
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
13 Билет
1.Сократқа дейінгі философия натурфилософия (латынша natura – табиғат) – табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім. Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи қалыптасуының алғашқы формасы болды. Натурфилософия ұғымының шығуы стоиктерден (Сенека) басталады. Ежелгі грек натурфилософтары ғылым тарихында едәуір рөл атқарған бірқатар болжамдар ұсынды, оның ішіндегі маңыздыларының бірі – атомистік болжам (атомизм). Кейіннен Натурфилософия физика немесе физиология, яғни табиғат жөніндегі ілім деп аталды. Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай Натурфилософия ғылымы ой-өрістен христиан, ислам жәнеиудей теологияларына ауысты. Қайта өркендеу дәуірінде Натурфилософия Дж. Бруно, Б.Толезио, Дж.Кампанелла, Дж.Кардано,Ф.Парацельс, Ф.Патрици есімдерімен байланысты пантеизм, гилозоизм негізінде дамыды. Бұл кезеңдегі Натурфилософия табиғатты біртұтас қарау принципін ұсынып, бірқатар терең мәнді диалектикалық қағидалар (мысалы, өзгерістің қайнар көзі қарама-қарсы бастамалардың күресінде деген ілім) тұжырымдады. Бірақ табиғатты түсіндіру астрологиялық, алхимиялық, мистикалық түсініктерге толы болды. 17 – 18 ғасырларда механистік жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуына байланысты табиғатты талдамалы және метафизика тұрғыдан зерттеу басым болып, Натурфилософия ғылымнан шеттетілді. Классикалық неміс философиясында Натурфилософия негізгі пәндердің біріне айналып, өз заманындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін объективтік идеализм тұрғысынан тұжырымдамақ болған Ф.В. Шеллинг философиясынан елеулі орын алды. Ол диалектикалық полярлық идеясы арқылы дүниенің біртұтастығының жіктелуі мен жоғары формалардың төмен формалардан дамып жетілуін түсіндірмек болды. 20 ғасырларда Натурфилософияда теріс көзқарастар орын алды. Кейбір философ бағыттардың (экзистенциализм, прагматизм) өкілдері философия объектілерінің жағымсыз дүниесін зерттеумен шұғылданбауы керек деп есептеді. Неореализм, сыни онтология, марксизм, т.б. өкілдері Натурфилософия жаратылыстану ғылымдарының деректерін ескермей, табиғатты тануға дұрыс қарамаған деген пікірді ұстанды
2.Людвиг Фейербахтың антропологиялық материализмі (1804-1872 жж.) — неміс классикалық философиясының соңғы өкілІ. И.Канттан бастап Гегельге дейін неміс философиясының өкілдері идеалистік бағыт үстағанын жоғарыда байқадық. Л.Фейербах та өз жолын осы бағытта бастап, 1823 ж. Гейдельберг университетінің теология (дін зерттеу) факультетіне оқуға түседі. Бірақ тез арада ондағы дэріске қана-ғаттанбай, Берлин уыиверситетіне ауысып, Гегельдің лекцияларын тыңдайды. 1828 ж Эрланген университетінде диссертация қорғап, содан кейіи осы оқу орнында приват-доценттік жұмыс атқарады. Осы уақыттан бастап Фейербах бірте-бірте гегельдік көзкарастан ауытқып, материалистік бағытқа қарай бетбұрыс жасайды. Соның нэтижесінде ол анонимді (өз атын атамай) түрде 1830 ж. «Өлім және өлместік жөніндсгі ойлар» деген еңбегін жарыққа шығарып, ондажанның өлместігі жөніндегі діни қағидаға қарсы шығады. Ол кітап дереу тэркіленіп, Фейербах жұмыстан қуылады. Жүмыссыз қалған ойшыл 1836 ж. кедейленген дворян отбасынан шықкан кызға үйленіп, сонымен бірге Брукберг деген ауылдық жерге қоныс аударып, сол жерде 25 жыл бойы ешқайда шықпай өмір сүреді. Түске дейін ағаш жарып, я болмаса шөп шауып, түс ауа ғылыми жұмыстарымен айналысады. «Христиандықтың мэні» атты негізгі еңбегі осы жерде жазылып бітеді. Осы кезден бастап ол үзілдІ-кесілді материалистік-атеистік бағытқа көшеді. Өмірінің соңында өте үлкен мұктаждық көріп, 1872 ж. дүниеден өтеді. Нюрнберг қаласында жерлеиген. 60 ж. кейін ізбасарлары оның қабіріне құлпытас орнатып, оған Фейербахтың өзі жазған «Адам Құдайды өз бейнесіне ұқсастырып жасады», «Адамды сүйіп, оған жақсылық жаса» деген сөздерін эпитафия ретінде жазды.
3.Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну; 2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті.