
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
15 Билет
1.Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.
Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:
себептілік;
заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;
заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя — көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.
Сезімдік заттар — заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі — өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі — өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.
Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық — адамды биол. табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.
2.Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 жж.) – аса дарынды орыс діни философы. Адамның әлеуметтік-мәдени және діни қажеттіктерін өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық діндегі бағьптардың (католицизм, протестантизм, православие) басын біріктіріп, діни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттігін айтты.
В.С.Соловьевтің философиясының негізгі идеясы - дүниедегі бәрінің бірлігі. Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялық мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ B.C. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оның ойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай - Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста
3.Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.
Эволюция терминін алғаш М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі –мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кездеорганизмдердің генотипі өзгереді (қ. Микроэволюция). Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан басқа, Эволюцияның қарапайым факторының бірі болып, популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен популяцияның оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырауы кезінде байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың Эволюциялық қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама береді (қ. Түр түзілу). Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім). Кейде Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады
Эволюция ұғымы, оның бағыттары. Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:
1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
2. Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
4. Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі. Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.
Сендерге ғаламшардағы тіршіліктің дәл қазіргідей үнемі бола бермейтіні бұрыннан мәлім. Сендер тіршіліктің ертерек кезендерде дүниеге келгені туралы бұрыннан білесіңдер. Бұрынырақта зілдер (мамонт) мен динозаврлар (сұмпайы кесірткелер), үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткені туралы да сендерге мәлім. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрді, бірақ бізге дейін сақталып қалғаи жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары немесе ақулаларға қарағанда көдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар олардан тарихи жағынан өлдеқайда жас. Демек эволюция тарихи өзгеріс үдерісі ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен тезірек эволюция жолымен бірте-бірте дамып, сол топтың езі тарихи даму барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады.
Тірі ағзалардың қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне жүздеген және мыңдаған факторлар әсер етеді. Атап айтқанда сақталуы, тірі қалуы және одан әрі жетілуі - эволюциялық жолмен бірте-бірте дамуы сол факторларға тәуелді болады.
Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды. Биологиялық алға басу (прогресс) дегеніміз - дарақтар санының, жүйеленген. сан алуандыцтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мөселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.
Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.Мәселен, тірі ағзалар тобы, әр түрлі уақыт аралығында биологиялық алға басу ретінде де, биологиялық кері кету ретінде де өмір сүре алады. Жорғалаушылар мезозой дәуірінде үстемдік етсе де, соңынан сүтқоректілерге, бунакденелілер мен құстарға орын берді. Алға басу үдерісінің жолдары да әр түрлі болады. Ағзалардың біреуі жоғары сатыға көтеріліп, бұрынғысынан күрделілене түседі. Сөйтіп құстар мен сүтқоректілер де биологиялық алға басуға жетті. Ал оған керісінше, езге ағзалар қарапайымдалып, бірсыпыра маңызды мүшелерін жоғалтты. Бұл түрлер паразиттік жолмен тіршілік ете бастағанда байкалады. Кейбір құрттар (эхинококк (жылауық), ішексорғы (аскарида) және т.б. және бунакденелілер (бітелер, көдімгі және төсек кандалалары) осындай жолдан өтті.Бізге органикалық өлемнің 5 - 6 миллион жылдардан кейін қандай болатыны, сондай-ақ ол сол қалпында сақталып қала ма, жоқ па беймәлім. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі. Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашкан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды.