
- •1)Java тілінің негізгі ерекшеліктері және қарапайым түрлері.
- •2) Java тіліндегі программа құрылымы. Меншіктеу операторы.
- •3)Java тіліндегі күрделі түрлер
- •4) Тармақталу операторлары:
- •5) Таңдау операторы
- •6) Қайталану операторы
- •Do while
- •7) Класс құру.Класс конструкторы
- •8) Класс әдістері. Әдістерді қайталап анықтау.
- •Ключевое слово final
- •Класс final
- •Метод final
- •10) Бір өлшемді массивтер
- •Var «Массив атауы»:array[x1]of x2;
- •Var х, ү: array [1..5] of Byte;
- •Массив элементтерін ендіру және шығару
- •Көп өлшемді массив
- •11)Массивтердің анықталу жолдары. Массив индекстері.
- •12) Туынды кластар.Қөріну және қолдану түрлері
- •13)Абстракт класс
- •15) Tomcat Web сервирі
- •16. Web программасының құрылымы
- •17. Сервлеттердің құрылымы
- •18. Сервлет әдістері
- •19. Web.Xml файлы
- •20. Создание jsp страниц в Java
- •21. Mysql деректер қорын басқару жүйесінің жұмыс ортасын қолдану
- •22. Jdbc драйверлерін қолдану
- •23. Sql командаларын орындау
- •24. JavaBeans құрылымының қолданылуы
- •26. Wsdl: Web сервистерді сипаттау.
- •27. Apache Axis2 пакеті
- •29.Soap хаттамасы
1)Java тілінің негізгі ерекшеліктері және қарапайым түрлері.
Java - дағы бағдарламалар, байттық кодты өндейтін және жабдықтамаға нұсқамаларды беретін интерпретатор болып табылатын (JVM) Java виртуалды машинасында орындалатын байт-кодқа трансляцияланады.
Бағдарламалау - қандай да бір тілде код құру процесі, бұл код арнайы бағдарлама - транслятор арқылы файлға өзгертіледі. Транслятордың екі типі бар: компилятор және интерпретатор. Компилятор код тілінде жазылған мәтінді файлға аударады. Ал интерпретатор код тілінде жазылған мәтінді машиналық кодқа ауыстырады да оның орындалуын қамтамасыз етеді. Java - компиляциалайтын тіл болып табылады. Javaда бағдарламалаудың жақсы жақтарының негізгісін айта кетсек, кодың ауысу ерекшелігі:
Java тіліндегі КОД –→(арнайы бағдарлама - транслятор)–→БАЙТТЫҚ КОД –→ (JVM – Java Virtual Mashine) –→МАШИНАЛЫҚ КОД , сондықтан бұл тілде жазылған бағдарлама кез келген жүйелі кез келген компьютерда жұмыс істей алады, тек ол компьютерда JVM орнатылған болу керек. Осыдан Javaда жазылған бағдарламалардың жақсы қасиеті - әр түрлі компьютерларда жұмыс істей алу қабілеттілігі туады.
Қарапайым түрлері!
Тип |
Размер (бит) битах |
Минимальное значение |
Максимальное значение |
byte |
8 |
-128 |
127 |
short |
16 |
-32768 |
32767 |
int |
32 |
-2147483648 |
2147483647 |
long |
64 |
-922372036854775808 |
922372036854775807 |
char |
16 |
0 |
65536 |
2) Java тіліндегі программа құрылымы. Меншіктеу операторы.
Java тіліндегі программа құрылымы. Java тіліндегі программа – идентификаторлар, негізгі сөзден (ключевые слова), тұрақтылар (константа), бөлгіш, операция символдары және түсіндірмеден тұратын мәтін.
Түсіндірме (комментарий). Java тіліндегі түсіндірме 1 немесе көп жолды болуы мүмкін. 1 жолды түсіндірме // символымен басталады, бұл символ жолдың соңына дейін күшін жоғалтпайды. Көп жолды түсініктеме /* */ арасын қамтиды.
Негізгі сөздер (зарезервированные слова, ключевые слова). Бұл сөздер Java тілінде негізгі сөдер болып есептеледі, оларды идентификаторлар ретінде қолдана алмаймыз. Олар: abstract, boolean, break, byte, case, catch, char, class, const, continue, default, do, double, else, extends, final, finally, float, for, goto, if, implements, import, instance of, int, interface, long, native, new, package, private, protected, public, return, short, static, super, switch, synchronized, this, throw, throws, transient, try, void, volatile, while. Java тілінде const және goto қолданылмайды, бірақ негізгі сөздерге жатады.
Идентификаторлар. Java тілінде идентификаторлар - айнымалылар, класстар және әдістер ретінде қолданылады. Олар латын әріптерінен, "$" (доллар белгісінен) және "_" (подчеркивание) бастала алады.
Тұрақтылар (константы). Тұрақтылар Java тілінде тұрақты мәндер беру үшін қолданылады. Тұрақтылардығ түрлері:
- null тұрақтысы нөлдік типі;
- логикалық тұрақтылар true және false, типі boolean;
- символдық тұрақтылар, типі char;
- жолдық тұрақтылар, типі String;
- бүтін тұрақтылар, типі int және long;
- құбылмалы тұрақтылар, типі float және double.
Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы айнымалылар немесе мәндерге жаңа мән береді. Қарапайым меншіктеуде "=" белгісін қолданады ("*="; "+="). Қолданылуы:
Мысалы:
byte x=2;
x+=3;
Толығырақ:
byte x=2;
x=(byte)(x+3);