- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
Негізігі сипаттары:
диалектикалық әдіс материалистік принциппен байланыста қарастырылды;
тарихи процесс материалистік позицияда, табиғи, заңды процесс ретінде түсіндірілді;
диалектика-материалистік көзқарастар еңбекшілердің қызығушылығымен, қоғам дамуының қажеттіліктерімен байланыстырылды.
Марксизмнің пайда болуының алғышарттары:
материалистік философияның идеялық алғышарттары: Демокрит, Эпикур, Бэкон, Локк, Гоббс, француз ағартушылығы, Фейербахтың атеистік-материалистік философиясы;
ғылыми жаңалықтар: материя мен энергияның сақталу заңы, эволюция теориясы, клетка құрылымының ашылуы;
әлеуметтік-таптық қайшылықтар: 1848-1849 жж. революция, 1871 жылғы Париж коммунасы;
саяси экономика, А.Смит, Д.Рикардо мұрасы.
Маркстік философия материалистік сипатта. Екі бөлімнен тұрады: диалектикалық материализм және тарихи материализм.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген, оның мәні:
қоғам дамуы өндірістік қатынасқа негізделеді (өз еңбегін сату, материалды өндіріс, үлестіру);
өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институттардың, қоғамдық қатынастардың базисі;
мемлекет пен қоғамдық институтар қоғамдық қатынастар экономикалық базиске қатысты қондырма рөлін атқарады;
базис пен қондырма бір-біріне өзара ықпал етеді;
базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болады;
экономиканың, материалды өндірістің, өндірістік қатынастардың деңгейі мемлекеттің тағдырын, тарих барысын анықтайды.
Диалектикалық материализмінің мәні:
философияның негізгі сұрағы болмыс пайдасына шешіледі. Болмыс сананы анықтайды;
сана - өзіндік мән емес, материяның Өзіндік бейнелеу қасиеті ретінде түсіндіріледі;
материя – тоқтаусыз қозғалыс пен дамуда болады;
Құдай жоқ – ол адам қиялының жемісі;
материя мәңгі және шексіз;
дамудың маңызды факторы – практика, оның негізінде адам қоршаған дүниені және өзін өзгертеді;
даму – диалектика заңдарымен жүзеге асады. Олар қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сан және сапа өзерістерінің өзара ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы.
Еңбектері:
К. Маркс «Фейрбах туралы тезистер», «Капитал», «1844 ж. экономикалық-философиялық қолжазбалар».
Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы», «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің рөлі», «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы».
К. Маркс, Ф. Энгельс «Коммунистік партияның манифесі», «Неміс идеологиясы», «Әулие әулиет».
№2 Билет
1.Философиялық білімнің ерекшелігі Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ. Философияның атқаратын функциялары: 1. Дүниетанымдық, дүниені танып білу; 2. Рационалды (заңдарды ашу); 3. Критикалық, сынға салы; 4. Болашақты болжау. 2. Философияның тарихи типтері 1. Философияның үш ірі ошағы. 2. Антика заманының философиясы. 3. Орта ғасырлық философиясы. 4. Орта Азия халықтарының философиясы. 5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы. 6. Жаңа заман философиясы. 7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Греция. Ежелгі Үнді философиясы Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға - әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты. Үнді философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру. Ежелгі Қытай философиясы Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы - әрі патша, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. Б.д.д. үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі. Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен байланысты. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол - әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер – адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие. Мэн-цзы – Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі – адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Конфуцийлық б.д.д. І ғ. Мемлекттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды. Легистер (заңгерлер) – негізгі өкілдері: Шан Ян, Хань-Фэй-цзы. Олардың пікірінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек; 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрейді тудыру қажет; 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Конфуцийшылардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі деген ілімнің орнына легистер: мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші - өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру, осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Конфуцийшылдар мен легистер арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Даосизм (б.д.д. VІ-V ғғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин»). Даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе, және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» - жалпы дүниетанымдық ұғым. «Дао» - алғашқы бастама. Алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. (Дао – барлық заттардың анасы). Әлемдегі денелерде аспан (ян-еркек) мен жер (инь-әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» - болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз (дао және дэ) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды. Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) болды. Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-философ. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика» (І-ІІ томдар), «Топика», «Физика», «Метафизика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», «Поэтика», т.б. Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады, (түр-форма, мән, сапа, сан, материя, қозғалыс, уақыт, т.б.). Аристотельдің пікірінше, адамдар «қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы. 2. Р.Декарттың рационалдық философиясыФранцуз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) — Жаңа дәуір философиясына өз үлесін қосып, негізін қалаған ірі тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып білім алған. Егер біз оны Ф.Бэконмен салыстырсақ, ол — бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған тұлға.Ұлы математик, механик, физиологияның негізін жасаушы, психолог Декарт Аристотельден кейінгі жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерімен ұштастыра білген бірден-бір ойшыл болды.Негізгі еңбектері: «Диоптрика» күн сәулесін зерттеуге арналған, «Метеорлар» метеорологиялық мәселелерге арналған, «Геометрия»,«Философияның бастаулары», «Әдістемелер жөніндегі ойлар», т. с. с.Рационалдық әдіс Егер Ф. Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көрсе, Р. Декарт, керісінше, сезімдік білімнің құндылығын теріске шығарып, дедуктивті әдісті негізгі тану жолына айналдырды. Дедуктивті әдістің негізгі талаптары – ол, біріншіден, туа біткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегінен көрініп тұрғанды ғана алу; зерттелетін мәселені ой өрісі арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейін ғана жоғарыға қарай күрделілікке өрлеу.Негізінен алғанда, Р. Декарттың әдістемесі – ол интеллектуалдық интуиция арқылы алынған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тікелей ашық берілсе, онда дедукцияның дәнекерлігі арқылы ақиқатқа күрделі жол арқылы жетуге болады. Осы күрделі жолда бір ұғым байқалмай түсіп қалса, онда нәтижеге жетуге мүмкін болмай қалады. Сондықтан бүкіл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивті әдістеме арқылы әртүрлі нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан Р. Декарт оны жасанды тәжірибе қойып, (эксперимент) тексеріп отыру қажет деген пікір айтады.
3.XX ғасыр философиясының жалпы сипаты сцентизм антисцентизм1. ХХ ғ. философиясының жалпы сипаты:
ХХ ғ. Батыс Еуропа философиясы көптеген ағымдар, мектептер, ілімдер түрінде қарастырылады және олардың барлығына тән ортақтық жоқ. Дегенменде бұл дәуірге мына төмендегі сипаттар тән:
сцентистік – ғылым мен техниканың жетістіктерін жоғары бағалайтын, философияны арнайы ғылымға айналдыру және ондағы дүниетанымдық сұрақтардан тазартумен байланысты позитивизмнің ағымдарына тән тенденция.
антисциентистік – негізінен иррационалистік тенденция – ғылым мен танымның негативті тұстарын алға тартатын ілімдер: өмір философиясы, экзистенцианализ, герменевтика және т.б. жатады.
2. Прагматизм философиясының басты мақсаты – абстрактілі ақиқатты іздеу емес, адамдардың нақты өмірлік мақсаттарын іске асыруда көмекші болатын нақты тәсіл-құралдардың арсеналын жасау деп санайтын философиядағы идеалистік бағыт.
Прагматизмнің негізін салушылар америкалық философтар – А.Пирс пен У. Джемс. Олардың ілімін өңдеп прагматизмнің қалыптасуы мен дамуына маңызды ілес қосқан Дж. Дьюи (1859-1952) болды.
Прагматистер пікірінше философияның мақсаты – адамның алдына қойған мақсатына қарай тәжірбие ағынымен қозғалу және оған жетуіне көмектесу.
Тәжірбиенің маңызды бөлігі индивидтің қоғаммен өзара қатынасында жіне қоғам ішінде жинақталатындықтан, тәжірбиені жетілдірудің маңызды шарты – алдымен қоғамды жетілдіру ( әлеуметтік реконструкция)
Әлеуметтік реконструцияның іске асуының шарттары:
- меншіктік қатынастарды жетілдіру;
- акцияландыру және басқа тәсілдермен меншіктік қатынастарды жетілдіру арқылы – адамды өз еңбегінің нәтижесіне жақындату, тек еңбек нәтижесін иеленіп отыратын паразиттік топтарды азайту (ірі меншік иелері, монополистер);
- өндірілген игіліктерді әділетті бөлу;
- кедейлікпен күрес,;
- адам құқын қамтамасыз ету, мемлекеттік демократиялық құрылымын жетілдіру;
- қоғамды тәртіпке келтіру, адам өмірінің барлық саласын кәсіпқойландыру және жетілдіру;
- ішкі және халықаралық жанжалдарды шешу.
Әлеуметтік реконструкцияның басты тетігі – білім, моральды ғылыми әдістер және жоғарғы технологиялар.
3. Психоанализ – адам өмірі мен қоғамдағы бейсаналықтың рөлін, психикалық процестерді түсіндіретін ілім.
Психоанализдің негізін салушы австриялық ғалым психиатр Зигмунт Фрейд (1856-1939) болды. Өкілдері: Альфред Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг, Эрих Фромм.
Психоанализдің бастамасы Фрейд ашқан 2 жаңалық болды, олар:
бейсаналық – санамен қатар тіршілік ететін және белгілі жағдайда сананы бақылайтын, әрбір адмаға тән айрықша психикалық реалдылық;
ығыстыру реакциясы – жағымсыз эмоция, теріс тәжірбие т.б. адамның психикалық саулығы мен теп-теңдігін бұзатынның бәрінің психикалық қорғаныш тәсілі ретінде санадан ығыстыру.
Ол ерте ме, кеш пе «кездейсоқ» әрекет, қылық, түсініксіз мінез түрінде белгі береді.
Бейсаналықтың ерекше формасы – түс. Түс – шын өмірде іске аспаған тілек пен ұмтылыстың орындалуы мен көрініс беруі.
Фрейд психиканың 2 схемасын ұсынды:
топографикалық;
динамикалық.
Топографиялық схемада бейсаналық – түрлі ойлар мен тілектер адам сезімдері өз кезегін күтіп тұрған дәліз түрінде бейнеленеді.
Динамикалық схемада психика 3 бөлінеді:
1. «Ол» - адам ойлары мен тілектері сақталған бейсаналдық әлем;
2. «Мен» - психиканың барлық бөліктерін біріктіріп тұрған адма санасы;
3. «Жоғарғы-Мен» - тұлғаға ықпал ететін, қысым жасайтын сыртқы шынайылық: заңдар, тиымдар, мораль, мәдени дәстүр
«Мен» «Олды» өзіне бағындыруға тырысады. Оның сәті сирек түседі керісінше «Ол» «Менді» өзіне бағындырады. «Менді» «Жоғарығы-Мен» де (тиымдар, нормалар) бағындырады.
Бейсаналықтың ядросы не? – деген сұраққа Фрейд 2 психоаналетикалық жүйе жасады:
– ші жүйе – 1905-1920 жж.
–ші жүйе – 1920 ж. басталды.
1 жүйе бойынша бейсаналықтың негізі – «Либидо» - сексуалды инстинг. Адамның психикалық әрекеті дегеніміз – оның сексуалды инстинктінің түрлену процесі.
2- жүйе бойынша орталық ұғымдар Эрос және Танатос.
Эрос (өмір инстинкті) – адамның жасаушылық тәртібі жатыр. сол арқылы өз қажетіліктерін өтеп, ұрпақ жалғастырады.
Танатос (өлім инстинкті) – адамды қауыпты, бөтен көрінетіннің бәрін жоюға итермелейді. Аждам өмірі Эрос пен Танатостың өзара тоқтаусыз әрекеті.
4. Теологиялық философиялық ағым – неотомизм. Өкілдері- Э. Жильсон, Ж. Маритэн т.б. нетомизмнің негізі – Фома Аквинский ілімі. Негізгі қағидасы – сенім мен ақыл гармониясы.
Ілімнің мақсаты:
- католик дінінің ақиқаттығын дәлелдеу;
- католицизмді қазііргі жағдайға бейімдеу;
- католицизмді қарапайым адмдарға жақындата түс;
- Креционизм Құдайдың әлемді жаратуы;
- Откровение Құдай туралы Інжіл ілімін түсіндіру және т.б.
Нетомизмге қарсы теологиялық ілім тейярдизм. Негізін салушы Пьер Тейяр де Шарден (1881-1955) ғылым жетістіктері мен теологияны біріктіріп, Әлем негіздерін түсіндіретін комплексті ғылым жасау.
5. Герменевтика қазіргі философиядағы текстер мен мәтіндерді талқылаудың теориясы мен өнері. Герменевтиканы-методологиялық теория түсінігінде алғаш зерттеген неміс философы Шлейермахер (1768-1834). Шлейермахер герменевтиканы басқа индивидуалдылықты түсінудің өнері деп білді. Герменевтика өкілдері: М.Хайдеггер (1889-1976), Ганс Гадамер, Поль Рикер. Гадамерде герменевтика алғаш рет жеке ғылымға айналды. Ол оған философиялық мәртебе беріп, гуманитарлық ғылымдардың әдісі ғана емес, адам болмысы туралы ілім ретінде қарастырды. Болмыс Гадамер үшін адам субстанциясынан тәуелсіз-тіл. Тіл әлемді құрастырып, адам тіршілігінің тәсілін анықтайды. Болмыс тікелей адамға танылмайды. Себебі ол лингвистикалық безендірілген әлемде өмір сүреді. Басқа сөзбен айтсақ, заттар өз атауына ие болмайынша тіршілік етпейді. Осыдан келе философияның лингвистикалық табиғаты туындайды. Түсіндіру үшін, сұрақ қоя және жауап бере білу керек. Түсіндірілетін мәтіндер мен текстер ыңғайлы, тарихи-мәдени факторлармен байланыста болуы қажет.
6. Философиялық трактаттарда, әдеби шығармаларда экзистенциалистер адам өмірінің таргедиялық жақтарын көрсеткен. Оның негізгі өкілдері:М. Хайдеггер, А. Камю, Н. Бердяев, Ж.П. Сартр, К. Ясперс, т.б. Негізі мәселесі-адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі.
Экзистенциализмнің. пайда болуының себептері:
- әлеуметтік-экономикалық себептер (1-ші және 2-ші дүние жүзілік соғыстар мен соғыс саладарнан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар);
- рухани адамгершілік себептер (адам психикасына әсер еткен себептер);
- идеялық себептер (Кьеркегор, Шестов, Шопенгауэр, т.б. философтардың идеялары)
Экзистенциализмнің негізгі принциптері:
- жалғыздық принципі;
- сизиф принципі;
- шекаралық жағдай принципі;
- тіршілік принципі;
- жаттану принципі;
- заттану принципі;
- айып, жауакершілік принципі.
Экзистенциализмнің ілімінің бастаушысы 19 ғ. Серен Кьеркегор (1813-1855) болды.
Карл Ясперс (1883-1969) неміс философы, шығармасы «Дүниетанымдар психологиясы». Оның ойынша, адам еш мәні, өз «Менін» табалмаған күйде өмір сүреді. Тек өмірінің соңында өмір мен өлімнің – шекералық жағдайында – адам өзін танып, өзімен байланыста болады.
Жан-Поль Сартрдың (1905-1980) экзицтенцалды философиясының басты сұрағы – таңдау мәселесі. Философиясының басты ұғымы «өзің үшін болмыс». Адамның өін толық тануы осы «өзің үшін болмыста» іске асады.
- адам өзін – басқаның оған қатынасы арқылы таниды;
- адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі – бостандық;
- адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік маңызды таңдау Сартрда экзицтенцианалды таңдау деп аталады.
- Адамда бостандықпен қатар жауапкершілік мәселесі туындайды. «Менімен болып жатқанның бәрі - менікі». Адам жаупты болмайтын бір ғана нәрсе бар ол – оның дүниеге келуі, ал қалғанының бәріне өзі жауапты.
Альбер Камю (1913-1960) философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд (негіссіз). Оның екі дәлелі бар:
- өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады;
- дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.
Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам тіршілік етуінде, бар болуында.
Мартин Хайдеггер (1889-1976) болған. Оның негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді.
Экзистенциалистің зерттеу тақырыбы мыналардан тұрады:
- адам өмірінің мәнін ашу;
- жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету;
- ажал феноменін ашу;
- үрей мәселесін ашу.
Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггер ойынша, адам алдындағы өмір-ештеме. Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар:
1) күнделікті қорқыныш;
2) онтологиялық қорқыныш.
Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй жоқ, ақша жоқ, т.б.) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды. Жалпы алғанда экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі, тұлғаның шығармашылық тыныштығы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, дұрыс әрекет жасауы.
7. Мадернизм пайда болуы 1863 ж. – Парижде өткен бейнелеу өнері бойынша өткен байқаумен байланысты. Онда әділқазылар алқасы ешбір туындыны қабылдамай тастады. Көрме «Қалаулы еместер салоны» атауына ие болып, халық ондағы туындыларды келемеждеу үшін тамашалайтын болды. Салон 1939 ж. жабылды, бірақ модернизм өнердің сильіне айналды.
Модернизм ( лат. modo «қазіргі заманғы) көркем творчестводағы тарихи тәжірбиеден бас тартып, өнер саласында дәстүрлі емес жаңшылдыққа ұмтылу, стильдің шартылығымен көрініп, 20 ғ. басындағы өнер мен әдебиеттегі жаңа бағыт болды. Өнердегі модернистік таенденциялар: импрессионизм, символизм, модерн, экспрессионизм, нео және постимперссионизм, фовизм, кубизм, футуризм, дадаизм және сюрреализм.
8. Постмодернизм (лат pos t- кейінгі, соңғы модернизм дегенді білдіреді). АҚШ пен Францияда кең тараған. өкілдері: Жак Лакан, Жак деррида, Жорж Батай, Жиль Делез, Мишель Фуко, Ролан Барт, Ричард рорти т.б.
Постмодернизмнің теоретигі Ихаб Хассан (АҚШ) посмодернизмнің мынандай басты принциптерін көрсетті:
- айқынсыздық - өнердегі посмодернистік шығармалардың, философиядағы концепциялардың ұстаным ретінде қарастырылмайтындығы;
- коллаж (фр. Collage – «наклеивание») берілген шығармаларға стилистикалық тұрғыдан жат фрагменттерді ендіру;
- канондар мен бедел атаулын теріске шығарады;
- «субъектінің өлімін» жариялайды;
- Иррализм – бәрінің бірдей бейнеле бермейтіндігі;
- Творчествоның конструктивті сипаты – мәндік сюджеттерді жиақтауға, бөлшектеуге болатындығ, онда техникалық конструктілеумен жақындата түсетін сипат.
