
- •1.Билет
- •3. Марксизм философиясының өкілдері к. Маркс, ф. Энгельс (хіх ғ.).
- •3 Билет
- •5 Билет
- •2.Т.Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
- •3.З.Фрейдтың бейсаналық мәселесі.
- •6 Билет
- •7 Билет
- •1. Үнді философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •2.Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •8 Билет
- •10 Билет
- •1.Конфуций ілімі
- •2.Имануил Кант-н категориялык мораль ілімі.
- •3.Болмыс категориясы,болмыс мәселесінің фил-қ талдамасы
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16Билет
- •2.Ұлттық философия(XI-xXғғ.);
- •18 Билет
- •1.Эллиндік дәуір фил-сы:
- •2.Ағартушылық фил-сы:
- •3.Гнесологияның негізгі мәселелері және сұр-ы:
- •1) Орта ғасырлардағы батыс философиясы(іі-хіү ғғ.)
- •1)Фома Аквинскийдің теологиялық философиясы
- •2)Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары
- •3)Танымның сезимдік және рационалды формалары
- •1)Әл-Кинди философиясы
- •2)Асан Қайғының дүниетанымы
- •3)Танымның жалпы логикалық тәсілдері:анализ және синтез,дедукция
- •23 Билет
- •2. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.
- •26 Билет
- •1)Николай Кузанскийдің пантеизімі
- •2)Ж.Баласағұн дүниетанымы
- •3)Мәдиниет ұғымы
- •2)Бөкейхановтың саяси философиялық қозқарасы
- •3)Адам,индивид, тұлға ұғымдары.
- •29 Билет
- •30 Билет
- •1, Жаңа Заман философиясы
- •3, Терроризм
1.Билет
1. ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС: а. ҰҒЫМЫ: Адам мен әлем туралы жалпы ұғымдардын жиынтығы. Б. НЕГІЗГІ СФЕРАЛАРЫ: Дүниені түсіну(рациональды, интеллектуалды-танымдық сфера); Дүниені түйсіну(сезімдік, эмоциональды-психологиялық сфера). в. НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ: Білім, Құндылықтар мен бағалар, Идеалдар мен нормалар, Ұстанымдар. Дүниеге көзқарастың түрлері: Мифология - дүниені қиял-ғажайып бейнелу, Дін – дүниенің және адамның жаратылысына деген сенімге негізделген көзқарас, Философия – дүниені рационалды тануға бағыталған, ғылыми-теоретикалық таным. ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ: Онтология- болмыс ұғымын, мәні, болмыстың түрлерін, ерекшеліктерін. Диалектика- даму ұғымын, даму заңдылықтары мен категорияларын. Гносеология (эпистемология)- таным табиғаты және оның мүмкіндіктері мен шекарасын, білімнің шынайылыққа қатынасын, танымның жалпы алғышарттарын, танымның дәйектілігі мен ақиқаттылығын зерделейтін философия бөлімі. Әлеуметтік философия- қоғам және адам өмірінің негізгі салаларын. Антропология- адам және оның табиғаты мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін. Аксиология- құндылықтардыі табғаты мен мәнін. Этика- адамгершілік , мораль ұғымы мен заңдарын. Логика- ойлау заңдылықтарын. Эстетика- әсемдік заңдылықтары мен канондарын. Герменевтика-мән, мағына түсіндіреді.
2. Фрэнсис Бэкон (1561-1626 жж.). «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида». - ғылыми білімнің міндеті, адамзат ұрпағына пайда алып келу. Барлық ғылымдардың ортақ мақсаты – адамның табиғатқа билігін одан әрі нығайта түсу. «Білім - күш» Жаңа ғылымның практикалық мәні мен бағытылығы айқындалған. Ғылым – бұл құрал, өзіне өзі мақсат емес, оның мақсаты табиғи құбылыстардың себептілік байланысын ашу, өйткені бұл құбылыстарды адамзат игілігі үшін пайдалану мақсатында қажет.
- Адам табиғатқа үстемдік жүргізу үшін, ғылыми танымның әдістерін өзгерту қажет. Барлық таным, барлық жаңалық тәжірбиеге сүйенуі қажет. Ол тәжірбиенің екі түрін көрсетті: 1) «жемісті» тәжірибе, оның мақсаты – адамға қажетті пайданы көздеу, 2) «сәулелі» тәжірибе, ол тек заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын ғана танумен шектеледі.
- Ғылыми дәстүрді қалпына келтірудің логикалық негіз ретінде индукция теориясын алды. Индукцияның алғышартын тәжірбиені аналитикалық тұрғыдан ұғыну құрайды.
- Ғылыми дәстүрді қалпына келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден тазарту керек деп тұжырымдады. Осыған байланысты ол таным жолына кедергі келтіретін – төрт түрлі «елестер» (қате бейнелер) немесе себептерді көрсетті. Олар: «тектік елестері» (адам табиғатына тән ой қабілеттерінен), «үңгір елестері» (ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдар тобына тән қателіктерден туады), «алаң елестері» (түсіндіру барысында тілдің шикілігі мен дәлелсіздігінен сөздер арқылы кеткен қателіктер) және «театр елестері» (ақылды қате көзқарастарға тәуелді етіп, бөтен біреулердің пікіріне сын көзбен қарамай қабылдау немесе тарихи қалыптасқан философиялық қағидалардың шеңберінен шыға алмай, адасу). Жалған көзқарасты жойған соң шынайы әдістің негізінде жаңа ғылым жасауға болады. Бэкон бойынша, ғылым тәжірбие фактілерінің ұтымды түрде өңделіп, пысықталуы болуы тиіс, яғни оның тұжырымдарының индукция арқылы жинаған ұғымдарға негізделген қағидалар болды.
Бэконның философияны дамытудағы маңызды үлесі:
жаңа ғылыми дәстүрді қалпына келтіріп, өткен кезеңнің философиялық ілімдеріне баға берді;
табиғатқа материалистік түсініктерін қалыптастырды, материяға – бөлшектердің жиынтығы, табиғат – денелердің жиынтығы ретінде қарауды ұсынды;
қозғалысқа материяның ажырамас бөлігі ретінде қарап, механикалық қозғалыспен шектеліп қалмай, қозғалыстың 19 түрін тапқан;
Англиядағы алғашқы капиталистік қор жинау дәуірінде ғылымға қойылған талаптарды , жаңа қажетіліктерді көрсетті.