Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы

Фома Аквинский 1225-1226 жылы туылып 1274 жылы қайтыс болады. Негізгі еңбегі: «Теологияның жиынтығы» т.б. Аристотельдің іліміне сүене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Хритостың бойындағы құдайлық (идеялдық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар - форма мен материя - жеке заттар әлемін тудырады. Ол Платонның идеализмі мен Аристотельдің философиялық идеалистік жақтарынпайдалана отырып, діни-идеалистік томизм философиясын жасады.

Оның ілімінше, материя формадан бөлек өмір сүре алады. Бұл, Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан, яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, содай-ақ құдай - таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет.

Фома Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар универсалийлер үш түрлі өмір сүреді:

1, Зат пайда болғанға дейін - құдайдың ойында ;

2, Заттардың өзінде - олардың мәні ретінде ;

3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.

Аквинскийдің пікірінше, құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани (діни) билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін, аспанда -Христос, жерде - Рим папасы. Аквинскийдің ілімі ХГХ ғасырдың аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.

2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары

Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: “Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады”. “Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді”.  “Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас”. “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды”, “Ананың көңілі балада болар”, “Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ”.  Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: “Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі”, “Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы”, “Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді”, “Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық”.  Шығармадағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдоусидің “Шахнамасына” үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол – бүкіл түркі халықтарына ортақ жайында сақталған. Көшірмесін түріктер одан біз қазақ тіліне аударған.  Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. “Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді:  Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес,  Арналы өзендер қартайса, су келмес,  Биелер қартайса, құлын бермес,  Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес1  Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары  тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: “Бала  болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын емес”. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]