
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.
Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.
3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.
4) Жаңа заман ф-да болмыс категориясың “субстанция” категориясымен тенiстiрген, болмыстың бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтың, өзгермейтiн субстрат, болмыстың негiзi. Бiр ф-да ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды, ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да. Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағл. ф-фы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп болған, дiн дi дәйектеп, материализм дi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты мойындап, универсалилердiн реалды өмiр сүредi деген және абстракциялық ұғымдар идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.
Ал, Спиноза шы (1632-1677, нидерланд ф-фы, Амстердамда туып өскен, мат-ка мен жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп әлемнiң жалпы бiртұтас, ядросы табиғат пен құдайдың үлесiмдiлiгi болыа табылатың, картинасың қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды интуиция деп, субстанцияның атрибуттары мен модустар туралы теорияны жасады; әлеуметтiк ф-да еркiндiктi саналы қажеттiлiк ретiнде және қоғамдық келiсiмдi жақтады. “Этика”, “Дiншiл-саяси трактат”) нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана, тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде өмiр сүретiн материалды субстанцияны мойындады. Сонымен, қатар Спиноза субстанцияны құдаймен үйлестiредi, бұл- өзiн өзi тудыратың тотальды Табиғат.
5) Қазырғы заман ф-да болмыс категориясы әр түрлi талқыланады. Феноменология (Гуссерль) болмыс- сана арқылы танылатың заттар болмысы, мәннiң идеалды болмысы. Герменевтика да болмыс- бұл интерпритация, әр түрлi талдау, өйткенi болмыс адамға тек болмыстытүсiнүде ғана танылады. Экзистенциализм де, болмыс- адамның өзi, оның дүнедегi болмысын ұайымдау, адамға тiкелей тiршiлiк ету ретiнде берiлген.
Болмыс мәселесiн әр түрлi талқылау, болмыс ұғымының кеңдiгiнең және абстрактiлiгiнен туады. Шынында да болмыс категориясы адамның және оны қоршаған әлемнiң ең маңызды қасиеттерiн бейнелейдi.Болмыс сөзiнiң әр түрлi мағынасын аңғартуға болады: а)болмыс- адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр сүретiн объективтi, материалдық дүниенi бiлдiредi; в) болмыс-бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң барлығын-материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды; с) болмыс- бар болуды, өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.
Оның негiзгi белгiлерi: 1) мәнгi-әлем болды, бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта тудырып отырады; 2) шексiз- әлемнiң шетi де, шегiде жоқ; 3) бiртұтас- әлемнiң бiртұтастығы оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ олар жеке-жеке емес, өзара байланыста, белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында екендiгiнде; 4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi- табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың бәрiне ортақ нәрсе-олардың “бар” екендiгi, өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi әр қилы болғаны мен олар бар болуы арқылы шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн құрайды; 5) өзгермелiгi- дүниеде бар болатының бәрi үнiмi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте болуы; 6) объективтiлiгi- айнала қоршаған әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып, бұл дүниенiң өмiр сүрүiнiң iштей логикасы бар, ол адам санасында нақты бейнесiн таба алады.
Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi.
Басқаша айтқанда болмыс- еш себебi жоқ таза тiршiлiк. Болмыс- өзi өзiнiң себебi. Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы дүниенiң бар екенiне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты табамыз.
Заттар болмысы “бiрiншi табиғат”- барлық материалдық денелердiн, табиғи процесстер мен күйлердiн болуы. Мысалы: Жер планетасы, бүкiл Ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық, адам мен оның санасына алғанда бiрiншi, өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi, және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн емес.
Заттар болмысы “екiншi табиғат”, адамның iс-әрекеттерi мен тығыз байланысты. Бұл табиғатқа адам қолымен жасаған және материалданғанның бәрi жатады.Мысалы: еңбек құралдары, ғимараттар мен құрылыстар, кемелер мен ұшқыштар, автомобиль және темiр жолдары, телефон және компьютер жүйелерi, ақпарат құралдары, өнер тұындылары т.б. олар да объективтi, адам жасаса да олар адам санасы на тәуелсiз, одан тыс өмiр сүредi. Тек адамның өмiр сүру барысын айқындай, өз заңдылықтары бойынша өмiр сүредi. “Екiншi табиғат” заттар болмысы олар жасалған табиғат материалдарынаң, “затталған” ойдың және “затталған” адамның iстерiнiң синтезiболып табылады. Және олардың болмысы оларды жасаған мақсатына байланысты болады: еңбек құралдары, эстетикалық ләззат алуға арналған заттар т.б. Оларды, объективтi реалдықтың табиғи-рухани-әлеуметтiк түрi деп атауға болады.
Табиғат және әлеуметтiк жан ретiнде адам болмысы адамның заттар әлемiнде өмiр сүруiн бiлдiредi. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат, ойлай алатың, “пiкiрiн айта алатың” (Кант). Оның екi қырлығы оның болмысың айқындайды. Адам – бұл шынында да “ойлай алатың” зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатың, өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатың, өз iстерiне баға берiп рны өзгерте алатың, өзiнiн денесi мен рухын дамыта алатың жан.
Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.
Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.
Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл-адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.
Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.
Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi.
Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.):
Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм денгейi т.б. Объективтендiрiлген немесе интерсубъективтi рухани болмыс- қоғамның рухани тәжiрибснiн қамтитың қоғамдық сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар. Объективтендiрiлген рухани өнiмдер мен процесстер, сөздер, дыбыстар табиғи және жасанды тiлдер арқылы iс жүзiне асады (кiтаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, сүреттер, ескерткiштер, музыкалық шығармалардың ноталары т.б.).Соңғы кезендерде адам әрекеттерiне байланысты “виртуалды реалдық”,”виртуалды болмыс” деген категориялар қолданылады. Бұл термин-компьютер арқылы жасалған нақтылықтың моделiн айтады. Сонда бұл жасанды, иллюзорлы елестету болып табылады. Оның белгiлерi: жасанды болуы, актуалдылығы, автономдығы, интерактивтiлiгi. Объективтi реалдыққа қарағанда екiншi, ссондықтан да субъективтi реалдық және уақыт керi қайтылады.
Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады.
2. Материя терминының қалыптасуы бiрнеше этаптаң өттi. Бiрiншiсiнде- ол табиғат құбылыстарымен тенестiрiлдi (Гераклит-от, Фалес-су, Анаксимен-ауа). Бұл кезендi ф-да қиялы материализм деп атайды.
Екiншi кезеңде- материя атомдар мен пара-пар қарастырылып, заттар мен олардын қасиеттер жиынтығы мен тенестiрiлдi. Материалды және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит). Материяның атомистiк моделi натурфилософия мен жаратылыстану ғылымдарында кенiнең қолданылып 20ғ. дейiн беделдi болды.
Үшiншiсiнде механистiк және метафизикалық түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда- механиканы ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi). Декарт материяна дене-субстанциясы деп түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа пара-пар, “универсум”- алыпты механизм, әр-түрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi түрткi арқылы, механика заңдары бойынша айналмалы қозғалыста болады.
Төртiншi кезеңде- 19-20 ғ.ғ.физика дағдарысқа ұшырады. Бұл салада ашылған жаналықтар (радиактивтiлiк құбылысы,рентген сәулесi, электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы) материя түсiнiгiн өзгерттi. Бөлiнбейтiн ең кiшкене бөлшек, әлемдi ұстап тұрған кiрпiш деп келген атомның күрделi құрамы бар болып шықты, оның өзi зарядталған ядро мен оның төңiрегiнде белгiлi энергетикалық деңгейлердi траекторияларда қозғалыста, тербелiсте болатын терiс зарядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да күрделi, протон, позитрон және нейтринолардың күрделi қатынасымен сипатталады. Үнемiқозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгередi. Микробөлшектердiң табиғаты екi жақты, олардың әрi заттық, әрi өрiстiк (толқындық) қасиеттерi бар. Жарықтың бөлшегi- фотонды тiптi де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең т.б. Француз математигi А.Пуанкаре 1902 жылы “Материя ендi жоқ, ол ғайып болды” деген түйiнге келдi.
Бесiншi кезеңде- б.з. ортасында жоғарыда айтылған барлық түсiнiктердi қамтитың материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық түсiнiк қалыптасты.
Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.
В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесiжасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш.т.ж.18т.138б.).
Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды. Оның методологиялық мәнi, мiне осында. Материя категориясы абстракция, өйткенi“таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе
Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлiкүйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.).
Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт.б. тiрi организмдердiн пайда болуына әкелдi).
Философияда дүние жайында бiр неше түсiнiктер бар:
*монистiк концепция: а) материалистiк (Маркс, Ленин); в) рухани субстанцияны мойындайтың- абсолютты идея (Гегель), билiкке ұмтылған жiгер (Ницше), өмiрге деген құштарлық (Швейцер), субъектiнiң экзистенциясы (Бердяев), құдай өлшеуш және өлшейтiн күш ретiнде (Маритен) т.б.*дуалистiк концепция: екi субстанцияны мойындау- қашықтықта созылатың материя және ойлай алатың рух (Декарт).
*плюралистiк концепция: көп бастамаларды мойындау- жер, от, су, ауа, заттардың тамыры (Эмпедокл); бейорганикалық, органикалық, жанды, рухани болмыстар деңгейлер (Гартман).
3. Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.
Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто- және филогенез процесстерiндегiадамзат өзгерiстерi.
№11 Билет
1.Даосизм Негізін қалаушылардың есімдері: Лао-цзы (б.д.б. ҮІ-Ү ғғ.)Чжуан-цзы (б.д.б. 369-286 жж.) Еңбектерінің атауы: «Дао дэ цзин», «Дао цзан», «Чжуан-цзы», «Ле-цзы», «хуайнань цзы» Даосизм ілімінің негізінде табиғат, ғарыш, адама негізгі ұғымдар болып табылады. Ойлаудың мақсаты – адамның табиғатпен қосылуы болып табылады. Әлем ешбір себепсіз үнемі қозғалыс пен даму күйінде болады. ілімнің негізгі категориялары табиғи жол – дао, ізгі қуат – дэ, әрекетсіздік – у вэй. дао – бүкіл мәннің заңды негізі; ғарыш, адам және қоғам болмысының заңы; универсум бастауының бастау көзі; заттар әлемінің алғы шарты; циклдік уақыттың қағидаты және өмір салты. Дао дэ арқылы өзін әлемде көрсете алады. Дао жолын ұстану бастапқы ғажайып бірлікті және теңдікті келтіріп, игілікті, өркендеу мен ұзақ өмір сүруге жол ашады. Дао жолынан бас тарту апатты салдарға (ғарыштық үйлесімділіктің бұзуы, тәртіпсіздікке) душар етеді деп есептелді. Дао жолынан бас тарту адамдарды ақылынан алжастырады. Осының нәтижесінде әлемдегі жеке заттар туралы түсінік бұзылады. Данышпан адам үшін өмір мен ажал қарама-қарсы ұғымдар емес, бұл табиғаттың әмбебап заңы болып табылады. Әмбебап дао мәңгі, демек адам да мәңгі өмір сүре алады. Дао ұғымы арқылы бүкіл тіршілік атаулының шығуы мен тіршілік ету тәсіліне толыққанды жауап беруге болады. Өйткені, дао – барлық заттардың қайнар көзі, ал даоның шығу тегі турлы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дао уақытқа тәуелді емес, дао – әлемнің іргелі және әмбебап бірлігі болып табылады. Әлемдегі барлық нәрсе қозғалыс пен өзгеріс күйінде болғандықтан әрбір зат тұрақты емес, яғни шекті өлшемге ие. Адамның жан тыныштығы – әлеммен үйлесімді және ортасымен келісімді өмір кешуде жатыр. Адам үшін басты өмірлік мақсат заттар өлшемін білу және сақтау – «у вэй». У вэй – араласпау, әрекетсіздік, шынайылыққа саналы қатынас, адамға байланысты даоның бір талабы. Бұл «табиғилыққа қарсы тұрмау» дегенді де білдіреді. Бұл талаптар индивидке де, адамдардың әлеуметтік әрекетіне де, сол сияқты таным әрекетінің сферасына да қатысты айтылған. Осы өлшемді бұзбау адам мен әлем қауымдастығының біртұтас негізі Дао жолын сақтау болып табылады. 2. Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.ж.) - Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 ж.ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды. Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) ², “Логика ғылымы², “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы², “Құқ ық философиясы², “Эстетикаға арналған лекциялар² т.с.с. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды.Гегель: қандай білім болса да –дамудың нәтижесі деп жариялады.Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды.Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады:а) логика: б) табиғат философиясы: в) рух философиясы; Гегель философиясының басты мәселесі әлемдік рух,абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Гегель абсолюттік идеяны табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның дамуын табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырды. Гегельдің “Логика ғылымы” еңбегі үш бөлімнен тұрады:1) бөлім-“болмыс”,2)-бөлімі”мән”, 3)-щі бөлімі –“ұғым”деп аталады.Гегельдің айтуынша, логиканың басты мәселесі-абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Бұл еңбегінде Гегель диалектиканың үш жалпылық заңының, негізгі категорияларын ашты. Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары обьективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді .Оның пікірінше табиғат-абсолюттік идеяның екінші өмірі.Бірақ табиғат дамымайды,дамитын тек идея. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті,танымдағы практикалық тарихи қызмет.Ойдың өмір сүру шындығы-бұл тіл. Материя—бұл ұғымның бір көрініісі деп қаарастырды Гегель. 3.Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.Болмыстың негізгі түрлері:
Заттар (денелер), процестер болмысы: А) бірінші табиғат;Б) екінші табиғат.
Адам болмысы:А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;Б) адамның өзіндік болмысы.
Рухани болмыс:А) жеке адамның рухани болмысы;Б) қоғамның рухани болмысы.
Әлеуметтік болмыс:
А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;Б) қоғам болмысы.
Заттар (денелер), процестер болмысыТарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.Адам болмысы Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.Рухани болмыс Рухани болмыс сана мен санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.Әлеуметтік болмыс Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.
№12 Билет
1.Антикалық философиясы алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған.
Сандардың қасиеттерін зерттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.
Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.
Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.
Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.
Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.
Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.
«Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.
Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады.
Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.
2. .Г.Гегельдің құқық философиясы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.ж.) - Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 ж.ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды. Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) ², “Логика ғылымы², “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы², “Құқық философиясы², “Эстетикаға арналған лекциялар² т.с.сҚұқық философиясы - философияның гегельдікі жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды. Азаматтық қоғамның үш негізгі тұсы: қажеттіліктер жүйесі, әділ сот, полиция және бірлестіктер. Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді: 1) субстанционалды (жериеленушілер - дворяндар мен шаруалар); 2) өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер); 3) жалпылама (шенеуніктер). Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды. “Құқық философиясы’’ терминінің кеңінен таралуы Гегельдің “құқық философиясымен’’ (1820) байланыстырылады. Гугомен салыстырғанда Гегельдің ойынша құқық философиясы заңгерлік емес, философиялық пән. Оның үстіне философия ғылымын ол тарихи ғылым ретінде қарастырады. Гегель бойынша құқық туралы нағыз ғылым құқық философиясында көрінеді. Құқық философиясы пәнін Гегель былайша сипаттайды: құқық туралы философиялық ғылым өзінің пәні ретінде құқық идеясын - құқық ұғымы мен оның іске асуын қарастырады’’. Құқық философиясының мақсаты құқықтың негізіне жатқан ойларды игеру. Ал бұл дұрыс ойлаудың, кұқықты философиялық танудың арқасында мүмкін болады. Құқық философиясы пәнінің гегельдік түсіндірмесінің алғы шарттарына оны ойлау мен болмыстың, ақылдылық пен нақтылықтың бірегейлілігі туралы философиялық идеялар жатады. Философияның, оның ішінде құқық философиясының да міндеттері осыдан туындайды, - “бар нәрсені игеру, өйткені бар нәрсе - ақыл’’ .Құқық философиясы пәні мен міндетінің гегельдік түсіндірілуі құқық пен заңның бұрынғы табиғи-кұқықтық концепцияларына да, табиғи құқықтың антирационалистік сыналуына да (Гуго және кұқықтық тарихи мектебінің өкілдері) және кұқықтық рационалистік тәртібіне де қарсы шықты.
Құқық философиясының пәндік сипатын заңгерлік және философиялық ғылымдарда анықтау мәселелерін қойған Гуго мен Гегельдің XIX-XX ғасырлардың философиялық-кұкықтык зерттеулерінде онан әрі дамыды. Философиялық ілімдердің өздерімен қатар, құқықтың философиялық түсіндірмелері де бүкіл заң ғылымына, ондағы философиялық-кұкықтык тәсілдер мен концепцияларға әлі күнге дейін ықпалын тигізіп келеді. Сонымен қатар, юриспруденцияның өзі, құқық туралы, оның қалыптасу, жетілу және дамуының мәселелері туралы заңгерлік- теориялық концепциялар да кұқықтық тақырыптың философиялық зерттелуіне үлкен әсерін тигізді. Философия немесе заң ғылымдарының жүйесінде болсын кұқыққа деген барлық философиялық тәсілдерде осындай өзара ықпал және өзара әрекет байқалады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап жэне ХХ ғасырда құқық философиясы заңгерлік пән ретінде негізінен заң факультеттерінде оқытылғанымен оның дамуы үнемі философиялық оймен байланыста болып қала береді.
Ерекше философиялық пән ретіндегі құқық философиясында (табиғат философиясы, дін философиясы, мораль философиясы жэне т.б. сияқты) танымдық мүдде мен зерттеушілік назар құқық саласындағы белгілі бір философиялық концепциясының танымдық мүмкіндіктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін ашып көрсетуге бағытталады. Мұнда белгілі бір концепцияны берілген объекттің ерекшеліктеріне, методологиялық және аксиологиялық тұрғыда бұл концепцияның тілінде объектіні пайымдауға, түсіндіруге жэне игеруге сәйкес қолдана отырып, оның мазмұндық нақтылануына үлкен көңіл бөлнеді.
Ал заңгерлік тұрғыда дайындалған құқық философиясының концепцияларында жоғарыдағы саламен салыстырғанда әдетте, зерттеудің құқықтық мотивтері, бағыттары мен бағдарлары басым болады. Және бұл жағдайда философиялық талдаудың аймағына көбіне дәстүрлі юриспруденцияның нақты сұрақтары кіреді. Алайда ең бастысы, әрине, тақырыптар мен мәселелердің қайсысын таңдау емес, қазіргі философиялық және құқықтық ойдың жалпы контекстінде нақтыландыру ағымында оларды құқық философиясы тұрғысынан түсіндіру мен пайымдау болып табылады.
3.Материя ұғымы,материя өмір сүруінің атрибуттары.Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.
В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесiжасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория”
Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлiкүйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.). Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.
Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады.
Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.
4. Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас қасиеттерi, атрибуттары; өмiр сүру формалары. әлемде қозғалыстағы материя ғана бар дедiк, ендеше ол қозғалыс кеңiстiкте және уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды, мәнге ие болады
Ал философияда, кеңiстiк пен уақытты қалай түсiнедi?
Дүниенiңқұрылымдық қасиеттерiн, материалдық объектiлердiң және жүйелердiң, оларды құрайтын бөлшектердiң аумағын, басқа заттардың, денелердiң, құбылыстар мен процесстердiң арасындағы алатын орынын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңiстiк ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, кеңiстiк дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы, ол заттардың бiр-бiрi мен қатар және бөлек өмiр сүруiн, олардың тұрқын, олардың бiр-бiрне қатысты алғандағы орналасу тәртiбiн бiлдiредi.
Оның қасиеттерi: 1) ұзындық, қашықтықта созылу- әр объектi келесi бiр объектiнiн қасында орналасады, соған байланысты материяның құрылымы да айқындалады; 2) болмыстын (макро әлем) реалды кеңiстiктегi өлшемi- үш, осы үш өлшемдiк кеңiстiкте болмыстың шексiздiгi мен таусылмастығы өз көрiнiсiн табады. (бiрақ, қазырғы ғылымда микро- немесе мега әлемде кеңiстiктiн басқада өлшемдерi бар екенi байқалады, мысалы оның тоғыз өлшемi болуы мүмкiн, сондықтан жаңа философия көп өлшемдi кеңiстiктердiн жаңа матем-қ теорияларын қажет етедi); 3) бiртектiлiгi- кеңiстiкте нақты “белгiленгең” нүктелер жоқ; изотроптылық- кеңiстiкте барлық бар болатың бағыттардың теңқұқықтығы.
Кеңiстiктiң осы жалпы қасиеттерiнен басқа да жеке, спецификалық қасиеттерi де бар: симметрия және ассиметрия, олардың формалары ман көлемi, элементтер мен жүйелердiн арасындағы қашықтық, олардың шекаралары т.б.
Қозғалыстағы материя бiр қалыпта тұрмайтының, үнемi өзгерiп, дамып, бiр күйге, бiр жағдайдан келесi жағдайға ауысып жататың процесстi уақыт ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, уақыт дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы. Уақыт материалдық процестер өрiстеуiнiң жүйелiлiгiн, бұл процестердiң түрлi сатысының бiр-бiрiнен бөлек екенiн, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды.
Оның қасиеттерi: 1) ұзақтығы мен үздiксiздiгi заттар мен құбйлйстардың бiр-бiрiн ауыстырып, бiр-бiрiнен кейiн жүрiп, өз күйлерiн өзгертiп отыратындығын бiлдiредi (түн мен күн, жыл мезгiлдерi, бiр күнде адамның көнiл-күйi бiр нешерет аысып отырады); 2) бiр өлшемде ғана болу, санамен дiттелген (зафиксировать) оқиғаны басқа екi уақиғамен байланыстыруға болады, бiреуi алғашында болған ал екiншiсi одан кейiн. Сонда, дiттелген оқиға үнемi екi оқиғаның арасында болады. Мұнда оны белгiлеу үшiн бiр координата, бiр өлшеуш жеткiлiктi болады. Сондай-ақ, “бүгiн” дегенiмiз- бұл “кеше”мен “ертеннiң” арасындағы, басқалай болмайды. 2) керi қайтпайтыны, бұл уақытта болғанның бәрiн де еш уақытта керi қайтаруға болмайды. Ол тек бiр бағытта өтiп жатады: өткеннең- келешекке. Мысалы, қазырғы өркениеттi қайта алғашқы қауымдық құрылысқа қайтадан аударуға, қарияны қайта жасарту да мүмкiн емес.