Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_UMKD_TTMPNP_kaz_09_02.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
536.06 Кб
Скачать

3. Дәріс сабақтарының конспектісі

Дәріс №1. Кіріспе. Қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістерінің классификациясы.

Дәріс мақсаты: Қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістерінің классификациясымен, мұнайбергіштіктің негізгі түсініктерімен, яғни мұнайбергіштік коэффициенті, ығыстыру коэффициенті, суландыру коэффициенті, ауқымды ығыстыру коэффициенті туралы таныстыру.

Дәріс жоспары: Мұнайбергіштіктің негізгі түсініктері. Кен орнына әсер ету әдістері. Қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістерінің (МАӘ) қазіргі заманғы классификациясы. Гидродинамикалық МАӘ. Үшінші әдістер немесе мұнайбергіштігін арттыру әдістері. Төртінші МАӘ (қалдық мұнайды шығару).

Қазіргі уақытта мұнай мен газды өндіру көлемдері айтарлықтай артты және күрделі геологиялық-физикалық жағдайдағы кен орындарын игеру енгізілуде.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, мұнайбергіштік коэффициентінің орташа шамасы ТМД бойынша 0,37-0,4, ал АҚШ-та - 0,33 (Торри мәліметтері бойынша) құрап отыр. М.Макеттің пікірінше қабаттардың мұнайбергіштігін арттырудың қазіргі заманғы әдістері арқылы шығарыла алатын мұнай көлемі қабатта қалған мұнайдың 1/3 көлемін құрайды. Демек, жұқарған қабаттардағы мұнай қалдығының қоры мол. Олар мұнай өндіру өнеркәсібінің үлкен қоры болып табылады. Орташа қоры бар қабаттардың мұнайбергіштік коэффициентін 0,7-08-ге дейін арттыру жаңа ірі кен орындарының ашылуымен пара-пар.

Соның өзінде мұнайды сумен ығыстыру кезінде мұнайдың айтарлықтай бөлігі қабаттан шығарылмай қалады. Дәстүрлі суландыру кезіндегі төмен мұнайбергіштік сулы-мұнайлы жүйенің гидродинамикасының ерекшеліктеріне байланысты.

Қабаттардың мұнайбергіштігін арттырудың қазіргі заманғы әдістері үш категорияға бөлінеді:

  1. қабатқа химиялық ерітінділерді айдау;

  2. мұнаймен араласатын сұйықтық пен газды айдау;

  3. жылу арқылы әсер ету әдістері.

Осы категориялар шегінде экономикалық тұрғыдан тиімді болып алты технология табылады: ПАВ, полимер ерітінділерін қосу; қабатқа көмірқышқыл газды айдау; қызған буды жіберу және қабат флюидтерін қыздыру.

Мұнайбергіштіктің негізгі түсініктері. Кен орнына әсер ету әдістері.

Мұнайбергіштік коэффициенті (Кни) – бұл игеруден бастап t уақыты ішінде кен орнынан немесе оның бөлігінен өндірілген мұнай көлемінің (Qt) кен орнының баланстық қорына (Qб) қатынасы.

Кни = Qt / Qб (1)

Мұнайбергіштік коэффициенті ағымды және соңғы болады.

Qн = Qб / Кни (2)

мұндағы Qн – мұнайдың шығарылатын қоры.

Ағымды мұнайбергіштік коэффициенті белгілі мерзімдегі кен орнының баланстық қорын өндіру дәрежесін сипаттайды.

Соңғы мұнайбергіштік коэффициенті игерудің аяқталу кезіндегі кен орнының баланстық қорын өндіру дәрежесін сипаттайды.

Мұнайбергіштік коэффициенті ығыстыру коэффициентінің (Кв), суландыру коэффициентінің (Кз) және ауқымдылық коэффициентінің (Кох) көбейтіндісі болып есептеледі.

Кни = Кв · Кз · Кох (3)

Ығыстыру коэффициенті (Кв) – жұмыс агенті енген коллектордың бос кеңістігі көлемін ұзақ жуу кезінде ығыстырылған мұнай мөлшерінің осы көлемдегі бастапқы мұнай мөлшеріне қатынасы.

Сулану коэффициенті (Кз) – айдалған су енгізілген бос кеңістіктің жуылған көлемінен ығыстырылған мұнай мөлшерінің толық жуу кезіндегі (ұңғылар таза су бере бастағанда) бос кеңістіктің сол көлемінен ығыстырылған мөлшеріне қатынасы.

Қабатқа әсер ету арқылы ауқымдылық коэффициенті (Кох) – мұнайды ығыстырған процеспен ауқымдалған коллекторлар көлемінің жиынтығының мұнайы бар коллекторлардың жалпы көлеміне қатынасы.

Ығыстыру арқылы ауқымдылық коэффициенті (Кох) – ығыстырушы агенттің әсерімен қатысатын эксплуатациялық объектінің (Vох) кен орнының тиімді бөлігі көлемінің жалпы тиімді кен орнының көлеміне (Vобщ) қатынасы.

Кохв = Vохв / Vобщ (4)

Ығыстыру арқылы ауқымдылық коэффициенті мұнайбергіштік коэффициентін болжау үшін қолданылатын формулаға кіреді. Оның мәнінің соңғы мұнайбергіштікке және мұнай өндіру қарқынына әсері зор. Ауқымдылық коэффициенті жуандығы мен ауданы бойынша ажыратылады.

Қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістерінің қазіргі заманғы классификациясы.

Қабаттың мұнайбергіштігін арттырудың қазіргі заманғы әдістерін екінші, үшінші, төртінші деп ажыратуға болады.

Мұнай кен орындары табиғи жағдайларда игеріле алады. Кен орнының табиғи режимі деп қабаттағы мұнай немесе газды өндіруші ұңғылардың түбіне орын ауыстыруын қамтамасыз ететін табиғи күштердің жиынтығын айтады. Табиғи жағдайда кен орнын игеру – бұл бірінші әдістер, бірақ қазіргі кезде, әдетте, бұл термин қолданылмайды.

Екінші әдістер қабат қысымын жасанды ұстауды пайдалану арқылы игеру жүйелері болып табылады. Екінші әдістер тәжірибе жүзінде дәстүрлі және қазіргі заманғы болып бөлінеді. Дәстүрлі деп стационарлық суландыру әдістерін айтады. Қазіргі заманғы әдістер гидродинамикалық болып табылады. Енді осы әдістердің классификациясын қарастырамыз.

Гидродинамикалық МАӘ.

1.1Қабаттағы фильтрациялық ағымдар бағытының өзгеруімен стационарлық емес (циклдық) суландыру.

1.2 Мұнай-газ кен орнындағы кедергілік суландыру.

1.3 Баспалдақты-термальдық суландыру

1.4 Сұйықтықты форсирлік іріктеу.

1.5 Дренирленбейтін қорларды енгізу. Ол келесілер есебінен жүзеге асады:

1.5.1. Қабатқа дербес әсер ету, қосымша ұңғыларды бұрғылау және қабаттарды игеру кезінде суланып кеткендерін шеттету арқылы эксплуатациялық объектілерді тарату.

1.5.2.Ұңғы қоры торын оптимизациялау.

1.6.Геологиялық-физикалық әдістер. Олар мына түрде жүзеге асады:

1.6.1. Әлсіз өтімді және сазды терригендік коллекторларды өңдеудің кешенді технологиясы.

1.6.2.Терригендік коллекторларда жоғары тұтқырлықты мұнай кен орындарын игерудің кешенді технологиясы.

1.6.3.Карбонатты коллекторларда кен орындарын игерудің кешенді технологиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]