Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гомеопатия 5 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Минералды заттар мен химиялық қосылыстардан дәрілер дайындау

Сулы немесе спиртті ерітінділер және тритурациялар (ұнтақтық сұйылтулар) минералды заттар мен химиялық қосылыстардан, төменде көрсетілген ережелер бойынша дайындалады:

§ 5

Сулы ерітінділер

Сулы ерітінділер § 5 бойынша дайындалады, оның ішінде:

§ 5а бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі дистилденген судың 9 салмақтық бөлігінде ерітіледі. Соңынан ерітінді сүзіледі.

§ 5а бойынша дайындалған ерітінді бірінші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

§ 5а бойынша дайындалған ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1 : 10.

§ 5б бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі дистилденген судың 99 салмақтық бөлігінде ерітіледі. Соңынан ерітінді сүзіледі.

Дайындалған ерітінді бірінші жүздік сұйылтуға сәйкес келеді.

§ 5б бойынша дайындалған ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1 : 100

§ 5 бойынша қышқылдар ерітінділерін дайындау. § 5 бойынша қышқылдар ерітінділерін дайындау кезінде қолданылатын таза қышқылдың сипаттамасында келтірілген тығыздығы және % мөлшері есепке алынып дайындалады.

§ 6

Спиртті ерітінділер Спиртте жақсы еритін дәрілік заттардан ерітінді дайындау.

Спиртті ерітінділер дайындау үшін, шикізаттың ерігіштігіне байланысты 90° – 60° - 45° спирт пайдаланылады.

§ 6а бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі алынып спирттің 9 салмақтық бөлігінде ерітіледі; ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1 : 10 (бірінші ондық сұйылту).

§ 6б бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі спирттәң 99 салмақтық бөлігінде ерітіледі, яғни ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1 : 100 (бірінші жүздік сұйылту).

Қолданылатын спирт концентрациясы әрбір дара дәрілік заттың сипаттамасында көрсетіледі.

§ 7

Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау

Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар дайындау үшін дәрілік заттың белгілі мөлшерін алып фарфорлы келіде сүт қантымен ысқыланады. (Металдан істелінген келілерді пайдалануға болмайды.)

Ұнтақтарды құрғақ заттардан ысқылап дайындау, ол тек дәрілік затты сүт қантымен араластыру емес, ол бұл қоспаны мұқият ысқылап ұнтақтау арқылы өте ұсақ бөлшектер алу екенін есте ұстау керек. Осыған байланысты ұнтақты ысқылау мерзімі 1 сағаттан кем болмауы керек.

Бұл тұжырымның дұрыстығына келесі мысал көз жеткізеді: егер Купрум металликумның 1-ші ондық ысқыланған ұнтағын дайындау кезінде әр 10 минут сайын микроскоппен Купрум сынағын тексеріп, бөлшектердің өлшемін анықтаса, құралсыз, жай көзге біркелкі көрінгенімен, шамамен тек 1 сағаттан кейін ғана гомогенді көрініс шығады. Бұл үрдістен ауытқу әрбір жағдайда ескертіліп отырады.

Ысқыланған ұнтақтар дайындау кезінде кейбір ірі бөлшектер ұнтаққа түсіп кетпеу үшін ысқылау мен келі бетінен ұнтақты қырып отыру өте мұқият орындалуы керек.

Гигроскопиялы заттарды ысқылау тек қыздырылған келіде орындалуы керек.

Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар төменде келтірілген үрдіс бойынша дайындалады.

Жүздік шкала бойынша 0,1 г дәрілік зат 9,9 г сүт қантымен, ал ондық шкала бойынша 1 г дәрілік зат 9 г сүт қантымен ысқыланады. Бірақ сүт қанты тең 3 көлемге бөлініп, 1 –ші көлемі фарфорлы келіге көшіріледі және келі бетінің кездойсақ қуыстарын бітеу мақсатында бірнеше рет араластырылады, содан кейін дәрілік затты қосып, күш сала отырып, 6 минут бойына ысқылайды, 4 минут бойына ұнтақты келі бетінен қырып араластырады, тағы 6 минут ысқылайды, 4 минут қырады. Содан кейін сүт қантының екінші көлемін келідегі ұнтаққа қосып 6 минут ысқылай, 4 минут қырады, осы үрдіс тағы бір рет қайталанады. Ең соңында сүт қантының қалған көлемі салынып, жоғарыдағы келтірілген үрдістер қайталанады. Сонымен 10 г ысқыланған ұнтақ дайындауға 1 сағат жұмыс уқыты кетеді.

Осы әдіспен 1 г жүздік ысқыланған ұнтақты немесе 1 г ондық ысқыланған ұнтақты қайталап 99 г немесе 9 г сүт қантымен 2-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылту алынады.

Ш БӨЛІМ