Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полный ответ по веб сервис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
324.24 Кб
Скачать
    • 12) Туынды кластар.Қөріну және қолдану түрлері

Кластар.

Барлық тілдерде стандартты типтер бар, мысалы int.

Кластар объектілер қандай берілгендер мен функциялардан тұратындығын анықтайтын форма болып табылады. Класты жариялау барысында ешқандай объект құрылмайды, мысалы int типі int айнымалының бар екендігін білдермейтін сияқты. Яғни класс өзара ұқсас объектілер жиынтығын сипаттау үшін қажет ұғым.

Класқа тиісті объекті кластың экземпляры деп аталады.

  • Мұрагерлік.

Класс ұғымы мұрагерлік ұғымына алып келеді.

С++ тілінде басқа кластарды анықтайтын класты негізгі класс деп атайды. Қалған кластар, оның қасиеттерін мұрагерлікке алады да, өздерінің қосымша басқа қасиеттерін қабылдайды. Оарды туынды класстар деп атайды. Құрылған класс басқа программаларда да қолданылуы үмкін. Бұл қасиет класс кодын қайталап қолдануға мүмкіндік береді.

  • Полиморфизм және асыра жүктеу.

Операциялар мен функциялардың олардың қолданып тұрған шамалардың типтеріне байланысты әр түрлі қызметтерді атқаруы полиморфизм деп аталады. Егер, мысалы, +, = операцияларын басқа жаңа типті операндалармен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен қматамасыз етсек, онда бұл операцияларды асыра жүктелген операциялар деп атайды.

Айнымалы өз типіне қандай қатынаста болса, объект те өз класына сондай қатынаста.

Класс анықтамасы class қызметші сөзінен басталып, класс есімі жазылады.

Құрылым сияқты, класс денесі фигуралық жақшаға алынып, «нүктелі үтір» белгісімен аяқталады.

ОБП –дың негізгі ерекшелігі берілгендерді жасыра алуы.

Бұл терминнің мағынасы мынада: берілгендер класс ішінде орналасқан және кластан тыс орналасқан функциялардың санкциясыз қолданылуынан қорғалған. Егер кейбір берілгендерді қорғау керек болса, онда оларды private қызметші сөзі бар класс бөлігінде орналастыру керек. Мұндай берілгендер тек класс ішінде ғана қолданылады. Public қызметші сөзімен сипатталушы берілгендер кластан тыс та қолданылады.

Класс құрамына кіретін функциялар класс әдістері болып табылады.

Класс ішіндегі берілгендер мүшелер немесе класс өрістері деп аталады.

Класс ішінде класс әдісінің анықталуы міндетті емес.

Әрбір объектінің өзінің тәуелсіз берілгендер өрісі болады. Бір кластың барлық объектілері бір әдісті қолданады.

Класты құру кезінде класс әдісі құрылады және бір-ақ рет компьютер жадысына орналастырылады. Әрбір объектінің өз мәндер жинағы бодады, объектілер өрістері жалпы боламуы керек. Объектілерді құруда әрбір берілгендер жинағы жадыдан белгілі бір бос орын алады.

Егер кластың берілгендер өрісі static қызметші сөзімен сипатталса, онда бұл өрістің мәні сол кластың барлық объектілері үшін бірдей болады. Кластың статикалық берілгендері барлық объектілер қандай да бірдей мәндерді бірлесе қолданғанда пайдалы.

Статикалық өріс өз мінездемесі бойынша статикалық айнымалыға ұқсас: ол класс ішіде ғана көрінеді, ал оның өмірінің уақыты программаның өмір сүру уақытымен сәйкес келеді. Бірде бір класс объектісі болмаса да, статикалық айнымалысынан өзгешелігі – кластың статикалық өріс бар болады.

Кластың статикалық айнымалысын қолдану мысалын қарастырайық.

Берілген мезетте әр объекті өзі сияқты жадыда қанша объект бар екендігін білу қажет болсын. Бұл жағдайда класқа count есімді статикалық айнымалыны енгізіеміз. count айнымалысын барлық объектілір көре алады және олардың бәрі бірдей мәнді көреді.