
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және
Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi (картинасы) қалыптасады, оның қажеттiлiгiөзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде (адаптация) әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.
\ Рационалды таным туралы сөз қозғағанда, пайым (рассудок) және зерде (разум) өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде, адамның танымдық қабiлеттерiнде, пайымды байқау қабiлетiне, ақыл ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Және де, зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiн ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiн жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады жәнеде олардын негiзгi принциптерiн, заңдылқтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.
Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады
22-билет
1)Әл-Кинди философиясы
Шығыс мұсылман философиясының бастаушысы өкілдерінің бірі ғұлама ойшыл Әл-Кинди (шамамен 800-870ж) «араб философы» деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерминистік тұрғыдан түсіндіруге баса назар аударды.Ол жан –жақты терң білімді, геометрия, астрономия, медицина, музыка ғылымдарымен айналысқан адам. Көптеген еңбектері бізге жеткен жоқ. Ғ. Есімнің айтуы бойынша, әзірге біздің қолымызда орыс тілінен Ғ. Есімнің өзі аударған Әл-Киндидің төрт трактаты бар. Әл –Кинди Аристотель еңбектерін грек тілінен арабшаға аударып, «Метафизикасына», «Поэтикасына», «Категорияларына», «Екінші аналитикасына» түсініктемелер берген. Философиялық шығармалары логика мен таным теориясына байланысты жазылған. Әл- Киндидің философия мен жаратылыстану саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айтқанда, оның себептілік, байланыс, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды. Оның пайымдауынша танымның бірінші сатысына -логика мен математика, екінші сатысына -жаратылыстану ғылымдары , үшінші сатысына-философияны жатқызады. Демек, философияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтінін көре біліп, дұрыс айтқан.
Шығыс перипатетизмінің тарихында ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен концепциясы үлкен рөл атқарады. Оларды – мәңгі әрекетшіл «белсенді ақыл -ой», «бей-жай, енжар ақыл-ой», «жол –жөнекей қосылған ақыл-ой», «жарияшыл ақыл-ой» деп сұрыптайды. Ал Аристотельдің он категориясының орнына Әл-Кинди бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар – материя, форма, қозғалыс, кеіңсітік және уақыт.