Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FILOSOFIYa_ShOOOOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.25 Кб
Скачать

2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);

1.Орта ғасырлық фил-я; Әл-Фараби,Қорқыт,Махмұт Қашғари

2.XY-XYIII ғғ.жыраулар дүниетанымы қалыптасуында халқымыздың мақал- мәтелдері,шешендік сөздері,көшпелі өмір салты мен имани ұстанымдары маңызды рол атқарды.

3.XIX ғ.ағартушылық фил-я-қазақ қоғамының даму жолы ағарту.Ш.Уалиханов,Абай,Ы.Алтынсарин

4.XIX ғ.аяғы XX ғ.басындағы діни ойшылдар фил-я;Ш.Құдайбердіұлы,М.Ж.Көпейұлы,Ә.Кердері

5.XX ғ.бас.ағартушылық-демократиялық фил-я; «Алаш»ұлттық-демократиялық қозғалыс өкілдері.

3.Қазіргізамандағы қазақ фил-я;Қазақ фил-ң тарихын,рухани мұрасын зерттеу,зерделеу,жүйелеу.

3. Диалектиканың негізгі категориялары: Мән мен құбылыс Түр мен мағына Себеп пен салдар Мүмкіндік пен шындық Қажеттілік пен кездейсоқтық

18 Билет

1.Эллиндік дәуір фил-сы:

Эллинизм дәуірінде Платондық академия,Аристотельдік ликей,киники мен кирен мектебі өз қызметін жалғастырды.Осы кезде эллиндік дүниеге өз ықпалын жүргізуге бәсекелес үш жаңа фил-қ мектеп скептицизм,эпикуризм мен стоицизм пайда болды.Скептиктер мек-ң негізін б.зб.4ғ 2жартысында Перон қалады.Бұдан кейін скептицизм Платон академиясымен қосылды.Өз ілімін Демократтің атомдық ілімімен керенайк этиканың негізінде жасаған эпикур мектебі.эллиндік дәуірдің дүниеге деген көзқарасыны ықпал етті.Стоицизмнің негізін салушылар Зенон.Сократқа дейінгі фил-ң тұғырнамасын жаңғырта отырып стоиктер ғарышты біреуі адам болып табылатын сан алуан логостаға бөлінітін саналы отты тыныс алу деп түсіндірді.Эллинизм дәуірінде көпшілікке театр қойылымдары сақталып қалды.Онда негізінен тұрмыс пен отбасылық қатыныстарға бой ұрған комедиялар қойылды.Эллинизм әдебиетінің негізі Александрияда дамыды.

2.Ағартушылық фил-сы:

Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.) еңбектері қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, аңыз-жыры, қоғамдық-саяси өмірін, діні мен ділін зерделеуге бағытталған.

Қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты – материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді.

«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады.

«Сахарадағы мұсылмандық туралы» еңбегінде ислам дін мен халықтық ғұрыптар, исламның қоғам өміріндегі орны, «Қазақтардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан Тәңір ұғымын, бақсы, емші сынды түсініктерді, ежелгі наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.

Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған.Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры.

Философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.

Ы.Алтынсарин(1841-1889)-қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі,педагог –жаңашыл,жазушы.Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел,халық ауыз әдебиеті,Европа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді.Уалиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді.Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынын ерекше орын алды.Мысалы, «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы суреттеледі.Ыбырай шығармалары жастарға эстетикалық тәрбие берудің маңызын жоғары бағалағанын көреміз.Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да терең демократизм,өз халқының мүддессін қорғауға деген ұмтылыс тән. «­Қырғыз қайғысы» деген жазбаларында ол 1868 жылғы отаршылдық қанауды күшейту мақсатында жасалған әкімшілік реформасына назарлығын білдірді.Тарих пен қоғамдық құбылыстар қоғамды өзгерту жолдары туралы мәселеде Алтынсарин ғылым мен ағартушылыққа олардың түрленуші күшіне сенім білдірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]