршілігінің түпкі мәні мен мақсаттарын танып, білуге ұмтылады. Философия танымның ғылыми әдістеріменжәне ақыл парасат қуатымен байланысты болса, ал дін дүниені «қиял мен сенім көмегімен ой жүгіртуге үйретеді» деп есптеді. «мақсатты әсемдігімен тану болатын өнер бұл философия даналық» деп аталады.
-философия діннің білімге негізделген формасы, ізгі билеушінің , ізгі қала мен оның тұрғындарының негізі ретінде көрініеді. Әл- Фараби ізгі дінді дүниенің шығуы мен қаланың барлық тұрғындары үшін «түпкі бақыт ұымын» өмір салтын философиялық тұрғыдан түсіндіру мақсатында сәйкестендіреді.
-ізгілік, қайырымдылық, жомарттық, игілік көздерін іздеп, адамзаттың бақыты мен игілігінің адам өмірінде негізі екендігін атап көрсетеді. Әл -Фараби адамзат үшін игілік пен мейірімділік мұраттарын насихаттаушы қайрымды қала тұрғындарының ар ілімі және рухани әлемін қалыптастыру мен тәрбиелеуде ,bелеулі орын алады.
2.қазақ философиясының негізгі тарихи кезеңдері үшке бөлінеді :алғы философия, ұлттық философия, қазіргі замандағы қазақ философиясы. Соның ішінде ұлттық философияда он бесінші он сегізінші жыраулар дүние танымы қалыптасуында халқымыздың мақал мәтелдері, шешендік сөздері, ғақлиятты сөз саптаулары және көшпелі өмір салты мен имани ұстанымдары маңызды рөл атқарады. Ақын жыраулар ұлттық құндылықтарды және имандылық қалыптарын жыр жолдарымен халықтың санасына және тарихи жадына сіңіре білді. Ақын далалық мәдени дәстүрдің ерекшелігін, көшпелілір дүние танымын, адами мінез құлықтарын, моральдық этикалық ұстанымдары айқын аңғарылады. Өкілдері: Сыпыра жырау 14ғ ,Асан қайғы, Қазтуған Сүйіншіұлы 15ғ, Доспанбет, Шалкиіз16ғ, Жиембет, Марғасқа 17ғ, Ақтамберді, Қожаберген, Тәттіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын 18ғ
3. Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін эмпириялық және теориялық деңгейдің өзіндік ерешеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным обьектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным обьектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс бақылау деп аталады . Ежелгі Шығыс елдері мен Ертедегі Грекияда жаратылыстанымның қалыптасу дәуіріндегі ерекшелігі пассивті бақылаумен, пайымдаумен сипатталады.
Эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Модельдеу дегеніміз – эксперименттің бір түрі бірақ мұнда обьектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. жүйе, яки құбылыс.
Ғылыми таным процесінде анализ (талдау, саралау) және синтез (қиыстыру, біріктіру) әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс обьектіні ойша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализ деп атайды. Жекеленген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукция әдісі деп аталады. Бұған керісінше, нәтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке тұжырымға келу дедукция деп атайды.
24-Билет
1. Фарабидің философиялық еңбектерінде ең негізгі орындардың бірін қоғамдық өмір туралы ілімі алады. Қоғамның шиеленістеріне Фараби арнайы еңбектер жазды .
Фараби қоғамдық өмірдің шиеленісін зерттеуде көптеген сұрақтарды көтереді . Олардың негізгілері мыналар :
1 / Қоғамдық өмір туралы ғылымның мақсатын анықтау .
2 / Қоғамның шығу тегі , құрамы , құрылысы және қоғамдық ұйымдардың түрлері және Фараби көзқарасы бойынша бұл сұрақтарда сынаудың дұрыс еместік теориясы .
3 / Қала – мемлекет , қалалық / мемлекеттік / , ұйымдардың өмірі мен өзгешелігі , мемлекет және оны басқарудың түрлері .
4 / Қоғамдағы адамның орны мен міндеттері , оның қоғамдық қызметі , тәрбие және адамгершілік сұрақтары .
5 / Мемлекеттік ұжымның түпкі мақсаты , бақытқа жету әдісі және жолдары .
Фараби өзінің қоғамдық - саяси трактаттарында Аристотель мен Платонның саяси және этикалық идеяларын кең түрде қолданғанын атап көрсету керек .
Фарабидің ғылымдық мақсаты қоғамдық өмір ғылымның мақсаты мен пәнін анықтаумен аяқталады . Қоғамдық өмір мәселелерін қарайтын ғылымға ол мыналарды жатқызады : илм аль – мадапия / қалалық немесе мемлекеттік ұйымдар туралы ғылым / фикх / юриспруденцияны / және калам / құдайға сыйыну / :
Фараби өзінің негізгі уақытын азаматтық ғылымға / илм аль – мадапия / арнады . Қоғамдық өмір мен мемлекет проблемасына ол өзінің « Азаматтық саясат » , « Бақытқа жету туралы », « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат » , « Мемлекеттік қайраткерлердің афоризмі » және т.б. еңбектерін арнады .
Фараби қоғамдық өмірдегі ғылымның пәні және мақсатын былайша анықтайды : илм – аль мадапия – азаматтық ғылымды зерттейді .
А) өмірдің әдістері мен сана қимылының түрлерін дәстүр , адамгершілік , әдетімен табиғи бейімділігі .
Б) мақсаты
В) адамдарда көрініс беру .
Г) адам үшін олардың сақталу және басқару әдістері .
Саяси ғылым өмірдің әдісімен қимылдарына ажырата отырып , осы өмірдің әдісімен қимылы арқылы нағыз бақытқа жететіндігін көрсетті : қайырымдылық , ақылдылық , бұған қарама – қарсы зұлымдық .
Азаматтық ғылымның міндеттеріне нағыз бақытқа жеткізетіндігін қайырымдылық қимылдары мен адамгершілік қимылдар жатады . Саяси ұйым басшының міндеті осындай адамгершілік қимылмен оның сақталуын қамтамасыз ету болып табылады . Бұл міндеттің орындалуы басшыдан мемлекетті басқару талап етеді , сонымен бірге басқару өнерінің білімділігін талап етеді .
Басқарудың екі типі болады .
І . Нағыз бақытқа жеткізетін моральдық белгілер мен өмірдің әдістерімен орнатуға бағытталған ; мұндай басқарудағы мемлекет қайырымды мемлекет және мұндай басқарудағы қала да , оның халқы да қайырымды болады .
ІІ . Басқару бойынша білімі жағынан кенжелеу мемлекет болады ; бұл мемлекеттің қала тұрғындары да мәдениетсіз , білімсіз болады .
Фараби қоғам мен индивид гармониясының идеясын дамыта отырып , мынадай қортынды жасады : мемлекетке адам пайда келтіргенде ғана күшті , дамыған мемлекет болады . Үлгілі мемлекет қандай болу керек ? Ондай мемлекет жетілдірілген , дамыған иерархиялық құрылыстағы мемлекет болу керек . Мұндай мемлекетте « Әрбір адам » бір өнермен шұғылдануы керек , немесе сол өнердің болашақ басшысы сол өнерді игеруі керек : Фараби Платон сияқты өзінің идеалдық мемлкетінде адамдарды сословиесіне байланысты кәсіптік белгісіне қарай бөлді . Жоғары сословиені « бақытты адамдар » құрады , яғни философтар – дейді Фараби басқа адамға бақытқа жететін жолды көрсете алады.
2. Мұстафа Шоқай (1890-1941) түркі халықтарының бірлігі мен азаттығы идеясын ту етіп көтерген саяси қайраткер, жазушыы, аудармашы. Петербург университетінің заң факультетін бітірген. 1917ж құрылған Алашорда үкіметінің мүшесі. 1917ж М.Шоқай уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып сайланды. М.Ш жетекшілігімен Қоқан қаласында өткен IY ұлттық құрылтайда Түркістан автономиясы жарияланды. Түркі халықтарын білім мен өнерге баулуды мақсат етті. Кеңестік үкіметтің отарында түркі халықтарының бостандығын жырлап, мұң-мұқтажын жоқтады. 1929-1939 жж. Яш Түркістан журналын шығарып журналға редакторлық етті. М.Ш “Түркістан Кеңес билігі астында” деген еңбегінде Кеңес үкіметінің Орта Азия халықтарын қанауы мен озбыр саясатын сынады. “Түркістан – бөлінбес, айырылмас, бір өлке, халқының қаны бір, тілі бір, діні бір. Түркістанның мақсаты - өзінің құрылысы – міллет үкіметін құрып, сәрвәз болып, өз алдына бір үкімет болып тұру.” – деп жазды. Жалпы адамзаттық құндылықтарды ұлықтаған гуманист, ойшыл, М.Шоқай өз халқының мүддесін қорғау үшін бейбіт жолмен күресуді мақсат еткен. Түркі және мұсылман халықтарының басын біріктіру жолында күрескен қайраткер.
3. Ақиқат дегеніміз - біліміздің бізден тысқары тұрған обьектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі.
Объективті ақиқат – адам санасынан тәуелсіз бейнеленетін объектінің өз-өзін ақиқат мазмұнымен анықтайды.
Субъективті ақиқат – адам санасына тәуелді, объективті ақиқатпен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.
Ақиқат өлшемдері: тәжірибе, психологиялық, теоретикалық, эстетикалық.
Ақиқаттың түрлері
Абсолютті - өмір шындығы туралы толық нақты егжей-тегжейлі білім ретінде, болашақта теріске шығарылуы мүмкін емес білім.
Салыстырмалы - өмір шындығы туралы толық, егжей – тегжейлі білім бере алмайтын танымның даму барысында өзгеретін, дәлелденетін, тереңдей түсетін білім.
25-билет
1. Ибн-Сина дүниетанымы.Әбуәли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā) - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша олАвиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацептретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Әли Хусейн Ибн-Абдаллах Ибн-Хасан Әли Ибн-Сина
(латынша аты - Авиценна) (980-1037) - өркениетті адамзаттың мақтанышы. Дана ойшыл,
энциклопедист және гуманист, ол әрі философ, әрі жаратылыстанушы, астроном әрі
медик, ақын, ірі музыкант, психолог әрі филолог, этик әрі эстетик, әлеуметтанушы әрі
саясаткер, логик әрі химияшы болған еді.
Ибн-Сина шығармашылығын зерттеушілердің әрбірінің алдында маңызды әрі мәнді
мәселелердің мынандай тұтас қатары пайда болады: шығыс және батыс философиясының
өзара қарым-қатынасын ашу, бұл ойшылдың философиялық көзқарасы қалыптасуы мен
дамуының идеялық қайнарларын көз алдына елестету, оның онтологиялық,гносеологиялық және рационалистік тұжырымдамаларын (концепцияларын) зерделеу, оның гуманистік философиясы мен қоғамдық даму философиясын сипаттау, Ибн-Сина философиялық ілімінің тағдырын және оның бүкіл әлемдік философиядағы айшықты рөлін шынайы көрсету. Бұларды зерттеуге деген ұмтылыс кейбір сыншылардың Ибн-Сина туралы, ол өз дәуірінің жаңашылы, пионері, шығармашыл данышпаны болған жоқ, ал тек қана исламның түсіндірушісі (комментаторы), көпшілікке жариялаушысы, теоретигі және идеологы болған жоқ деген ұйғарымдарын теріске шығаруға қызмет жасайды