Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гомеопатия 5 курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Эссенциялар мен тинктуралар дайындау әдістері

Сығылған шырынның мөлшеріне тең 90° этил спиртін қосу арқылы дайындалған эссенциялар.

Дәрілік зат мөлшері 1/2.

Шайыр, эфир майлары немесе камфора қосылыстары жоқ ұсақталған және сығылған өсімдіктерден шырын 60 % не одан жоғары болған жағдайда эссенция дайындауға раналған өсімдік § 1 бойынша өңделеді, яғни сығылып алынған шырын өзіне тең мөлшердегі 90° этил спиртімен араластырылады.

Демек, § 1 бойынша дайындалған эссенцияда дәрілік зат мөлшері 1/2.

Осындай эссенция дайындау үшін, ұсақталынып ботқаға айналдырылған өсімдік немесе оның бөлшектері мұқият пресспен сығылады. Алынған шырын 90° этил спиртінің тең салмақтық бөлімімен араластырылады, екпінді шайқалтылады және тұндырылу үшін қалдырылады. 8 тәуліктен кейін сүзіп алады.

§ 1 Бойынша дайындалған эссенция өте мөлдір болу керек.

§ 1 Бойынша дайындалған эссенцияны пайдаланып спиртті тұрынды дайындау. Бұл мақсатта эссенцияның 2 бөлшегіне 8 бөлшек 45° этил спиртін алып араластырады.

Дайындалған тинктура бірінші оныншы сұйылтуға сәйкес (тқмен қараңыз).

§ 2

Есептелінген шырын мөлшерімен және 90 % этил спиртінің тең салмақтық бөлімінен дайындалған эссенциялар

Дәрілік зат мөлшері 1/2.

Егер өсімдік құрамында шайыр, эфир майлары немесе камфора қосылыстары жоқ болған жағдайда және сығылған өсімдіктерден шырын 60 % кем берілсе, онда алдымен өсімдік бөлетін шырын мөлшерін, төменде көрсетілген формула бойынша есептеп алу керек.

Шырын мөлшерін анықтаумен қатар, ұсақталынған өсімдік немесе оның бөлшегі өлшенеді. Анықталған массаның ½ бөліміне тең 90° этил спиртінің мөлшерімен барлық ұсақталынған өсімдік бөлшектерін қою ботқа қалпына айналғанша малшындырып қатты ысқылап жаныштайды.

Шырын мөлшері есептелінгеннен кейін, жаншылған материалға 90° этил спиртін шырын салмағына теңескенше қосады.

Осыдан кейін дайындалған масса мұқият араластырылады, 8-14 күн бойына мацерациялануы үшін қалдырылады. Ары қарай масса жақсы жабылатын сауытқа сығылады және сығынды салқын жерде 8 күн бойы тұндырылып сүзіледі.

Сонымен 2 параграф бойынша дайындалған эссенцияда дәрілік зат мөлшері ½.

2 параграф бойынша дайындалған эссенциядан спиртті тұрынды (тинктура) дайындау. Бұл мақсатта эссенцияның 2 бөлшегі және 8 бөлшек 45° этил спиртін алып араластырады.

Дайындалған тинктура бірінші оныншы сұйылтуға сәйкес.

§ 3

Есептелінген шырын мөлшерінің 1 салмақтық бөлігімен және 90 % этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалған эссенциялар

Дәрілік зат мөлшері 1/3

Егер өсімдікте шырын мөлшері 60 % -дан аз және ол шайыр, майлар және камфора қосылыстарынан тұрса, онда эссенция § 3 бойынша дайындалады.

§ 3 Бойынша эссенциялар есептелінген шырынның 1 салмақтық бөлігімен 90° этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалады.

Өсімдікте шырын мөлшерін анықтаумен қатар, ұсақталынған өсімдік немесе оның бөлшегі өлшенеді. Анықталған массаның ½ бөліміне тең 90° этил спиртінің мөлшерімен барлық ұсақталынған өсімдік бөлшектерін қою ботқа қалпына айналғанша малшындырады.

Өсімдіктегі шырын мөлшерін анықтағаннан кейін, оған 90° этил спиртін шырынның 2 есе массасына тең болғанынша қосады.

Осыдан кейін дайындалған масса мұқият араластырылады, 8-14 күн бойына мацерациялануы үшін қалдырылады. Осыдан кейін масса сығындалады және масса пресспен сығылады. Сұйықтар біріктіріліп салқын жерде 8 күнге тұндырылады, сүзіледі. Сүзілген эссенция мөлдір болуы керек.

Сонымен 3 параграф бойынша дайындалған эссенцияда дәрілік зат мөлшері 1/3.

3 параграф бойынша дайындалған эссенциядан спиртті тұрынды (тинктура) дайындау. Бұл мақсатта эссенцияның 3 бөлшегі және бөлшек 60° этил спиртін алып араластырады.

Дайындалған тинктура бірінші оныншы сұйылтуға сәйкес.