Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:

Гносеологияның философиялық проблематикасы: Дүниені танып білуге бола ма?, Адам дүниені қалай танып біледі?, Ақиқат деген не? Білім дегеніміз не?деген сұрақтарға жауап береді.

Гносеологиялық концепциялар:

Сенсуализм – (лат.sensus – сезім, түйсік) танымның бастауы тек қана түйсік деп есептелінеді. (материализм Гольбах, Гельвеций, Фейрбах; субъективті идеализм Беркли, Юм, Кант, Мах, Авенариус, Богданов).

Интуитивизм – адам танымының негізі интуицияда (сананың иррациональды мүмкіндіктерінің болуы).

Эмпиризм – адам танымының негізі тәжирбе деп санау.(Бэкон)

Рационализм – адам танымының негізі ақылда жатыр деп санау(Декарт)

Синтетикалық – таным сезім, ақыл, интуицияның қосындысына негізделеді деп есептелінеді.

СЕЗІМДІК ТАНЫМНЫҢ ФОРМАЛАРЫ СЕЗІМДІК ТАНЫМНЫҢ ФОРМАЛАРЫ:

ТҮЙСІК- сезімдік танымның алғашқы формасы, сезім органдарына тікелей әсер ету нәтижесінде пайда болады

ҚАБЫЛДАУ – түйсіктің нәтижесі, санадағы заттың тұтас бейнесі

ЕЛЕСТЕТУ – санада бұрын қабылданаған заттардың бейнесі

РАЦИОНАЛДЫ ТАНЫМНЫҢ ФОРМАЛАРЫ: ҰҒЫМ, ПАЙЫМ, ОЙТҰЖЫРЫМ

АҚИҚАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ: АБСОЛЮТТІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ, ОБЪЕКТИВТІ, СУБЪЕКТИВ

  • АҚИҚАТ ӨЛШЕМДЕРІ: ТӘЖІРИБЕ (ПРАКТИКА)

  • ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР

  • ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР

ЭСТЕТИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР

19-билет

1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)

ПАТРИСТИКА (ІІ-ҮІІ ҒҒ.) – (лат. рater –әке) – христиандық дүниетанымды

Христиандық гностицизм (Карпократ, Василид, Валентин)

  • Христиандық апологетика (Марциан, Юстин, Тертуллиан)

  • Аликсандрлық мектеп (Пантен, Климент, Ориген)

  • Каппадоктік догматика (Григорий Нисский, Григорий Назианзин)

  • Догматтық патристика (Ұлы Василий, Аврелий авкустин, Диондық Ареопагит, Иоанн Дамастық)

Манихейлік (Мани және оның ізбасарларықалыптастыру, қорғау, христиандық

ілімді негіздеу және жүйелеу.

СХОЛОСТИКА (ҮІІ-ХҮ ҒҒ.) – (лат. schola – мектеп) шіркеу догмалары мен діни ілімдерді философия көмегімен түсіндіру. (Философия дін қызметшісіне айналды)

  • Номинализм (Абеляр, Росцелин, Оккам)

  • Реализм (Августин, Гильом, Ансельм Кентерберийский, Ұлы Альберт, Фома Аквинский)

  • Протореформаторлік (Уклиф, Гус)

  • Мистикалық христиандық (Экхарт, Таулер, Сузо)

  • Христиандық алхимиялық философия (Альбер, раймонд луллий; Рожер Бэкон, Никола Фламмель, Тревизо)

2) Абай Құнанбайұлы (1845-1904)ақын, ойшыл, қайраткер, сазгер. Хакім Абай өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге сол кездегі қазақ қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылған.

Абай философиясында сүйспеншіліктің үш түрі айтылады, олар Жаратушыны, адамзатты, әділетті – иманигүл ретінде сүю.

«Алланың өзі де рас,сөзі де рас» атты өлеңінде:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй,ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және сүй хақ жолы деп әділетті.

Абайдың философиялық көзқарастарының өзегі:

  • дүниенің объективтілік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел». «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңінде:

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

  • философиялық антропологиясында толық адамды (ақыл, рақым, әділет) дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

  • этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл аударады. «Ұят кімде болса иман сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, алауыздық, бақталастықтың адам жанына берері шамалы деп ой тұжырымдайды. Қазақ еліне рухани бағдар ұсынған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.

.3) Гносеологиялық концепциялар

Сенсуализм – (лат.sensus – сезім, түйсік) танымның бастауы тек қана түйсік деп есептелінеді. (материализм Гольбах, Гельвеций, Фейрбах; субъективті идеализм Беркли, Юм, Кант, Мах, Авенариус, Богданов).

Интуитивизм – адам танымының негізі интуицияда (сананың иррациональды мүмкіндіктерінің болуы).

Эмпиризм – адам танымының негізі тәжирбе деп санау.

Рационализм – адам танымының негізі ақылда жатыр деп санау

Синтетикалық – таным сезім, ақыл, интуицияның қосындысына негізделеді деп есептелінеді

20-билет

1) Патристикалық кезеңнің көрнекті өкілі, шіркеу әкесі Аврелий Августин (354-430 жж.) болды. . Еңбектері: «Донатаға хат», «Қуғындаудың апологиясы», «Ақиқат дін туралы», «Тәубе», «Үштік туралы», «Құдай қаласы туралы».

Августиннің дүниетанымының философиялық негізі Плотин мен Порфирийдің неоплатонизмі болды.Ол философиядан жұбаныш іздеді. Оның пікірінше, Құдай мен адам қатынасында күнә басты ұғым болып саналады. Адам құдай алдында, кінәлі, яғни күнәлі. Күнә – антропологиялық, метафизикалық космологиялық мәнге ие. Құдай бүкіл әлемнің генетикалық және субстанциялық бастауы. Адам – ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиіркенішті қатынасты қолдайды Адам жаның құдай жаратқан. Жан тек адам болмысына тән. Ақыл, ырық, ес адам жанының қабілеттері. Ырық ақылдан жоғары және маңыздырақ. Жоғарғы ырық – сенім еркі. Алдымен адам құдайға сенім білдіріп, әрі сүюі керек, кейін құдайды тануға ұмтылуы тиіс. Құдай – ең жоғарғы игілік. Сенім – құдай сыйы.

«Құдай қаласы» еңбегінде адамзат тарихы құдай патшалығы мен ібіліс патшалығының ымырасыз күресі болып табылады. Құдай патшалығы – шіркеу, ал мемлекет – күнә патшалығы. Себебі мемлекет пенденің өзімшілдігіне негізделген. Рим империясы мемлекеттің жоғарғы сатысы. Римнің құлауы заңды. Өйткені Рим мемлекетінің тарихы ібілістік негізде құрылған. Адамзат тарихын ол алты кезеңге бөлді. Бес кезеңді Көне өсиет тарихымен байланыстырады. Алтыншы кезең Иисустың бірінші келуімен басталып, Иисустың екінші келуі сот күнімен аяқталады

Августиннің философиялық көзқарасына неоплатонизм ықпал етті. Ол Плотин мен Порфиридің латын тіліндегі еңбектерін оқыды. Неоплатонизм идеясына көңілі толмаған Августин 8-9 жыл монахтық өмір салтын ұстанды. Христиандықты қабылдағаннан кейін, Августин манихеилік пен мүшіріктік, христиандық ересьтерді қудалады.

Августиннің пікірінше алғашқы күнәдан соң адамдар тек күнә жасауға ғана қабілетті. Адам ізгі іс жасауға ұмтылса да, еріксіз күнә жасайды. Адамдар бойындағы ізгілік пен мейірімділік тек құдай рахымымен беріледі. Құдай мейрімі құтқарылуға таңдалған адамдарға ғана түседі.

Августиттің пікірінше, Иисус Христос барлық христиандар үшін емес, тек құдай таңдауы түскен адамдар үшін айқышты азап шеккен. Августиннің осы көзқарасын жұмсарту үшін католик шіркеуі құдай мейрімі қарапайым адамдарға тікелей емес, шіркеу арқылы түсетіндігі туралы ілімін негіздеді.

2) Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.) еңбектері қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, аңыз-жыры, қоғамдық-саяси өмірін, діні мен ділін зерделеуге бағытталған.

Қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты – материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді.

«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады.

«Сахарадағы мұсылмандық туралы» еңбегінде ислам дін мен халықтық ғұрыптар, исламның қоғам өміріндегі орны, «Қазақтардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан Тәңір ұғымын, бақсы, емші сынды түсініктерді, ежелгі наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.

Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған.Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры.

Философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.

3) Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. Танымның субьектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Таным обьектісі деп – материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс-әрекет барысында субьекті игерген бөлігі.

21-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]