
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
16Билет
1.Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.[1]
Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.
Логикалық форма — бұл мазмұнды тұжырымдардың байланыс әдісі. Мысалы, пікірдің екі түрлі нақты мазмұнын қарастырайық:
Барлық ағаш — өсімдік.
Барлық өзендер теңізге құяды.
Екеуінің мазмұндары жағынан айырмашылығын аңғару қиын емес, сонымен бірге біріншісі пікір ақиқат та, екіншісі — жалған пікір. Осы пікірдің мазмұнын шетке шығарып тастайық та, оларды S және Р ауыспалы бөлшектерімен алмастырайық. Нәтижесінде осы пікірлер "Барлық SP-нің негізі" деген логикалык формада кұрылады. Әр түрлі мазмұнды пікірлер "Егер от болса, түтін де болады" және "Егер тарих ғылымы болса, оның өз зандары да болады" деген пікірлер де бірдей логикалық формада "Егер А болса, В да болады" деген пікірді білдіреді. Сонымен, белгілі бір ойдың логикалық формасы сол ойдың қүрылымы, оның нақты мазмұны бөліктерінің байланыс тәсілі болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, логика ғылымына нақты анықтама беруге болады. Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның накты емірді тануында ете қажетті кұрал болмақ.
Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.
Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және Логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойыншаАристотельдің Логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.
Аристотель дедуктивтік-силлогист. ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары индуктивтік Логиканың бастауын ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған.Аристотельдің Логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде “өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып, шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, Логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты.
Неміс философы Кант Аристотельге қарсы философияның зерттейтін формаларының деректік мәні жоқ, олар әншейінгі бос форма болып табылады, сондықтан, олардың мазмұн мен ақиқатқа қатысы жоқ деген пікір айтты. Кант пікірі бойынша, жалпы Логика ғылымның формасын ғана емес, оның мазмұны мен генезисін де зерттейді. Жалпы Логиканың ең жоғарғы принципі — қайшылық принципі (немесе қайшылыққа жол бермеу принципі), ал трансцендентальді Логиканікі — әр түрлі пікірді біріктіріп, қисындастыру синтезі. Гегель “рухтың” тарихы, яғни мәдениет тарихы Логикада синтезделуге тиіс, Логика бұрынғы философияның, ең алдымен, онтологияның орнын басады, сонда болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі пікірдің дамуын, оның өз бетімен дамуының ішкі ырғағына сәйкес имманентті, диалекттка түрде болатынын дәлелдейді.
17 ғасырда Бэкон тәжірибеге сүйенген ғылымның басты құралы ретінде индуктивтік әдісті негіздеп, индуктивтік Логиканың негізін саралап, силлогист. ілімді сынға алды. Декарт керісінше дедуктивтік әдіс пен дедуктивтік Логиканы жоғары бағалап, ақиқатты дәлелдеудің басты жолы деп есептеді. Формальді Логиканың әрі қарай дамуына аса зор үлес қосқан философтардың бірі — Лейбниц. Ол Аристотель категорияларын талдау арқылы ең қарапайым бастапқы ұғымдар мен пікірлерді іріктеп алып, адам ойының әліпбиін” құрастыру идеясын ұсынды, математика Логиканың негізін қалады. Дж.С. Милльдің индуктивті ой қорыту теориясы ықтималдық теориясы мен Логика алгебрасының қалыптасуына байланысты 19 — 20 ғ-ларда Логиканың зерттеу саласына айналды. Бұл кезеңде индуктивтік Логикамен дедуктивтік-математика Логика дамыды. Дж.Буль, О де Морган және неміс математиктеріЭ.Шредер,П.С. Порец, т.б. математика әдістерді Логикаға қолданудың нәтижесінде осы заманғы Логика алгебрасы қалыптасты.
Логикалық сөйлемдерді геометрия фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г. Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі. Сөйтіп, Логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды. Қазақстанда математика Логиканың дамуына академия А.Д. Тайманов зор үлес қосты. Ол Логиканың ойлау формаларын (ұғым, пікір, ой-қорытынды) зерттеп, олардың мәнін, түрлерін, арақатынастарын, олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып, оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады. Формальді Логиканың (қазіргі Логика) символик. (немесе математика Логика) саласы дәстүрлі Логиканың тарихи сабақтасы болып саналады. Мұнда дәстүрлі Логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі, математика әдістер, Логикалық есептеулер қолданылады. Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға, ойлау процесін автоматтандыруға, сөйтіп, осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды. Қазіргі кезде Логика, негізінен, үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы, математика және Логикалық методология) тұратын, жан-жақты тармақталған ғылымға айналды. Тұтас алғанда, мұндағы зерттеулер тіл мен ойдың арақатынасының қай қырынан келетіне байланысты Логикалық семиотика мен Логикалық семантика тұрғысынан жүргізіледі. Логикалық семиотикада тіл байламдары таңбалық объектілер ретінде қарастырылса, Логикалық семантикада тіл мен Логикалық теориялар олардың мазмұны жағынан зерделенеді.
Қазіргі Логикада түсініктеме (интерпретация) ұғымы маңызды рөл атқарады, өйткені бұл ұғым арқылы Логикалық заң және Логикалық жалғасу ұғымдары анықталады. Кейінгі кездері Логикалық зерттеулерде жаңа математика аппарат — категориялар теориясының тілі кеңінен қолданылуда. Логикалық теориялар оларда зерделенетін Логикалық лебіздердің сипатына, түптеп келгенде заттар қатынастарының түріне орай классик. және бейклассиктер болып бөлінеді. Қазіргі Логиканың маңызды бір бөлігі — металогикада Логикалық теориялардың қасиеттері (қайшылықсыздығы, толықтығы, түпкілікті дедуктивтік принциптерінің тәуелсіздігі, т.б.) зерттеледі, яғни оны Логиканың өз түзілістері турасындағы өзіндік рефлексиясы деп атауға болады.
Логикалық методолдар да қазіргі Логиканың бір бөлігін құрайды. Оны жалпы (яғни, ғылым білімнің барлық салаларында қолданылатын танымдық амалдарды зерттейтін) және жекелеген ғылымдардың методологиясы (дедуктивтік ғылымдардың методологиясы, эмпирик. ғылымдардың методологиясы, әлеуметтік және гуманитарлық білімнің методологиясы) деп бөледі. Логикалық-методолдар ізденістерде, әсіресе дедуктивтік ғылымдар методологиясы саласындағы жетістіктерді атауға болады (Логиканың дедуктивтік теория ретінде құрылуы, математиканы негіздеу, білімді аксиоматизациялау және формальдандыру әдістерінің қолдау табуы, т.б.).
Қазіргі кезде эмпирик. ғылымдар методологиясының Логикалық проблематикасы да (мысалы, гипотеза түзу және тексеру процесі, білімнің эмпирик. және теория деңгейлерінің арақатынасы, эмпирик. теориялардың Л-лық құрылымы, т.б.) белсенді зерттеліп келеді.
|
2.Бердияевтің Діни экзистенциализм мен антропология Орыс философиясының антропологиялық бағыты, яғни адам мәселесіне басымырақ қарау - оның негізгі ерекшеліктеріне жатады. XIX ғ. ортасынан бастап адамның өмір сүруі, оның бостандығы мен құндылығы, тұлғаның нәзіктігі, болмыстың неше түрлі үрейлерге толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс философиясының негізгі мәселелеріне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар қатарына Лев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 жж.) жатқызуға болады. Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, Л.Шестовтың философиясын экзистенциализм бағытына жаткызуға болады, «оның философиясының қайнар көзі ретінде адамның қайғы-қасіреті, үрейі мен зардабы, үмітсіздік сезімі болды». Ол рациоиализм, сциентизм бағытын алғашқылардың бірі болып қатты сынға алады. Оның ойынша, өмірдегі әсемдік, өнегелілік, сенім ешқандай рационалдық, логикалық танымға жеткізбейді. Ғылыми зерттеу -заттар мен құбылыстардың жалпы жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас, ерекше болмысын еске алмайды. Сонымен адам өмірінің мақсат-мұраты, мән-мағынасы, қайғысы мен қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. Олай болса, ғылым мен философия ымыраға келмейді. Философияның негізгі мәселесі - адам, оның өмірінің мән-мағынасы. Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екі түрлі. Ғылыми ақиқат дүниедегі қажеттілікті зерттеуден шығып, барлық адамдарға бірдей болып келеді. Ал философиялық ақикатқа келер болсақ, оған әрбір адам өзінше өзінің болмысында жетуі керек. Адамзаттың негізгі мақсаты - табиғаттың қажеттілігін жеңіп, адамға бостандық, алғашқы еріктікті қайтадан әперу. Еріктік мәселесіне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негіздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзіне ұқсатып, оларды құдіретті, ерікті, жетілген қылып, жоқтан жаратқан болатын. Бірақ Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсіп тұрған таным ағашының жемісін жесең - өлесің!! Жыланның сөзіне еріп, өзін Кұдаймен теңегісі келген адам тыйым салынған Жемістің дәмін татып, «Білімді» пендеге айналды. Біліммен бірге күнә өмірге келіп, зұлымдыққа жол ашты. Білім шындықты қажеттілікке айналдырып, еріктікті жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат жойылған еріктікті қайтару, дүниені зұлымдықтан құтқару. Ол үшін моральдық нормалар, неше түрлі ережелерді орындау қажет емес, өйткені олардың бәрі де ғасырлар шеңберінде ақыл-ойдың таразысынан өтіп, қажеттікке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы шығып, өзін ерікті сезіну үшін ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткені оны жаратқан Құдайдың өзі. Адам әрқашанда ішкі тебіреністе, алаңдауда болып, озінің еріктігін Құдайдан іздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол үшін тек қана сенімкерек деп корытады Л.Шестов. Тек қана сенім ештеңемен шектелмеген бостандықты береді. Адам таным ағашынан бас тартып, өмір ағашына кайта оралуы қажет. Орыстың діни философиясына қомакты үлес қосқаи Николай Александрович Бердяев (1874-1948 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Еріктік философиясы. Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы», «Өзіндік тану» т.с.с. Онын ойынша, философия рухты зерттейтін ілім, яғни адамның өмір сүруіне, сол арқылы болмыстың мән-мағынасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниені зерттесе, философия адамның ішкі рухани өміріне үңіледі. Сондықтан философия объективті емес, ол - әрқашанда субъективті. Н.А.Бердяевтің ойынша, экзистенциалдық философия адамның өмір сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенің өзінтаниды. «Таным дегеніміз субъектінің болмысты бейнелеуіндеемес. Таным әрқашанда шығармашылық жолмен жүріп, мән-мағынаға жетуге тырыса |
3.Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялықғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.[1]
Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама
қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Олобъективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.[2][3]
.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері. Дамудың мәнін және оның әртүрлі проблемаларын зерттейтін ілім диалектика (гр. dialektikē) деп аталады. Осы сөзді алғаш рет философияға Сократ енгізді. Ол ақиқатқа жету үшін сұхбаттасу өнерін– dialektikē techne – жасау керек деп есептеді. Бұл тәсілді Платон қолдап әрі қарай дамытты. Сөйтіп, бұл өнер өзінің бастамасын сонау ертедегі Грекиядан алып, күні бүгінге дейін жоғары бағаланады.Диалектика даму туралы ең толық, жан-жақты және терең мазмұнды ілім, теория болуымен қатар барлық ғылымдар үшін, практикалық қызмет үшін сол теорияға негізделген бірден-бір философиялық әдіс, зерттеу әдіснамасы да қызметін атқарады.Диалектиканың құрылымы:диалектиканың негізгі прициптері,заңдары(метапринциптері),диалектиканың каегориялары (негізгі емес заңдары).Диалектиканың прициптері:1)жалпылық байланыс қоршаған дүниенің тұтастығын, оның ішкі бірлігін, барлық компонеттерінің – нәрселердің, құбылыстардың, процестердің- өзара байланыстылығын,өзара тәуелділігін білдіреді.Байланыс түрлері: Сыртқы және ішкі (ең кең таралған түрлері); Тікелей (тура) және жанама; Генетикалық және функционалдық; Кеңістік және уақыттық; Кездейсоқтық және заңдылықты.2) Жүйелілік қоршаған дүниеде сансыз көп байланыстар ретсіз емес бір тәртіпте болады дегенді білдіреді. Осы байланыстар тұтас жүйе құрады, онда олар иерархиялық тәртіпте орналасады. Оның арқасында қоршаған дүниеде ішкі мақсатқа сәйкестілік бар. 3) Себептілік – біреуі екіншісін тудыратын байланыстардың болуы. Қоршаған дүниенің нәрселері,құбылыстары, процестері бірдемемен шартталған, яғни немесе сыртқы, немесе ішкі себебі бар.Себеп салдар туғызады, ал мұндай байланыстар себепті-салдарлы деп аталады.Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі
бүкіл бардың, тіршілік ететіннің қозғалысы мен дамуының ішкі қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Санның сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,процестің бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан, көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның бәрі. Терістеуді терістеу даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын сипаттайды. Дүниеде ешқандай зат, құбылыс немесе процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде (на «голом» месте) пайда болмайтыны белгілі. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде пайда болады, яғни жаңа ескінің негізінде пайда болады.Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңаескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді.
№17 Билет
1.Аристотельдің әлеуметтік – саяси көзқарастары. Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылыми білімді жүйелеп берді және материя және форма,кеңістік,уақыт категорияларын жүйеледі.Аристотельдің өзінің саяси көзұарастарында адамды – саяси жануар деп атады.Қоғамды 3 – ке бөліп қарастырды; 1.Байлар 2.Орташалар 3.Кедейлер
Орта топ – мемлекеттің гүлденуінің көрсеткіші.
Мемлекеттің жағымды формалары ; Монархия,аристократия, политея,
Мемлекеттің жағымсыз формалары ; Терамия,олигархия,демократия деп санады.
2.Қазақ философиясының ерекшелігі мен даму кезеңдері. Қазақ халқының өмір – тіршілігінің ерекшелігі,ертедегі көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетімен байланысты,ата- бабаларымыз табиғат ырқына көніп,табиғатпен үйлесімді өмір сүрді,соған байланысты табиғатқа табыну байқалды.Әлеуметтік ойларында әлеуметтік – мәдени ортаның тигізген әсерә көрінеді.Дүниетанымдық ізденістерінде ерлік пен батырлық мәселесі,еріктілік пен бостандық мәселесі талданды.
Даму кезеңдері.
1.Алғы философия (IX ғ.дейін); Тоныкөк,Күлтегін жырларындағы батырлық,елдік,ел қорғау